Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан алынатын өнімдер жөнінде мағлұмат беру. Олардың қазақ ұлттық салт дәстүрін сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту тілін ширату шығармашылық ойлау белсенділігін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік мал бейнеленген суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тіршілікке нәр берген,
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой,
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым,
«Мал жаның аман болсын!» деп,
Айтқан сөзі ат мініп.
Атамыз қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Мінсе - көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонға халқымыздың тұрмыс тіршілігін де осы төрт түлікпен байланысты. Біраз күн бір – бірін көрмей жүріп, кездесе қалса екі кісінің амандық сұрасқанда «Мал – жан аман ба?» деуі
халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек. Мал бағу, оны күтіп, өсіру жөніндегі өмір тәжірбесінің негізінде халқымыз мал терісінен, жүнінен, қылы мен тұяғынан, тіпті сүйегі мен мүйізінен де бұйымдар, киімдер және жиһазы бұйымдарын (туырлық, үзік,түндік,сырмақ,кілем,текемет, алаша т. б) жасады. Бұлар кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жетті. Солардың бірі – киіз үй.
«Мал - баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі – балаға мұра. Олай болса, дастарханда ақ мол болу үшін малды күту, бағу - біздің міндетіміз. Кең даланы малға толтырған біз боламыз.
Ендеше балалар, бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Төрт түлігім» атты тәрбие сағатымызды тіршілігіміздің бастауы әрбір шаңырақтың берекесі болып саналатын төрт түлігімізге арналады.
Төрт түлік туралы не білеміз?
Пайдасы
Өнімі, бұйымы, қасиеті.
Енді «Төлдер айтысы» атты көріністі тамашалаймыз.
Ақбота: Бір күні төрт түлік малдың төлдері жиналып қалады. – Иеміз қайсымызды жақсы көреді деп бірінен-бірі сұрасыпты.
Ақтоты: Мал қадірлісі біз. Адам біздің тәтті шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі біз болғанбыз. Менің жүнімнен неше түрлі киім жасалады.
Құлын- Бота сен орынсыз мақтанасың. Малдан ешқайсысы менен аспайды. Біз майданның да, еңбектіңде тұлпарымыз.Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Қозы- Ием мені жақсы көреді. Адамға мен пайдалымын жылы тондар, жылы киімдер менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бұзау- Сендер осы босқа мақтанасыңдар. Адамға пайдасы мына менмін. Шелек-шелек сүт,қарын-қарын май,құрт ірімшік бәрі менен алынады. Ием мені жақсы көреді.
Лақ- Ием мені жақсы көреді. Менің сүтім,етім өте қажет.
Автор: Ақбота – Төлдер өздерін көп мақтап таласады. Бірінің сөзіне бірі көнбей,ақыры иесіне келіп сұрайды.
Иесі: Сендер босқа таласасыңдар бәріңде пайдалысыңдар. Әрқайсыңыздың өз орындарың бар.
Автор: Төлдер осы сөзге тоқталады да тарайды.
Балалар біз осы төрт түлік туралы қандай мақал – мәтелдер біледі екенбіз ортаға салайық.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын
Тұяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Тұлпар ер қанаты.
Ән: Қошақаным (орындайтын Нұршатық)
Қандай ырым – тыйым сөздер біледі екенбіз.
Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек. Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.
Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
Мал үшем не төртем (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
Малшы мал бағып жүрген таяғын басқа адамға беруге болмайды. Шопанның таяғы киелі болып есептеледі.т.б.
Осындай жомарт қазақ топырағы,
Ол қашанда дастархансыз отырады.
Қонаққа барын беріп, бәрін беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады - дей келе,төрт түліктен алынатын өнімдер жайлы білсек. Ұлттық тағамдар түрлерімен, жасаған бұйымдар көрмесімен танысасыңдар.
1. Ет тағамдары
2. Сүт тағамдары
3. Жүннен, теріден жасалған бұйымдар
4. Киіз, текемет, терме алаша
Ал балалар, сендер көп нәрсені көріп, білдіңдер.
«Кештік өмірің болса, түстік мал жи», «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген ата - бабаларымыз, мал атауының сырын жетік біліп, кең сахараны төрт түлікке толтырған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі