Ақмола облысы
Целиноград ауданы
«Алтын дән» балабақшасының
Музыка жетекшісі: Басшиева Ләйла Кәдірбекқызы
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз Әже:
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)
Тақпақтар
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Ән: «Наурыз» хор
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі
Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін
Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.
Би: Қара жорға
Ойын : Қол күрес
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
Жалпы би биленеді «Наурыз думан»
❤❤
Пайдама жарады, рахмет