Өлең, жыр, ақындар

Аминдер

Атырау облысы
Атырау қаласы
Томарлы селосы
Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің  
Химия және биология пәндерінің мұғалімі: Ислямова Лязат Темиржановна

 

Сыныбы

11 «Б»

Тақырыбы

Аминдер

Мақсаты

1. Оқушыларға аминдер, олардың алынуы, қасиеттері туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету;

3. СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру;

Күтілетін нәтижелер

1. Азотты органикалық қосылыстар туралы негізгі ақпаратты біледі;

2. Алынуын, химиялық қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;

3. Алған білімдерін  іс жүзінде қолдана алады.

Сабақтың түрі

   Аралас

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақта, слайдтар, стикерлер, постер, қажетті құралдар мен реактивтер

Сабақтың  барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

 

 1. Сәлемдесу

 2. Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру

 3. Сыныпты стикердің көмегімен топтарға бөлу

 

1. Сәлемдесу

2. Топқа бөліну

3. Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады

Үй тапсырмасын сұрау

    Қызығушылығын ояту

«Серпілген сауал» стратегиясы

 ( Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру)

Үйге берілген тапсырма бойынша сын тұрғысынан ойлана отырып, сұрақтарға жауап береді

  Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Кел, танысалық!

(Жаңа тақырыпты түсіндіру)

 

Аминдер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы  көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары.

Мысалы: СН32-метиламин, (СН3)2NН-диметиламин, (СН3)3N-триметиламин

2-амин тобы деп аталады.Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты (С2Н5-NН2 ) және ароматты (С6Н5-NН2 ) болып бөлінеді.Аммиактағы көмірсутек радикалына алмасқан сутек атомының санына қарай аминдер: біріншілік, екіншілік, үшіншілік болып бөлінеді.Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер т.с.с болып бөлінеді.

 

Алу әдістері:

 

1. Нитроқосылыстарды өршіткі (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандыру арқылы:

С6Н52+3Н2→ С6Н52+2Н2О

 

Зинин реакциясы (1842 ж) :

С6Н52+3Н2S→ С6Н52+3S+2О

 

Физикалық қасиеттері:

Алифатты аминдергаз тәрізді заттар, суда жақсы ериді.Иістері аммиактың иісіне ұқсас.Ортаңғы аминдер-сұйық заттар, иістері балықтың иісіне ұқсас.Құрамында көміртек атомы көп аминдер-иіссіз, қатты заттар.Аминдер-органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

 

Химиялық қасиеттері:

1. Протон қосып алуы:

3+НОН→[4]++ОН-

С2Н5-NН2+НОН→[С2Н5-NН3]++ОН-

2. Қышқылдармен әрекеттеседі:

С2Н5-NН2+НСІ→ [С2Н53 ]+СІ-

3. Ауада жанады:

4СН32+9О2→4СО2+10Н2О+2N2

Ойлан, топтас, талқыла

      (Постер қорғау)

 

1-топ. Анилин

 

2-топ. Метиламин

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мәтінмен таныса отырып, жеке жұмыс жасайды, топ ішінде талқылайды, жұмысты топ атынан баяндамашы қорғайды

 

Топтық жұмыс

(Сұрақтарға жауап беру)

 

 

 

 

 

Ойлы болсаң, озып көр

(Жаттығу жұмыстарын орындау)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапқыр болсаң, тауып көр

(Есептер шығару)

 

         1-топ

  №2-есепті шығару (257-бет)

 Аминдер деп қандай қосылыстарды айтады?

 

         2-топ

   №3-есепті шығару

Аминдер қалай жіктеледі?

 

       1-топ

   №5-есепті шығару

Аминдердің негізділігі дегеніміз не?Мысалдар келтіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар

 

         2-топ

   №6-есепті шығару

Төменде берілген қосылыстардың қайсысының негізділігі жоғарырақ болады? А) аммиак, этиламин;  Б) этиламин, анилин.

 

         1-топ

  №7-есепті шығару

 Метиламинді мынадай қосылыстарға қалай айналдыруға болады?

    А)[СН33]+СІ-;  ә) СН3NНСНСН3

 

          2-топ

   №8-есепті шығару

37 г нитробензолды сутек қатысында тотықсыздандырғанда 18,5 г анилин алынады.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын табыңдар

Топтарға бір сұрақ, бір жаттығу, бір есептен беріледі. Өз беттерімен сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді

 

 

Үйге тапсырма беру

 

1) §4.1

2) №9-есепті шығару (257-бет)

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу 

Кері байланыс

«Диктор сөз алады»

    Дикторларды шақыру

1-диктор. Сабаққа дейінгі жағдайды баяндайды.

2-диктор. Сабақтың үстіндегі жағдайды баяндайды.

3-диктор. Сабақтың соңындағы жағдайды баяндайды.

 Дикторлар сөз алып, өз ойларын айтады

Бағалау.

Өзара топпен бағалау, бірін-бірі бағалау

Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап, бағалау парақшасына толтыруды тапсырады

Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз