Өлең, жыр, ақындар

Қызықты грамматика (факультатив)

Құрастырған: З. Қ. Мықтыбекова
Бастауыш сынып мұғалімі
Өмірлік орта мектебі

Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3 - сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары

3 - сынып оқушыларына арналған факультативтік курс

Тақырыбы: «Қызықты грамматика»
Мақсаты: Оқушылардың грамматикалық сауаттылығын дамыту
Міндеттері:
- дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту;
- оқушылардың сөздік қорын байыту;
- көркем жазуға тәрбиелеу;
- тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысын қалыптастыру;
- дыбыстық жүйені, фонетика, лексика мен грамматиканы терең меңгерту;
- шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- еріктен тыс есте сақтауларын жүзеге асыру;

Түсінік хат
Қазіргі мектептің үшінші сыныбындағы қазақ тілі пәніне қосымша сабақ ретінде «Қызықты грамматика» факультатив сабағын алдым. Бұл қосымша сабақ аптасына бір сағат, оқу жылында барлығы – 34 сағат өткізіледі.
Бұл факультатив сабақты алу себебім: жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту, сауатты, әрі көркем жазуға баулу. Сонымен қатар оқушыларға жан - жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше талдауға үйрету. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттер ашу және оны дамыту.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ - оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.

Қазақ тілі /факультатив/
№ Сабақтың тақырыбы
1. Дыбыс. Әріп. Сөз
2. Сөздік диктант жұмысы (дыбыстық талдау жұмыстары)
3. Қызықты грамматикалық тапсырмалар
4. Шығармашылық диктант
5. Сөйлем (талдау жұмыстары)
6. Сөйлем мүшелері
7. Тұрлаулы мүшелер
8. Тұрлаусыз мүшелер
9. Көру диктанты. (көркем жазу)
10. Тірек сызбалармен жұмыс
11. Терме диктант
12. Карточкалармен жұмыс
13. Жалаң және жайылма сөйлем
14. Қаратпа сөз, тыныс белгілері
15. Дидактикалық материалдармен жұмыс
16. Өздік диктант
17. Ашық тест жұмысы
18. Мәтін, мәтіннің түрлері
19. Ескерту диктанты
20. Мәндес сөздер /синоним/
21. Қарама - қарсы мағыналы сөздер /антоним/
22. Мағынасы әртүрлі сөздер /омоним/
23. Сөз құрамы
24. Түбір мен қосымшаның жазылуы
25. Түбір және туынды сөз
26. Сөз таптары
27. Зат есім
28. Етістік
29. Сын есім
30. Сан есім
31. Графикалық жаттығулар.
32. Тест жұмысы
33. Бақылау диктанты
34. Жыл бойы өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Сөз. Дыбыс. Әріп»
Мақсаты: Тірек сызбалар арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын ажырату, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін кеңейту. Грамматикалық талдау дағдыларын, оқушы ойын дамыту;
Өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын дайындау.

2 Сөздік диктантына дайындық жұмысы

Тірек сызбамен жұмыс
- Сөз дыбыстардан құралады.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты естиміз, айтамыз,
- әріпті көреміз, жазамыз.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталату.
Дауысты дыбыстар

Жуан, жіңішке

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң, ұяң, үнді

3 Дәптермен жұмыс.
Суреттердің атауын дәптерге жазып, дыбыстық талдау жаса.

4 Сөздік диктанты.
Трамвай, вагон, велосипед, фонтан, асфальт, телеграф, ащы, тұщы, чемпион, плащ, кофе, флот, волейбол, телефон.
5 Сабақты қорыту. -
Бүгін қандай тапсырмаларды орындадық?
- Қандай тапсырмалар сендерге ұнады?
6 Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


Пікірлер (7)

Қаракөзайым

Басқада пәндерден де үйірме үлгілері көбірек болса, балаларымыз өте жақсы деген бағамен оқып,пәнге деген қызығушылығы артып, заманауи заттарға әуес болмайды деп айта аламын

акмарал

ағылшын тілінен 3-4 сыныпқа факультатив жоспары керек еди отінемін!

шынаргул

тіл дамыту мен көркем әдебиеттен 4-сыныпқа таңдау пәнінен сабақ жоспары керек еді

құндызай

тамаша

назерке

рахмет сізге мен орындадым

назерке

рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз