Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
География пәнінің мұғалімі: Кошмуратова Жанар Койшыбаевна
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Американың географикалық орнына, жер бедеріне, пайдалы қазбаларына сипаттама бере отырып,оның жағалауындағы мұхиттардың материк табиғаты үшін ерекшелігі мен маңызына тоқталып, әр түрлі ұғымдарды қалыптастыру. Оқушыларға Оңтүстік Американың ерекшелігі мен маңызы туралы, жалпы түсінікті мағлұматтар беру. Білімдерін одан әрі тереңдету.
Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында өз ойларын еркінде сауатты жеткізуге дағдыландыру.Олардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлануына, өз бетінше картамен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Ғалым-саяхатшылардың ашқан жерлерін оқытып, үлгі тұтуға, еңбектерін бағалауға тәрбиелеу. Оқушыларды табиғатты қорғауға, оны аялауға, сүюге тәрбиелеу. Білікті де білімді жеке түлға болып қалыптасуына ықпал жасау.
Сабақтың міндеті:
1. Картадан дұрыс анықтауды, сипаттама беруге,салыстыруға, ақпараттық материалмен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру;
2. Өз бетінше ізденуге, шығармашылық сипаттама беруді, талдай білуді, картамен жұмыс жасауды, логикалық ойлауды дамыту;
3. Табиғатты аялауға баулу, экологиялық табиғатқа жанашырлықты ояту, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру, оқушылар білімін тексеру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ауызша, картамен жұмыс, географиялық диктант, Б.Б.Б кестесі
Оқыту технологиясы: Деңгейлеп оқыту технологиясы, СТО технологиясы, Ойын элементтерін пайдалану технологиясы.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология,қазақ тілі
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта,кескін карта,слайд, видео көріністер, деңгейлік тапсырмалар, карточкалар, тест тапсырмалары, кестелер, қосымшалар т.б
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ең ...Ең....Ең...
2. «Адасқан терминдер»- кім жылдам ойыны.
3. Мәтінмен жұмыс.
4. Сәйкесін тап.
5. Географиялық диктант.
6. «Ол кім? Бұл не?»
7. Тест сұрақтары.
І- тасырма Ең...Ең....Ең....
1. Ең суы мол өзен (Амазонка)
2. Ең биік тау көлі (Титикака)
3. Ең биік сарқырама (Анхель)
4. Ең биік нүктесі (Аконкагуа)
5. Ең ұзын тау жүйесі (Анд тауы)
6. Ең төмен нүктесі (Валдес түбегі)
7. Ең ірі аралы (Отты Жер)
8. Ең ылғалды материк Оңт.Америка
9. Ең жасыл материк Оңт.Америка
ІІ-тапсырма. «Адасқан терминдер» - кім жылдам ойыны
География:
Биология:
Тарих:
Х. Колумб ,Отты Жер аралы,ежелгі ингтер, Ла- Плато,А.Гумбольдт, Амазонка,картоп, Н.Вавилов, қызанақ, А.Веспуччи, Ориноко, Ф.Магилан, жүгері, Анхель, Анд,астық тұқымдастылар, А.Воейков, Панама, Титикака, какао,
ІІІ-тапсырма.Мәтінмен жұмыс "Қатені табыңыз" Әр топқа ОА-ға қатысты сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдердің ішінен қатесін анықтау қажет.
І сұрақ: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Христофор Колумб Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. XIV-XV ғасырларды жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Америго Веспуччи Оңтүстік Американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Магеллан Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. 1799 – 1804 жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Вавилов Н.И. Оңтүстік американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
ІІ сұрақ: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,9 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі-Эль-Абьяд. (Кабу Бранку). 1499 жылы Х.Колумб (Америго Веспуччи)Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,3 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі- Кабу Бранку. Оңтүстік Американы Х.Колумб ашты. 1499 жылы Америго Веспуччи Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан.
ІІІ сұрақ: Америго Веспуччи 1501 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция"(Венесуэла) деген ат берген. Х.Колумб өзінің бесінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар көлі" деген мағынаны білдіреді.
Дұрыс жауабы: Америго Веспуччи 1499 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция"(Венесуэла) деген ат берген. Х.Колумб өзінің үшіншісаяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар өзені" деген мағынаны білдіреді.
ІV сұррақ: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Вороновский 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, күріш, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Магеллан бұғазы бөліп тұр.
Дұрыс жауабы: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Воейков 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Дрейк бұғазы бөліп тұр.
5 Сұрақ : ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған? (Фернан Магеллан)
5-тапсырма.Географиялық диктант
1,Амазонка Өзен арнасымен ______ж. алғаш рет испан конкистадоры ______саяхат жасаған .(1541 жылы Ф.Орельяк) 3.Амазонканың ____________ ұзындығы қанша? (7000 км-ден)
5. Амазонка өзенінің жануарлары............. (пиранья, анаконда, арапаима, қара кайман т.б.)
6. Парана өзенін Үндіс тілінен аударғанда__________ мағынаны білдіреді? ( «мұхит туысы» немесе «үлкен өзен»)
7. Парана өзенінің___________ ұзындығы (4380 км)
8. Оңтүстік Американың ірі_______ сарқырамалары (Анхель, Кукенан, Рорайма, Игуасу)
9. Титикака көлінің ауданын_________ және биіктігін________ (8300 км2, 4000 м)
10. Оңт.Америка көлдеріне_____(Титикака, Маракайбо, Патус, Поопо, Лагоа-Мирим)
11. Анхель сарқырамасы_______ метр биіктіктен құлайды?(1054 м)
12. Игуасу сарқырамасының биіктігі_________ (72 м)
6-тапсырма«Ол кім? Бұл не?»
1. Х.Колумб –
2. Отты Жер -
3. Ла- Плато –
4. Амазонка –
5. А.Веспучи-
6. Ориноко-
7. Ф.Магилан-
8. Анхель-
9. Анд-
10. Панама-
7-тапсырма Тест сұрақтары
1. Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы қандай қандай материктің құрамында болды? а)Гондвана б)Лавразия в)Еуропа с)Африка
2. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін қандай шеңбер кесіп өтеді? а)Солтүстік тропик шеңбері б)Оңтүстік тропик шеңбері в) Орталық тропик шеңбері с) Тропиктік шеңбер
3. Оңтүстік Американың жалпы ауданы а)18,1млн км2 б)18млн км2 в)19 млн км2 с)18,3 млн км2
4. Аманзонка өзенінің су жинау алабы а)6 млн км2 б)7 млн км в)9 млн км2 с)15 млн км2
5. Анхель сарқырамасының биіктігі а)1054м б)1504м в)1405м с)1045
6. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі а)6900м б)6960м в)6690 м с)7000 м
7. Ориноко өзенінің жағасына 1498 жылы келіп жеткен саяхатшы
а) Ф. Магеллан б) А. Вепуччи в) Х.Колумб с) А.Гумбольдт
8. Ол өзінің бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэлла жағалауына жүзіп отырып Амазонканынң сағасына барып кері қайтқан.
а) Ф. Магеллан б) А. Вепуччи в) Х.Колумб с) А.Гумбольдт
9. Рио-де-Жанейро сөзінің испанша мағынасы
а) қаңтар өзені б) ақпан өзені в) ұлы өзен с) сиқырлы өзен
10. Анд тауларының биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген ғалым
а) Ф. Магеллан б) А. Вепуччи в) Х.Колумб с) А.Гумбольдт
3.Жаңа сабақ
Оңт.Американың жер бедерінің сипаты жөнінен 2 бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай дүние жүзінегі ең ұзын тау-Анд тауы орн. Ал шығыста жазықтар басым. Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі-Амазонка ойпаты, Ла-Плата ойпаты, Ориноко ойпаты, Маморе жазықтары да жатады. Жазықтармен қатар ірі таулы үстірттерде кездеседі. Оларға Бразилия таулы үстірті, Гвиана қыраты Патагония және т.б жатады. Анд тауын ежелгі ингтер «Мысты таулар»деп атаған. Осы Анд тауында әлемдегі ең биік-Титикака көлі орналасқан оның биіктігі-3812м.Титикаканы кейде «Қасиетті көл» деп те атайды. Ең ірі арлы-Отты Жер аралы. Ориноко өзенінде-Анхель сарқырамасы биіктігі 1054м, ал Парана өзенінде-Игуасу сарқырамасы орналасқан.
4.Жаңа сабақты бекіту.
Сандарда сөйлейді;
Сематикалық карта;
Балама тест (+ және-);
Б.Б.Б кестесі;
География тілі-карта;
1.Сандар да сөйлейді
Ø 18,3 млн км
Ø 7000 км
Ø 3000 мм
Ø 1501 ж
Ø 1054 м
Ø 3812 м
Ø 8300 км
Ø 9000 км
Ø 7 млн км
Ø 72 м
2. «Семантикалық карта» әдісі
Атауы |
Арал |
Бұғазы |
Ғалым |
Тау |
Саяхатшы |
Ойпаты |
Ағыс |
Өзен |
|
1 |
Отты Жер |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Аконкагуа |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Амазонка |
|
|
|
|
|
|
||
5 |
Перу |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Анд |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Н.ЙВавилов |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
А Веспучи |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Парана |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Магеллан |
|
|
|
|
|
|
||
11 |
Уругвай |
|
3. Балама тест( Жауабы:иә -, жоқ )
1.Анд тау Оңтүстік Американың батысында орналасқан +
2. Амазонка ойпаты Оңтүстік Америкадағы ірі жазықтардың бірі +
3. Оңт Американың ең биік нүктесі-Мак-Кинли -
4 Аконкагуа-Анд тауының биік нүктесі +
5. Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар-Патагония, Ла-Плата -
6. Анд тауларының орталық бөлігіндегі тауаралық үстірттерді жергілікті халық Пуна деп атайды. +
7. Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км созылып жатыр -
4."БББ" кесетін толтыру.
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
5."География тілі - Карта"
Географиялық обьектілерді картадан көрсет: Амазонка ойпаты, Ла-Плата ойпаты, Ориноко ойпаты, Гвиана қыраты, Бразилия қыраты, Патагония, Гран-Чако жазығы, Маморе жазығы, Руис жанартауы(5400м), Котапахи жанартауыp(5897)
5.Сабақты қорытындылау
6. Бағалау кезеңі
Өзін-өзі бағалау.
Оқыту кезінде мен өзімді ……...… сезіндім
Сабақ кезіндегі өзімнің сабаққа қатысмымды ..…… деген бағағаға бағалаймын
Маған бұл сабақтан алған білімім …….... үшін қажет
Мен …....… көңіл күймен кетіп бара жатырмын!
7. Үйге тапсырма.
1) Оқу, түсінік айту
2﴿ Кескін картаға Оңт.Американың таулары мен жазықтарын түсіру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі