"Аружан "жекеменшік балабақшасы
Дайындаған: Тәрбиеші Нетбаева Гулнар Жумагуловна
Қалалық ашық оқу іс-әрекеті
Қуыршақ театры
Мақсаты: Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
Міндеттері:
· Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
· Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
· Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
· Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес.
В.А. Сухомлинский
Құрметті әріптестер! Қош келдіңіздер. Қәзір №4 "Ақбота" ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің сіздерге арналған қуыршақ театрын "Алдар көсемен Алтын балық" ертегісін тамашалаңыз.
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қашанда қонағын силаған халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтармен жақсылап амандасып алайық. Ерте, ерте ертеде баяғы өткен заманда бір кедей Алдар деген кісі теңіз жағасында өмір сүріпті. Ол, теңізге балық аулауға барыпты.
Алдар көсе: Ал, бүгін теңізге балық аулауға шықтым, ауға балықтар түсер мекен.
Жүргізуші: Алдар көсенің ауына жай ғана балық емес Алтын балық түсіпті.
Алтын балық: Ей, Алдар сен мені босат мен сенің үш емес бір тілегінді орындаймын.
Алдар көсе: Олай болса мен үйіме барып ойланайын.
Жүргізуші: Алдар үйіне барып ойлануға кетеді, үйіне келіп соқыр анасына болған жағдайды баяндап береді.
Ана: Жан балам алтын балықтан көз сұра.
Жүргізуші: Сөйтіп Алдар көсе алтын балыққа баражатса, алдынан әкесі шығады.
Әкесі: Балам Алтын балықтан, алтын сұра бәрі де алтынмен шешіледі.
Жүргізуші: Әкесінен шығып әрі қарай кетіп бара жатқанда әйеліне жолығады.
Әйелі: Жан-жарым, Алдарым он жыл болды сәбиіміз жоқ, бала сұра балықтан.
Жүргізуші: Алдар жүре келе қулығын пайдаланып қулығын асырады, үш тілектің орнына бір тілекті сұрайды.
Алдар: Алтын балық, Алтын балық
Балық: Ау, Алдар
Алдар: Алтын бесіктегі баламды анам көрсе екен деп тілеймін.
Балық: Жарайды, Алдар тілегіңді орындаймын.
Жүргізуші: Содан Алдар үйіне келсе, анасы алтын бесіктегі баласын тербетіп отыр екен, осылайша отбасы тату тәтті өмір сүріпті.
Осымен, өзіміздің шығармашылығымызбен, ойдан халық ауызекі әдебиетінен алып құрастырған ертегіміз аяқталды. Ертегіміз сіздерге ұнады деген ойдамын.
Ертегі сомдағандар: Алдардың сөзін сөйлеген Ескендір, Әкесінің сөзін сойлеген Мейірбек, Анасының сөзін сөйлеген Асылжан, Әйелінің сөзін сөйлеген Кәусар, Балықтың сөзін сөйлеген Айқын.
Балалар рахмет сіздерге өркендерін өссін, бүгінгі келген қонақтарымызбен қоштасайық!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі