Өлең, жыр, ақындар

Наурыз тойы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Бөлік 1.2 А , 1 - сабақ

Мектеп: № 101

Мерзімі:    

Оқытушының аты-жөні:   Абдраманова Рыскүл Нұрмаханқызы

Сынып: 1    «       »

Қатысқан оқушылар саны: _____________

Қатыспағандар саны:

____________              

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы

Осы сабақтың оқу мақсаттары:

Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.

      Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:  Өлеңді оқи алады, сұраққа жауап бере алады.

   Оқушылардың көпшілігі: Сөздерге дыбыстың талдау жасай алады, жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата алады.

   Кейбір оқушылар: Берілген өлеңдерді оқып, мазмұндай алады. Ережені түсініп, қолдана алады.

Тілдік мақсаттары

 Бұған дейін меңгерілген білім:

Немере. Наурыз көже өлеңдерін мәнерлеп оқыту;

Оқушылар:

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

   Талқылау

   Наурыз, көктем , көже сөздерін үш тілде сұрау.

 Жоспар

Жоспарланған

   уақыт   

                         Жоспарланған жаттығулар

   Дерек көздері

Басы

    0 – 7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ортасы

   8 – 15 мин   

 

 

 

 

 

 

 

16 – 24 мин

     

   25 – 30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

       Соңы

   30 – 35 мин

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен  сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды сәлемдестіру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Біздің  ұранымыз
Мұғалім                                             Оқушылар
– Әрбір адам?                                – туыс, дос, жұрағат.
– Әрбір сабақ?                               – үйрену, ұғыну, ұлағат.
– Әрбір ісің?                                  – тіршілік, тірлік, адамдық.
– Әрбір сөзің?                                – шындық, бірлік, адалдық.
Жақсы, олай болса сабағымызға мұқият болайық.
. Психологиялық тапсырма.
Балалар бүгін күн сенбі – Қиялдау үдерісі (процесі).
Тапсырма: қиял үдерісін дамытуға арналған жаттығу «Сиқырлы жұмыртқа»

  • Шарты: әр баланы  қолына жұмыртқа тәрізді сопақша  қиылған қағаз таратылып беріледі. Жұмыртқаны қағаз бетіне өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша ойдан бір затты (одан да көп затты ұқсайтыны) бейнелеп салуына болады.

                      «Сиқырлы жұмыртқа»

Оқушының танымдық үдерісін дамыту.

Зейін. Оқушы зейінін дамытып, зер салып, көңіл аударуға үйрету.

Сандарды  кері  сана

з      ы      у      н      а       р

1      2      4      6       5      3

-  Балалар наурыз айы жылдың қай мезгіліне жатады? -  Көктем мезгіліне.

-  Көктем мезгіліндегі ай аттарын атап беріңіздерші.    -  Наурыз, сәуір, мамыр

- Балалар, зер салып тыңдап, көз алдыңызға  елестетіңізші.  Көктем мезгіліндегі  табиғаттан  қандай өзгерістерді  байқауға болады?      - Балалардың жауаптары …

- Наурыз айында қандай мерекелерді тойлаймыз? - 8 наурыз.., 22 наурыз…

-  Ал, үйге қандай тапсырма берілді?

 Өткен сабақты пысықтау. Ереже.

  1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді.

Қызығушылықты ояту  Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруы,үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру

Кім? Кімдер? Не? Нелер?  сұрақтарына жауап беретін сөздер адамдардың, жануарлардың, заттардың атын білдіреді.

Ой қозғау  Өзектілігі: Үйренушінің белсенділігін, танымдық қабілетін арттыру

-Балалар, заттардың қимыл іс- әрекетін білдіретін сөздерді атайы

 Жаңа сабақ.

Мағынаны  тану     Өзектілігі: заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздертақырыбынан алған білімдерін жаттығу орындау арқылы пысықтау, толықтыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Наурыз тойы.Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Бүгінгі күн жадын жазу:

Наурыздың он бесі

Сынып жұмысы

Көркем жазу минуты  Өткен сабақта (Мм-үнді, ерін дауыссыз дыбысы)

Нн- үнді, тіл ұшы дауыссыз дыбысы. Нн дыбысының айтылу артикуляциясына көңіл бөлу, оқушыларға бірнеше рет қайталату.

Ауада жазу     Нн    Нн      Нн  Дәптерге жазу  Нн    Нн      Нн…      Наурыз-жыл басы

Оқулықпен жұмыс. 129-130 беттер

114-жаттығу.

1. Сұрақтың орнына керекті сөздерді  қойып, сөйлемдерді  көшіріп  жазыңдар.

2.  Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Сергіту сәті.

Наурыз тілек         

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Әдеби мәтін бөлімі бойынша  Әдібай   Табылды атамыздың  «Наурыз тойы» өлеңімен танысамыз. Авторлар туралы түсініктеме беру:                               

     Әдібай Табылды –1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының докторы. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).

«Наурыз тойы»  өлеңді мәнерлеп оқып, идеясымен таныстыру.

  1. Наурыз тойы дегеніміз қандай той?
  2. Наурызда қандай игі істер атқарылады ?   …
  3. Өлеңді тізбектей оқыту.

  Жаңа сабақты қорыту:

Шығармашылық жұмыс

Өзектілігі:  өз бетімен тақырыпты дәлелдеудің жаңаша нұсқауын орындау.

Тапсырма: 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне тілек айту(жүрекшеге жазу, барлық жүрекшелерді үлкен бір жүрекшеге тоғыстыру)

Аспанға қарап ай көрдім.

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

-Балалар ұлыстың ұлы күні елімізге жақсы тілектер тілейік. Көптің тілеуі қабыл болсын!

Сабақты қорыту.

-  Балалар бүгінгі сабақ  ұнады ма?

-  Не оқып, не үйрендік?

Үйге тапсырма. «Наурыз тойы» өлеңін жаттау. 115-жаттығу  129-бетте

 Бағалау.  Жұлдызшамен бағалау.

Көрнекі сурететр

 

 

 

 

Маркер тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сандар қатары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тақта

 

 

 

 

суреттер

 стикер

жұлдызша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

   Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

   Бүгін оқушылар нені үйренді?

   Оқыту ортасы қандай болды?

   Оқушыларға дифференциация табысты болды ма?

   Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

 

Қалыптастырушы бағалау элементтер (жұлдызша, күлегеш, вербальді т.б)

Пәнаралық байланыс:

орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, дүниетану.

                                                               Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз