Өлең, жыр, ақындар

Көктем келбеті

Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көктем келбеті».
Мақсаты: Балаланың көктем туралы түсінігін  тиым сөздер, жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын арттыру.
Білімділігі: Көктемгі табиғат ерекшелігі мен өзгерістері туралы білімін кеңейту;
Дамытушылығы: Көктем туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту, көктем мезгілі туралы ойлары дамыту;                              
Тәрбиелігі: Табиғат байлықтарын қорғап, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдеріне, жыл мезгілдерін ажырата білуге, табиғатты аялауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Көктем мезгілін бейнелейтін сурет, ағаш, жапырақ, шөп.

 Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

 

 

 

І.Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу рәсімі  

Күндей жадырап     
Айдай арайлап     
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық  

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

- Жылдың қай мезгілі?                  

Алғашқы көктем айында қандай мерекені атап өттік?

Жарайсыңдар балалар.

 

 

 

Балалар тәрбиешіге амандасып бір-біріне жақсы тілектер айтады.

 

 

 

-Көктем

-Аналар мерекесі

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

ІІ.Негізгі бөлім

Жаңа тақырып:  

Бүгін біз “Көктем келбетімен” танысамыз.
Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

Олар: наурыз, сәуір, мамыр. 

- Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл – бәйшешек шығады. Көктемде табиғат жаңарады, барлық тіршілік иелері оянады. Көктем мезгілінде аналар мейрамымен қоса 22-наурыз Ұлыстың- Ұлы күні яғни жаңа жылымызды тойлаймыз. Көктемде үлкендердің көмегімен үйіміздің ауласында гүл , жеміс-жейдек, көкнеістерді егеміз, ағаштардың түптерін қопсытамыз, құстарға ұя жасаймыз. Сондықтан да үлкендердің көмегін бағалап, құрметтеуге тиіспіз.             

Есігі қағылып, қонаққа Торғай  келеді, амандасады.

Торғай: бір жұмбақтын шешімін таба алмай  көмек сұрай келгенін айтады.

Тәрбиеші: Біз сізге көмектесуге дайынбыз.

Жұмбақ жасыру

Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай – салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы балалар,  
Бұл қай кезде болады? 

сіз бізбен бірге ойын ойнап қайтыңыз. Торғай келіседі.

- Көктемде Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар қайда қонады?    

- Көк шөп қайда өседі?  

- Бұның бәрі қай мезгілде болады

Көктем мезгіліне байланысты мақал- мәтел жаттау.  

Мезгіл жетсе мұз ерір.        Сәуір болмай жауын болмас,

Жауын болмай тәуір болмас.

Сергіту сәті.                    Біз гүлдерше өсеміз,     Жапырағы жайқалған  Сабақтары салалы,           Жерге ырғалып жайқалған 

Тыйым сөздер.  

Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма, құстың ұясын бұзба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торғайды  қуана қарсы алып бірге амадасып Торғайға  көмек көрсететінін айтады.

жұмбақтын шешімі көктем екенін табады.

 

- Жапырақтар пайда болады

 

- Құстар ұшып келеді.                           

- Ағаштың бұтағына қонақтайды                                            

- Жерде,көк шөп жапсырады

-Көктем

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Балалар жаттауға тырысады

 

Рефлекция – түзету жұмыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Қорытынды бөлім

Ізденгіш эксперементтік әрекет:

қарды жылы жерге қойсақ ол еріп суға айналады,ал суыққта ол қатады.Олай болса назар аударайық. (тәрбиеші қардың еруі  мен мұздың қатуын көрсетеді.) Ойын: «Мысық  пен торғай»
Кәне (торғайлар)  ұшып  кел.
Торғай  жем  же.  Кәне  кім  қалай  жейді?
Торғай  сендер  тез ұш,  мысық  ұйықтап жатыр,  қазір  мысық  оянып  кетіп,  ұстап  алады – дегенде   мысық:
-Мяу – мяу  деп  оянады,  торғай көріп  құлағы  тікірейеді.
Торғай  алысқа  ұш, мысық  оянады. (мысық мяу деп  торғайларды  қуады, бірақ  торғай  ұстатпай ұясына   кіреді) Торғай  баланың өте ақылды екенін айтып, мадақтап шығып кетеді.
 мақтап мадақтап,оларға жұлдызша беру.
-Жарайсың, келген қонақтармен қоштасайық.

 

 

 

 

 

Балалар  мұқият қарап көреді.

 

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Торғайдың мадақтағанына риза болады.

риза болып, сыйлық алады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:

Көктем мезгілінің ерешеліктерін біледі;

Көктем мезгілінің үш тілде айта біледі:

Болу керек:

Ауа-райында қандай өзгерістер болатыны туралы түсінігі;

Көктем туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі;

Істей біледі:

ағаштардың бүршік жаруы, көктемге құблыстары туралы біледі;


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер