Білім беру саласы: Таным.
Білім Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Пойыз.
Мақсаты:
1) Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету;
2 )олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып пойыз құрастыра білуге текшені, кірпішті бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
3 )Қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдары және үлгі суреттер, кішкентай ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ойын.
Сөздік жұмыс: Пойыз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациалық- қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Педагог балаларға “Пойыз” қимылды ойынын ойнатады. Педагог балаларға үлгі суретті көрсетіп, бүгін осындай пойызды жасайтындарын айтады.
Пойыз жасауға қажетті текшелердің түстерін таңдайды. Ең астындағы бөлігіне көк түсті екі кірпішті жалпағынан қойып алады. Оның алдыңғы бөлігіне үш түсті текшелерді әр бала өздері таңдай отырып “паровоз” жасайды. Бірнеше текшені кірпіштердің үстіне тізіп қою арқылы оның вагондарын жасайды. Вагондардың үстіне ұсақ ойыншықтарды қойып ойнауға бағыт береді.
Пойыздың дұрыс орналасуын, кңрпңштердің түр-түсін, пішінін сұрай отырып, кімнің құрылысы ең жақсы болғанын атап өтеді.
|
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар пойыз жасауға қажетті заттарды алады. Олар текшелерді, кірпіштерді тізіп орналастырады, кірпіштердің үстіне әртүрлі түстегі текшелерді қойып пойыз құрастырады. Балалар жасаған пойыздарының үстіне ойыншықтар қойып ойнайды.
Балалар өздері жасаған пойызды көрсетіп, не жасағандарын айтып береді.
|
|
Күтілетін нәтиже:
- Пойыз құрылыс материалдарынан құрастыруды және түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды біледі;
- текшелерді тізіп қоюды, тігінен қоюды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игереді;
- құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгереді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі