Өлең, жыр, ақындар

Қоянға арналған баспалдақ

     Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің технологиялық картасы 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Қоянға арналған баспалдақ

Мақсаты:  Балаларға баспалдақ  жайында түсінік беру. Баспалдақтарды жапсырту. Үлкен –кіші ұғымдарын таныстыра отырып танымдық қабілеттерін дамыту. Баланың ой–қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру.  Желіммен дұрыс әрі таза жұмыс істеуге баулу. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік:  жапсыру үлгісі, қонаққа қоян, суретке қажетті таратпалы заттар

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақтар шешу, сергіту сәті, мақал–мәтелдер айту, тақпақтар оқу.

Мотивациялы–ынталандыру кезең        

І. Кіріспе бөлім

Амандасу рәсімі:

Балалар қане барлығымыз достық шеңберге тұрып, бір–бірімізбен амандасып алайық.

Денсаулық – ол күлуің

Көңіл–күйің жадырай

Денсаулық – ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай

- Балалар осы жақсы көңіл –күймен бүгінгі жапсыру сабағымызды бастаймыз.

Балалар достық шеңберде тұрып бір–біріне күлімдей қарап, амандасу рәсімін айтады.

Ұйымдастыру–ізденгіш кезең

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа тақырып:

Бізге қонаққа Қоян келіпті.

Балалар Баспалдақ ол өздеріңе белгілі биік көп қабатты үйлерде болады. Біз соның көмегімен көтеріліп пәтерімізге барамыз. Бүгін осы баспалдақты жапсырамыз.

Сәлеметсізбе, қоян!

Балалар жаңа тақырып жайлы мұқият зейін қойып тыңдайды.

Жапсыру үлгісін көрсету:

Балалар тоқсары түсті төртбұрышты қағаздың  екі ұшын дөңгелете қиып, сопақша пішінін, ал тағы екі бұрыштарын сүйірлеу қылып, түзу қиып Баспалдақ қиып жасайды. Содан желімді жағып, оны жапсырады.

Балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізіледі.

 

         Сергіту сәті:

Сәлем, сәлем, сәлем

(Саусақтар сәлемдеседі)

Жапсыруды аяқтау  

Балалар сергіту сәтін сәтті орындайды.

Балалар үлгі бойынша баспалдақ  жапсырады. Қайшыны дұрыс ұстап, желіммен жапсыруда тазалықты сақтайды.

Рефлексиялы–түзету кезең

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қоян балалардың жұмыстарын жеке–жеке мадақтап айтады. Әдемі, таза жапсырған баланың жұмысына қолдарын шапалақтайды.

Мақтау сөздер естиді, қуанады. Қоянмен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Баспалдақ қай жерлерде орналасқанын  білу керек.

Болу керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі, шығармашыл болу керек.

Істей білу керек: Желіммен жапсыруда тазалықты сақтай отырып, үлгі бойынша жапсыра алу керек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер