Тағдыр тәлкегі
Атырау облысы Исатай ауданы
Исатай орта мектебі
Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
Тағдыр тәлкегі
Армиял Тасымбековтің «Жан дауысы АЛЖИР архипелагі» деректі повесі бойынша жазылған
I-көрініс
Аласа үстел үстінде шам жанып тұр. Бір басында Бейімбет маңдай шашын ұйпалап ойланып отыр. Ақ қағазға жазғысы келеді. Бірақ, ештене жаза алмайды. Бір басында Күнжамал ас әзірлер жатыр. Арт жақта балалары кітап оқып, ойын ойнап отыр....
Күнжамал. -Бейімбет – ау, бүгін өзің көңілсізсің ғой. Не болды? Қаламың да жүрмей отыр... түрің түтігіп кетіпті ғой...
Бейімбет.- Байқамаймысың, Күнжамал! Не болғанын түсіну қиын болып кетті ғой. Күні кеше Сұлтанбек Қожанов пен Темірбек Жүргеновті, Ұзақбай Құлымбетовті ұстады. Ал бүгін......
Күнжамал. -Бүгін не болды? (шошына сұрайды)
Бейімбет. -Сұрама, Күнжамал, сұрама. Бұл өзі қазақтың басына төнген нәубет болғалы тұр. Бүгін түнде Сәкен мен Ілиясті, Мағжанды ұстапты... бана жазушылар одағында кезектен тыс жиналыс болып, менің портбилетімді алды.... мүмкін бүгін мені де ұстайтын болар....
Күнжамал. -Не дейд? (шошынып) Сәкенге не болды?
Бейімбет.- Солай, Күнжамал, солай... сен мықтысын ғой... балаларымды саған тапсырдым...
Сол кезде сартылдатып есік қағады. Күнжамал сасқалақтап есікке бір, Бейімбетке бір қарайды.
Бейімбет. - Есікті аш. Менің де кезегім келген сияқты...
Күнжамал есікті ашады, сырттан қара сүрік плащты екі адам кіреді. Бастарында қара қалпақ.Бет-жүздері көрінбейді.
1-адам. - Майлин Бейімбет
Бейімбет. - Ия, мен.
2-адам. - Суық қаруың болса, тапсыр! Сіз тұтқындалдыңыз.
Күнжамал. - Бейімбет – ау, бірдене десеңші.....
Бейімбет. - Күнжамал, сырт киімімді алып берші..... Балалар саған аманат!
Екі баласы әкесіне, екі баласы анасына жармасады. Жылау, сықтау. (Азалы музыка. Алмас Серкебаев « Реквием » Ұйытқыған боран даусы)
Күнжамал. (есін жиып) Қойыңдар, қарақтарым. Сендердің әкелеріңнің түк кінәсі жоқ. Ертің – ақ босатып жібереді. (даусы қатайып, көпшілікке қарап) Құдай – ау, адам түгіл жердегі жәндікке қиянат жасамайтын Бейімбеттен күдіктенгені несі? ( Музыка күшейе түседі)
Шымылдық
II-көрініс.
Арт жақта «Алжирдің» сыртқы көрінісі, тікенек сым суреті мультимедиеден көрініп тұрады. Сахнада әйелдер барагы. Сәкі үстінде 10 шақты әйел бірі тігіп, бірі шұлық тоқып, бірі тізесін құшақтап, бірі құндақтаулы баланы қасына алып, өлең айтып отыр. Төбеде сығырайған жарық.
Есіктің кілті сақырлап ашылып, ішке тағы 3-4 әйелді итеріп кіргізіп жібереді. 1 аяғы ауыр, түйіншектері бар.
(Отырған жұрт үрпейісе қарайды.)
Надзиратель әйел. ( қағазына қарап) Галина Иосифовна Серябрякова, Елизавета Тухачевская, Дәмеш Жүргенова, Әзиза Рысқұлова, Шүкірле Сүлейменқызы. Ендігі қонақ үйлерің осы, ханымдар!
(Әйелдер тұрып, ығысып орын береді.)
Күнжамал. (Дауыс салып) Ой-бой, Әзиз-ау. Бұл біз кездесетін жер ме еді. Кешегі бар қазаққа қорған болған Тұрар қайда, Сәкен мен Бейімбет, Ілияс қайда? Қара орманым өртеніп, қара суым теріс ақты ғой. (жылап Әзизамен көріседі. Біреулер басу айтады ) -Жайлаңдар қыздар, жайлаңдар ,үй артында кісі бар.-Жеке камераға апарып қамап тастап, бұл күнімізді де көп қылар.
(Біреу ән бастайды.)Жылқы айдаймын көшкенде,
Ақтабанмен, жаман жақсы болмайды
Мақтағанмен-ай.
Екі жастың сүймесе несі қызық,
Келін болып босаға аттағанмен-ай.
Ай-ай бөпем, артта қалған
Елімді көрер ме, екем-ай.
(Сатырлап кілт ашылып, екі адам кіреді)
1 – адам.- Әй, сендер қоясыңдар ма, жоқ па, сұңқылдауды. Қоймасаңдар жеке камераға жабамын.
Күнжамал. Әй, сенің қолыңда өлейін. Күйеуден өлідей, бес баладан тірілей айрылып, тірі жүргенше, жастығымды ала кетейін. (Қолына айыр алып тұра ұмтылады)
(Надзиратель қашып шығып, есік тарс жабылады)
Күнжамал. (жерге отыра қалып , дауыс салып жылайды)Бейімбет-ау, саған берген уәдемді орындай алмадым-ау. Бес балам бес жақта, мен мұнда. Енді қайттім. (Дауыс салып жылайды)Енді қайттім, құдай-ау!!!
(Есік қайта ашылып, ішке әскери адамдар кіреді)
1-адам.-Сендерге мұнда отыру ұнамайды екен ғой. Олай болса, 1-бригада ертеңнен бастап қамыс шабуға, 2-бригада қой, сиыр, жылқы бағуға, 3-бри- гада тас басуға, 4-бригада ши тоқуға, 5-бригада қар тоқтатуға, 6-бригада ... (Азалы музыка күшейе түседі,дауыс бірем-бірем естілмей кетеді)
Шымылдық.
III-көрініс.
Қолында таяғы бар, Күнжамал мал бағып жүреді. Ызғырық желдің дауысы.Ешкі, қойдың маңыраған үні. Таяғына сүйеніп томардың үстіне отырып ыңылдап өлең айта бастайды
Күнжамал. Алыста жылай- жылай балам қалды, ой,дүния-ай,
Жүрген жерім Ақмола, Қарағанды, ой,дүния-ай.
Сақтаймын деп көзімдей баққан қойды,ой,дүния-ай,
Ешбір ой қойдан басқа келмей қойды ой,дүния-ай.
Биағам-ай, жан-жарым-ай,
Қу шекеден болдау сенің
ажалың-ай ,ой,дүния-ай.
Маңырайсың ақ ешкі лағыңа, ой,дүния-ай.
Ақ сүт беріп өсірген шұнағыңа , ой,дүние-ай.
Биағам-ай, жан- жарым –ай,
Қу шекеден болдау сенің
ажалың-ай, ой, дүние-ай.
Күнжамал орнынан тұрып,лашығына қарай беттейді.Артынан екі қызы шығып, қосарласа «Апа!» дейді
1-қызы. Апа-ау, танымадың ба, біз Роза мен Ғалиямыз ғой.Құдай-ау, осынша бейнет көретіндей не жазып едік!
(Күнжамал состиып тұрып қалады да, қолын алға соза беріп, құлап түседі. Екі қызы сүйемелдеп отырып)
Роза.Апа сені де көретін күн бар екен-ау. Балалар үйінен шығысымен саған қарай ұшып келеміз. Ғалияшың, кішкене Ғалияшың да ер жетті. Бұйырса ол да осында келеді.
Күнжамал.(Басын көтеріп) Әукен мен Мереке қайда? Олар неге келмеді?
Роза. Апа-ау, Әукеннен айырылып қалдық қой. Соғыс басталғанда өз еркімен алдыңғы шепке сұранып кетіп, оралмады. Сүйегі Украина майданында қалды.
Күнжамал. А, құдай, бұл түсім бе, өңім бе? Қарашықтарым менің, ботақандарым менің! Жүріңдер лашыққа барайық.
Ғалия. Апа, Сталиннің өлгенін есіттің бе?
Күнжамал. Тек, не дейд?
Роза. Апа, бұл қорлықтан да құтылатын күн туды.ХХ съездің шешімімен әкелерімізді жазықсыз деп танып, сіздерді бұл қапастан шығаратын болды ғой.
Күнжамал: Ақсарыбас, ақсарыбас! Құдайым бұл күнге де жететін күн бар екен-ау! Жүріңдер. Отқа май тамызайық. (Лашығына кіреді,от тұтатады)
(Күнжамал жүгіріп сыртқа шығып, тұрбадан шығып жатқан түтінге қарап)
Бейімбет-ау, Бейімбет, біздің үйдің түтіні де шығатын күн болады екен-ау. Естимісің! Сенің тұрбаңнан түтін шықты. Өшкенің жанып, өлгенің тірілді.Бейімбет, Сен тірілдің!!! Сен мәңгіге тірілдің, Бейімбет!
Шымылдық
Қарап көріңіз
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі