Өлең, жыр, ақындар

Ұзын–қысқа ұғымдары

Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы
«Гаухар» бөбекжайы
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Берикбаева Алмагуль Сиркбаевна

 

Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: «Ұзын–қысқа ұғымдары»
Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету, қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:Дымбілмес қуыршақ, ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – көк және қысқасы – қызыл, түзды машырдан жасалынған моншақтар, дау, құрғақ бассейін, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс  мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Үш ай болады.
- Қане, қыс айларын атап айтайықшы?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Іздену ұйымдастырушылық:
Тосын сәт: Есік қағылып, Дымбілмес қуыршақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Дымбілмес балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Дымбілмес: -Балалар менің атым - Дымбілмес. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: -Қане, балалар Дымбілмес бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.
-Ал, балалар Дымбілместің алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?
-Көк,қызыл.
Дымбілместің тапсырмаларын орындауға кіріседі.
I - тапсырма: Теледидар арқылы суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы? Мынау кімдердің суреті?
- Балалардың суреті.
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
-Ұзын бала.
Ал мына баланың бойы ше?

- Қысқа.
Ал балалар білейік,кімнің бойы ұзын екен, Диастікі ме, Ұлжандікі ме?

Балалардың жауаптары.

Мынау нелер?
- Жолдар.
Мынау қандай жол?
- Ұзын жол. Ия, ұзын жол.
Ал, мына жол қандай? 

- Қысқа жол.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындайық.
II - тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?

-Көк жолақша ұзын.

-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?

-Көк жолақша.

-Дұрыс айтасыңдар балалар!
III - тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, Дымбілмес бізге бір ойын алып келген екен, балалар.
Дидактикалық ойын: «Байқағыш».
Мақсаты: Заттың түрін, көлемін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
1 слайд.-Балалар мынау нелер?

-Жылан және жұлдызқұрт

-Қане қарайықшы қайсысы ұзын?

-Жылан ұзын.

2 слайд. -Ал мынау нелер?

-Қарандаштар

-Қай қарандаш қысқа?

-Жай қарандаш,қызыл қарандаштан қысқа.

3 слайд. -Балалар мына суретке назар аударайықшы,мынау нелер?
-Қоян мен кірпі.
-Қоянның неше құлағы бар?
-Қоянның екі құлағы бар.
-Ал кірпіде неше құлақ бар?

-Кірпіде екі құлақ бар.

-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын ба?
- қоянның құлағы ұзын.
-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Дымбілмеспен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

-Енді балалар екі топқа бөлінейік.  1 топ жіпке ұзын моншақ тізеді.   2 топ қысқа моншақ тізеді.

Келесі тапсырма, құрғақ бассейн ішінде ойыншық бар,соны тауып алайықшы.  Қандай ойыншықтар тауып алдындар? (Балалардың жауаптары)

Ойыншықтарды салыстырайық. (керік ұзын, ал аю қысқа)

Рефлексиялық -түзетушілік:

-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?

 -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-қандай тапсырмалар ұнады?

Дымбілмес өз сыйлықтарын балаларға таратып, қоштасады.

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу: заттарды салыстыра білу.

Меңгеру: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын және ұжымдық жұмыс жасауды меңгеру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз