Өлең, жыр, ақындар

Түрлі-түсті әлем, өмірге сән берген

«Текелі қаласы білім бөлімі» ММ
«№4 балабақшасы» МКҚК
«Қарлығаш» орта  тобының  
тәрбиешісі: Журабекова Марина Тагаймурадовна

 

Мақсаты: табиғи заттардан бояулар дайындау жолдарын үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Бояу және оның түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: Бояулар дайындау және оған қосылатын қоспаларды көрсету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғи бояулармен сурет салу және салынған суреттердің айырмашылықтарын салыстыру, ұжымдық жұмыс жасай білуге   тәрбиелеу.

Ұйымдастыру  кезеңі:

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті. Кәне амандасайық.

Үш тілде амандасады.

Шаттық шеңбері:

Қолға қалам аламыз,

Әуеде сурет саламыз.

Ән айтамыз, би билеп.

Күн сәулесін саламыз.

Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Түрлі түсті әлем, өмірге сән берген». Қазір біз сендермен түрлі түсті баққа саяхатқа  барамыз. Қараңдаршы бағымыз қандай әдемі, ағаштар, жасыл шөптер жайқалып тұрған гүлдерді қараңдаршы. Балалар қараңдаршы біздің  бағымызда бірнеше гүлдер ашылмай тұр. Оларды ашу  үшін не істесек екен. Гүлдер жайлы тақпақ айтайық, мүмкін сол кезде ашылар.

Аманай:

Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу сарғалдақ,
Жасыл бояу жайлауым.
Іздеп келер армандап.

 

Арайлым:

Әдемі гүлдер, гүлдер.
Далада өскен гүлдер,
Өседі ұқсап балаға.
Сән береді далаға.

 

Ерасыл:

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.

 

Ерсін:

Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз,
Гүл егеміз бақтарға.
Айналасын қоршаймыз.

Жарайсыңдар балалар міне гүлдерімізде ашылып жатыр.

(Гүлдер ашылады)

Гүлдер: Рахмет балалар сендердің тақпақтарыңды есітіп бізде ашылдық. Бірақ біз сендерге тапсырмалар алып келдік. Тапсырмаларды  орындау үшін, алдымен жұмбақ жасырамыз. Сол жұмбақтың жауабын тапсаңдар, тапсырмалар сол жауапта болады. Мұқият тыңдаңдар.

1. Алма дерсің түсіне қарап,
Жүгері дерсің ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.
Ол не?  (анар)

2. Сырты қызылсары домалақ,
Көрген жан қызығады,
Іші ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады? (Мандарин)

3. Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса,
Ішінде дәндері бақша-бақша,
Кішкентай бейнесіне көз тоймайды қараса.
Ол не? (Қарақат)

4. Пішіні бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап,
Бес ай тәмәм біткенде,
Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)

Жақсы балалар сендер жұмбақты жақсы табады екенсіңдер. Өздерің жұмбақтың жауаптарын айтып кеткендей осы жемістерден бізге бояу   дайындап сурет салып бересіңдер. Біздің тапсырмамыз осы.
Кәне балалар біз гүлдердің тапсырмасын орындап берейік.
Тапсырмаларды орындамас бұрын сергіту жаттығуын жасайық.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Жақсы балалар олай болса екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайық. Бояуды жасауда біз картоп ұнтағын аламыз. Картоп ұнтағы  балалар орыс тілінде крахмал деп айтамыз. Анар мандарин қарақат жемістерін сығып олардан шыққан шырындардан біз бояу ретінде картоп  ұнтағына қосамыз. Шырын деген сөз балалар жемістерден шыққан суды біз шырын деп айтамыз.
Билингвальды компонент:
Шырын-сок-juike
Қарақат-смородина-current
Дайын болған шырындарды картоп ұнтағына қосып араластырамыз.

Міне бояуымызда дайын осы дайын болған бояудан суреттер салайық. Қандай сурет салғыларың келеді.
Гүлдің суретін салады.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс әрекетімізде нелерді үйрендік, не жасадық.
Балалар жауап береді.
Жақсы жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі оқу іс әрекетке өте жақсы қатыстыңдар ал енді қонақтарымызбен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
До свидания!
Goodbay!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз