Өлең, жыр, ақындар

Аяулы күз, Алтын күз!

Қарағанды облысы, Октябрь ауданы
№ 7 Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттың тәрбиешісі
Абилькасова Балжан Толегеновна

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз!»

Мақсаты:

1.  Өлі және тірі табиғатпен байланыс, табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тылысым тірлігін зерделеу.

2.  Табиғатты аялауға, күтуге деген сезімдерін ояту, қоршаған ортаны экологиялық талаптарға сай күтуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.

3.  Табиғатты білуге деген құлшыныстарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.  

(Тәрбие сағаты оқушылардың күз тақырыбындағы тақпақтарынан басталады)

Айғаным

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орынпты.

Қыдырәлі

 Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Ақзер

 Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.   

Динмухамед

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Абильмансур

Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізбекші.
Ербол:

Қарашы күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, алтын күз

Абильмансур

Дәм атасы - ақ нан
Дастарханның басында
Үмітіндей ақталған
Мен де отырам қасыңда –дегендей осы нанның дастархан басына қалай келетінін білейік.
«Қуыршақпен бауырсақ» қойлымы

Ортада: Автор, Қуыршақ, Бауырсақтар.

Автор:Ербол

Қуыршақ-Жанель

Бауырсақтар:-Жігер, Ернар, Хасан

Автор:Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап,

Қуыршақ:-Қайдан келдің, бауырсақ?

Автор:-Деп сұрады қуыршақ.

Бауырсақтар:-Дүкеннен келдім нан сатқан, -

Автор:-Деді оған бауырсақ.    

Қуыршақ:- Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақтар:- Наубайдан келдім нан жапқан.

Қуыршақ:- Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақтар:- Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:- Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақтар:- Даладан келдім кең жатқан,

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Автор:-Неткен керемет десеңші!

Қуыршақ:О,о,о, тамаша!

Ербол:

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман оайнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады

Айтшы кәне, бұл қай кезде болады?

Абильмансур
Достар, біздің мерекеге не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар!
Алтын күз.
Алтын күзімізді, қошеметтеп қол соғып, қарсы алайық.
Жомарт көңіл жарқын күз
Берекесі елімнің
Қош келіпсің, жомарт күз
Құт қонағы төрімнің!
Күз-Сабина
Мейірлі күз, мырза күз.

Сыйлығына ырзамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз. 

Ой, алақай, тамаша,

Жабырқайды жапырақ.

Алтындай боп жарқырып,

Шашу шашты жапырақ.

  • Балалар, айтыңдаршы, табиғаттың осы келбеті ұнай ма?

Ән: «Күз жомарт»     

Абильмансур:
Армысың, Алтын күз, армысың!

Жайқалған шуақ таңбысың.

Еңбекке жинап, ел-жұртты,

Мезгілсің өзің ең құтты.

-Алтын күз, сізге арнаған достарымыздың сый құметін көріңіз. өзің берген ырзықты өзіңізге арнаймыз.

1оқушы: Дәмер

Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

Жеміс пісіп, қамабаға,

Алтын астық толады.

Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

2оқушы: Аида

Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз

(оқушылар күзігі көкөніс, жемістерді сахналайды)

Ербол:

Олай болса, «Көкөністер дауы» қойлымын тамашалаңыздар:

Сәбіз- Ержан

Менің атым-сәбіз,

Маған шын сеніңіз,

Дәрумендер толы бойымда,

Сенбесеңіз, жеңіз.  

Мен адамға ең қажеттімін деп ойлаймын.

Қызылша- Аида
Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім-қанға нәр.

Ал, балақай, біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Сәбіз, сененде қажетті менмін.

Орамжапырақ-Лунара
Дауласқаннан қызанақ,

Қызылшалар қызарған.

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Орамжапырақ атандым.

Мен неге осы үндемей қалдым. Менде керекпін. Не сонда үндемегенге мен жалғыз қалады деп тұрсыңдар ма?

 Қияр-Нұрдәулет
 Қияр деген атым бар,

Жасылданған түсім бар.

Түрлі асқа қосылып,

Дәмін ашар өңім бар.

Достар, менде қажеттімін.

Сәбіз-Ержан

Әй, қияр менің тілімді сен әбден қышытың ғой. Барлық суды бізден көп ішкен сен емессің бе?  Суға бөккен түрің құрысын. Менен әрі тұр.

Картоп-Нұрзат
Ой, достар, тыңдаңдар.

Еш асығыс қылмаңдар.

Картоп-менің атым,

Жер астында жатырмын.

Бір тамырдан таралған,

Көп ағайынды батырмын.

Ой, менен бақытты ешкім жоқ шығар, сірә. Кезкелген тағамға қосыламын, бәрі ұнатады.

Қызанақ-Шырайлым
Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен-қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Ой, достар қойыңдаршы. Сендерге не болды? Бәріміз де керекпіз. Сәбіз сен үнемі сондайсың? Сенде аз су ішіппең. Не болды? Санасып. Қойыңдар, кәне. Сенде бар дәрумен менде де бар.

 

Баклажан-Айзерек

Біреу есік қағып тұр,

Сыртта біреу келіп тұр..

Пияз-Ибраһим  
Жер бетіне мен келдім,

Шартапрапты сарғайтып.

Шуламаңдар достарым,

Ойланыңдар, байыптап.

Пияз өзі- асылы,

Жүр қулығын асырып.

Көрсетпейді сақалын,

Топыраққа жасырып.

- Адамдардың ең сүйікті асы мен шығармын. Суды көп қажетсінбеймін. Ал сендер, көп күтімді қажет етесіңдер.

Көкөністер: Мынау, Дәрігер Айболит қой!

Баклажан-Айзерек  
Дауды қойып, достар-ау,

Маған сөзді берсең-ау.

Күзді күтіп жатырмын,

Жиып нәрді бойыма.

Баклажанмын, жараймын.

Салат жасап қоюға.

- Әбден шудан жалықтым. Мені қашан қазып алар екен. Пияз сен несіне керексің. Жесе аузың, аршысаң көзің ашиды. Қараш өзін.

Айболит -Дәмер
Әрине бұл менмін ғой,

Таңданғаның жөн беді.

 

 

Көкөністер: Дауласқаннан еш нәрсе шықпас.

(есік қағалады)

 Пияз-Ибраһим
Айтыңызшы дәрігерім,

Адамға ең қажетті қайсысымыз?

Айболит-Дәмер
Дені сау болуы үшін адамның,

 Бәрің қажет, бәрің де  керексің.

Сондықтан да достарым,

Дауласпаңдар, татулассаң қайтесің.

Ешқашанда бөлінбеңдер, өйткені.

Достық деген ең маңызды білгейсің.

Сәбіз-Ержан
Енді түсінген жайым бар,

Барлық емге дәрімізде дәруміз.

Сондықтанда дауды бастаған мен едім,

Кешіріңдер, енді қайталамаймын демекпін.

 

Күз бен Айболит (бірге)

Бәрекелді, жарайсыңдар, достарым.

Мұғалім:

«Картоп жина» ойыны:

Ойыншылар екі команда болып тұрады, белгі берілгенде жылдам картоп жинаулары керек. Қай топтың себеті толады, сол топ жеңеді.

Күз-Сабина:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет не?

Оқушылар: Жапырақ!

«Жапырақтар» биі

(Шырайлым, Бұлбұл, Ақзер, Аида, Жанель, Лунара, Айзерек, Айғаным)

«Жапырақтар» ойыны

Шарты: екі командада 5 баладан ойыншы болады. белгі берілгенде олар жылдам жапырақтарды жинап үлгеруі керек, кім көп жинаса сол жеңіске жетеді.

Абильмансур

Жайқалған, нәзік жапырақ,

Куншуақта маужырап.

Жер бетіне жайылдың,

Бейне кілемдей атырап. 

«Алма жинау» ойыны.

Шарты: Тақтада алма ағашы. Онда аламалар өсіп тұр.  Екі команданың оқушылары сол ағаштағы алманы себетке жинаулары керек. Олардың аяқтарына пластик бөтелкесінің кесілген аяқ киімі.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Барлық жұмбақты шештіңдер, енді кезекті ойынға берсек.

 «Көженің көкөкністері»  ойыны.

(кострюльге көже пісіруге қажетті көкөністерді жинайды)

Шарты: ортаға 1 қыз, 1 ұл ойыншы шақырылады. Олардың қолдарына көкөністер суреттері беріледі, олар содан қандай тағам дайындауға болатынын айтып, ыдысқа салады.

Оқушылар тақпақтары:

  • Балалар күзде қандай айлар бар?

Қыркүйек-Жігер

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алтын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

 Қазан-Ернар

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Қараша-Динмухамед

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды

Жанель

Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын

Бұлбұл

Жайдар күз,алтын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқыған

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Динмухамед

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Оразмұхаммед

 Күз келді,сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

Айзерек

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Айғаным

Қызыл қырман басында

Ақ бидайды сапырған

Диқандардың қасында

Күз есепші отырған

Қыдырәлі

Ашылып күз құшағы

Жүрді еріп бізбенен

Жапырақтар ұшады

Жез алқадай жүздеген

Күз-Сабина: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

-Рақмет, балғын бөбектер! Сендерге өзімнің алып келген сыйлығымды үлестірейін.

(бәріне Күз өз сыйлықтарын үлестіреді)

Ербол: Құрметті ата-аналар, мейірімді Алтын күз. Осындай мерекенің шуғаын келтіріп, біздің концертімізді тамашалағандарыңызға көптен көп рақмет айтамыз.

Барлықтарыңыздың дастарқандарыңыз берекелі, әр шуақты күндеріңіз мерекелі болсын.

Ербол-Абильмансур: Келесі мерекелік ертеңгіліктерде кездескенше Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз