Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Аққайың орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі: Тулегенова Роза
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: етістіктен алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, талдау формасын қалыптастыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, белсенді ойлау қабілеттерін жетілдіру.
в) тәрбиелік: өзін - өзі тани білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Орыс тілі пәнімен кіріктірілген бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау т. б
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер т. б
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Кіріспе сөз. Психологиялық тренинг ( Ж.Р)
2. Оқушылар топқа бөлінді.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлең жолдары арқылы
1. Астана қаласына саяхат (Ережелер)
Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
Әрі есім сөздің, әрі етістіктің қызметін атқаратын қандай етістік?
Болымсыз етістіктің жұрнағын атаңдар?
Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің?
Етістік құрамына қарай қаншаға бөлінеді? Мысал келтір.
Етіс дегеніміз не? Қанша түрі бар және олар қалай жасалады?
Салт етістік пен сабақты етістік қалай жасалады? Мысал келтір.
Етістік мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
2. Алматы қаласына саяхат (практикалық тапсырмалар)
а) Мақал – мәтелдер оқығанда етістіктерді тауып етістіктерді жазып отырып, етістіктің түрлеріне ажыратып, талдау жасайды. Морфологиялық кешенді талдау.
2. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар
3. Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ер көгерер
4. Жақсының қасиеті – жарастыру,
Жаманның қасиеті – таластыру.
5. Аққу көлге, ер елге паналайды.
6. Елді сөкпе, кенді төкпе.
3. Көкшетау қаласына саяхат ( Шығармашылық жұмыс.)
Үш топқа сюжетті суреттер беріледі. Әр топ сурет бойынша күрделі етістіктерді қатыстырып әңгіме құрайды. Әңгімеден етістіктерді тауып, түрлеріне талдау жасайды.
-------------- көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір --------, надан болып.
Үйге тапсырма.
Етістіктер бар 10 жаңылтпаш, 10 жұмбақ жазып, құрамына, мағынасына қарай талдау.
4. Ақтөбе қаласына оралу (логикалық тапсырма)
8 картинадан «Мен армандаған мектеп» жобасын жасап қорғау
Берілген картиналар: кеме, шахмат, қалам, кітап, алма, гүл, шар, қолшатыр
Қорытынды: «Не білдім?»
Бағалау: Бағалау парақтары бойынша.
Үйге: карточкамен жұмыс.
Лаззат
Керемет