Өлең, жыр, ақындар

"Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жеісті"

-Құрметті әріптестер! Бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбы

« Көңілі  көтеріңкі  ұстаздың  еңбегі де жемісті».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық.. Бірақ , осы байлықты  жақсылыққа  ғана  емес, жамандыққа да  қолданатынымыз  жасырын  емес. Кейде  «Аңдамай  сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы  сөз  бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман  сөз  жаныңа мұң, құйып, қабырғаларыңды  бір-бірлеп  сөгеді» деген  демек сөзден қорқыңыздар, оны  абайлап  орнымен  пайдалану  керек, ғалымдардың  зерттеуінше, былапыт жаман сөздер хромосомдарды  өлтіріп, сол  сөз  иесіне  сәтсіздік, жаманшылық, ауру  шақыратынын  анықтаған. Өздеріңізге  белгілі, ұстаз  мамандығы  басқа  мамандықтарға  қарағанда  стресстік  жағдайларға   жиі  душар  болатындығы  белгілі.Ал  ұстаз  өзінің  профессионалдың  ұстанымын  жоғалтпай, әрдайым  көңіл-күйін  көтеріп  ұстау  қажет.

 Тренингтің құрылымы

  1. Танысу жаттығуы(Шаттық шеңбері)
  2. “Түрлі түсті шарлар” аяқталмаған сөйлем
  3. Бес минут жаттығуы
  4. «Үй салыңыз» жаттығуы
  5. Құбыр жаттығуы
  6.  Жасырын хат
  7. Релаксациялық  жаттығу:әуенді терапия «Менің жан-дүниемнің гүл бағы»

Қорытындылау

Шаттық шеңбері

Барлық қатысушыларға  гүл салдырып, шеңберге шақырамыз.

Әр бір қатысушы өздерін таныстырып, өзін кімге және неге теңейтінін

анықтау. Жасаған гүлдерін айналдыра отыра бірінен соң біріне табыстау. 5 минут

 

“Түрлі  түсті  шарлар» -  аяқталмаған  сөйлемдер.

Бір  айдың  ішінде  егерде  сізді  қуантқан нәрселер көбірек  болса  жасыл  шарды  алып «Жұмыста  соңғы  кезде мені  қуантқан»... деген  сөйлемді  аяқтау  керек, ал  егерде  ренжіген  сәттеріміз  басым  болса ,

« Жұмыста  соңғы  кезде  мені  ренжіткен...»  қызыл  шарды   алып  осы  сөйлемді  аяқтау  керек. 3минут

 

«Үй,жол,жылан,бокал,шалбар және орамал салыңыз» тесті

   Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз. Уақыты: 5минут

  Үй- адамныңөзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл мұғлаімнің өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

   Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл мұғалім- қарым-қатынасқа ашық адам.

    Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол- адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде  араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

   Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан- «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретіңіздің айғағы.

  Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

  Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз

Бокал- адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке  немқұрайлы болғаны.

 Шалбар мен орамал- ер адам мен әйелдердің жәрежесін көрсетеді.

    Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

“Құбыр” жаттығуы

Мақсаты:  Құбыр жасау арқылы, ұжымның ауыз біршілігін, ұжымшылдығын,

бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Ұжымда қандай да бір кездескен қиын

кедергілерден топтаса бірігіп жеңуді қалыптастыру.

Қажетті құралдар: А4 парақ, шарик. 3минут

Жасырын хат

Қазір  әрқайсыларыңыз хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет.Әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің аты - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылған қолыңызда парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек? Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне  деген  эмоциялы жақсы қасиеттермен алмасады. 5 минут

               Талқылау:

1.Өзіңнің ,басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың?

2.     Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай?

 Ойын соңында психолог бұл парақты сақтап, өмірдің қиын кезеңінде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз. 

 

Релаксациялық  жаттығу   «Менің жан-дүниемнің гүл бағы»

(әуен орындалады) 5минут

Мақсаты: әр адамның қайталанбас тұлға екендігін сезінуін қамтамасыз ету .

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және боc ұстаңыздар.Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыз-дар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырға да көркем  де кере-мет суреттер.Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңындасіз  аппақ, әрі жұмсақ  демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз да, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз… басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін… енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, бойыңыздағы сәтсіздікке байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді  тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз. Сіздер көңілді ,қайратты, қажырлысыздар. Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар! Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді  қазір  де, ертең де және одан кейінгі күндерде де үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін… Сіз өзіңіздің басыңызды мықты, ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға  ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын , көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз. Өміріңізге жаңа күштердің
қосылғанын сезінесіз.! Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады! Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан… Ораламыз.

Тамаша… Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтаға-ныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

Талдау, пікір алмасу.

 

 

 

Қорытынды

Жұмысқа байланысты кеңестер: 

1-кеңес. Көмекшілерді іздеңіз. Барлығын өзіңіз атқармаңыз!

         Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім шүбә келтірмесі мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, оқушылар. Бір жағынан әріптестеріңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес каманда болып  жұмыс жасаған ұтымдырақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».

2-кеңес. Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы (собранный) болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз-сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз!

Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер:

1-    кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі  біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда  асығамыз?  Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз!

 

2-    кеңес  Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз:

-12 порция ақылдылық

-11 порция  шыдамдылық

-10 порция батылдық

-9 порция жұмысқа қабілеттік

-8 порция оптимизм

-7 порция өз ісіне берілушілік

-6 порция ойлануды

-5 порция мейірімділік

-4 порция демалыс пен  денсаулық туралы ойды

-3 порция юмор

-2 порция такт

-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз!   

Осы  рецептіні үнемі  пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!

-Қазір шеңбер бойынша жанған май шам жіберіледі. әр адам алақанына май шамды алып, екі-үш сөйлеммен бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен және тілектеріңізді айтып, келесі қатысушыға шамды жалғап отырасыздар!

-Бүгінгі психологиялық сабақтан өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін!

Қатысқандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

       

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз