"Аружан" жекеменшік балабақшасы
Дайындаған: Тәрбиеші Сарыева Лаура Аншибаевна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Адал дос"
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, үйретіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма өзара сөйлестіру әдістері қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, хрестоматия, сөздіктер жүрекшелер.
1. Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар: Сәлеметсіздерме.
Тәрбиеші: Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі? Бір аптада неше күн бар? Біз неше күн балабақшаға келеміз? Балабақшада сендер достарыңыз барма? Ескендір айтағой сенін тобымызда досың кім? Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.
2. «Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.
Әңгімелеу
В. Осееваның «Екі дос» әңгімесі.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, осы баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.
3.Ойын. «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
4.Сөйлемдерді аудару, сұрақтарға жауап береу, орысшадан — қазақшаға сөздерді аудару.
Дос-друг
Адал — верный
әдемі — красивый
5. Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.
ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор
6.Сергіту сәті Ойын "Ауа райы"
— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.
Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?
Антонимдер
9. Ойын: «Ренжістік, достастық»
— Балалар, бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойын ойнаймыз.
— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).
10. ПІКІР АЛМАСУ:
— Сендерге татуласу ұнады ма?
— Не сездіңдер? (қуаныш, бақыт)
— Сендерге ренжіскен ұнады ма?
— Не сездіңдер? (уайым, қайғы)
— Бүгін не туралы өттік?
— Тобымыз арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Мен сендерге өте қуаныштымын.
мария
өте жақсы жазыпты