Өлең, жыр, ақындар

Етістік

Алматы облысы

Балқаш ауданы

"Бірлік" орта мектебінің  

Бастауыш сынып мұғалімі Шашубаева Фарида Дукенбаевна

Пән мұғалімі

Шашубаева Ф.Д.

Күні

03.03.2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Етістік

Сілтеме

Оқулық 3-сынып, қазақ тілі

Жалпы мақсаттар

 Етістік туралы түсінік беру. Сұраққа жауап алу арқылы етістікті анықтау. Сөйлемде етістіктің не үшін керектігін аңғарады. Етістіктің қай сөзбен байланысып тұрғанын  айыра білуге дағдыланады.

Оқыту нәтижесі

 Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Етістікті қатыстырып сөйлем құруға дағдыланады.

Түйінді идеялар

  Сыныпта диалог әдісін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру. Бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

Жаттығулар

  1. Суреттердің мазмұны бойынша сөйлем құрап, ондағы іс-қимылды білдіретін сөздерді табады. Оларға сұрақ қою арқылы етістікті анықтайды. Етістікке ереже құрады.
  2. Жұмбақты оқып, шешуін табады.Етістіктерді теріп жазады.
  3. Топтық жұмыс. Ойлан тап.
  4. Жұптық жұмыс. Оқушы мен тілші арасындағы интервью

 

Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушыларды жемістерге байланысты топқа бөлу. (4 мин.)

1-тапсырма

Оқушылар суреттердің мазмұны бойынша сөйлем құрап, ондағы іс-қимылды білдіретін сөздерді табады. Оларға сұрақ қою арқылы етістікті анықтайды.Өз беттерінше етістікке ереже құрады. /7 мин./

2-тапсырма

Жұмбақты оқып, шешуін табады.

Көл бетінде қалқиды,                                              
Мақта сынды үйілген.                                                 
Үні әсем сан қилы,                                                
Мойны да әсем иілген.                                                  
Мамығын ол тарайды,                                                          
Маңғаздана қарайды.

Етістіктерді теріп жазады. Сөйлемде етістіктің не үшін керек екенін сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз ойларымен жеткізеді. /8 мин./

3-тапсырма

Топтық жұмыс. (10-12 мин.)

1-топ.Берілген сөздердің ішінен етістіктерді теріп жазып, дәлелдейді.

2-топ. Етістіктерге сөйлем құрап жазып, етістіктің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды.

3-топ. Берілген сурет бойынша әңгіме құрап, әңгімеден етістіктерді табады.

4-топ. Бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары етістіктен тұратын сөз тіркесін құрап жазады.

4-тапсырма

Оқушы мен тілші арасындағы интервью. /5мин./

Үйге тапсырма

163-бет, 5-жаттығу. Сурет салып, салған суреттері бойынша әңгіме құрап, етістікті табу.

Қорытынды

 Кері байланыс жасау. (5 мин.)

Бағалау

"Басмармақ әдісі" бойынша өз-өздерін бағалайды, топты бағалайды. (5 мин.)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз