Өлең, жыр, ақындар

Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

 «АҚСАҚ КИІК»ӨЛЕҢІ

Сабақтың мақсаты: білімділік-ақын туралы қысқаша мәлімет беру өлеңнің мазмұнымен таныстыру, өлеңдегі өзекті мәселелердің түйінін шешіп, мәтінмен жұмыс істеу; тәрбиелік-қоршаған ортаны қорғауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке шәкірттер назарын аудару, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; дамытушылық- ақынның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасын таныту, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып,шығармашылық қабілеттерін жетілдірі.

Көрнектілігі: ақын суреті,тақырыпты суреттер,интерактивтік тақта,сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, бейнелеу өнері, ән, биология.

Сабақтың міндеті:

  1. Мазмұнды қамту. Өлеңнің мазмұнын оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы ашу.

а) Болжам жасау әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын түсіну. Болжау кестесін толтыру.

ә) Түсініктеме күнделігі арқылы түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. б) «Түртіп алу жүйесі» бойынша кесте толтыру.

  1.  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Өлеңнің мазмұнымен танысқаннан кейін өзекті мәселені анықтайды.
  2. Топпен жұмыс. Ой бөліседі, сөйлеседі, шығарманы талдайды, кестелер толтырады, көзқарасын айтады.

Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.      

Түрі:Дәстүрлі емес.

         Сабақтың барысы.

         Ұйымдастыру.  Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы тексерілді.

         Үй тапсырмасын сұрау.

Ж. Жабаев «Өтеген батыр» дастаны.

- Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет береді.

- Өтеген батыр қандай тұлға?

- Өтеген батыр мен Асан қайғының Жерұйықты іздеуінде қандай ұқсастық бар.

- Дастаннан халқымыздың туған жерге және мал жайылымына ерекше мән беретінін қалай аңғартуға болады?

Жаңа сабақ.

  1. Ой шақыру.

«Киік» деген қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?

  1. Мағынаны ажырату.
  1. Тақтаға сурет ілінеді. Суретте: дала, киік, мылтық, адам.
  2. Сурет бойынша болжау жасалады. Өлеңде не туралы әңгіме болады? Әр оқушы өз ойын айтады. 
  3. Оқушылар бірінші, екінші кестені суретке қарап болжап толтырады да, үшіншісін мазмұнымен танысқаннан кейін толтырады.

Болжау кестесі

Не болады деп ойлайсың?

           Оған

  қандай дәлел бар?

 

Не болды?

Далада жүрген киікті адамдар атып алады деп ойлаймын.

 

Киік,

мылтық

Мейірімсіз мерген Бетпақдала киікті атады. Шыбын жанымен алысып келе жатқан бөкенге ақын аяушылық сезімін білдіреді.

 

        

 

Сәкен Сейфуллин- лирик ақын. Жаны нәзік ақын өлең ғана емес, ән де  шығарған. Оның «Тау ішінде», «Біздің жақта» деген өлеңдері бар.

         Оның лирикалары жаныңды баурап, мейіріміңді оятады. Сондай өлеңдерінің бірі- «Ақсақ киік». Өлеңді мәнерлеп оқып шығамын. Оқи отырып мазмұнымен таныстырамын.

 

         Жоспар:

  1. Бетпақ дала табиғаты.
  2. Сұлу бөкен.
  3. Төнген қауіп.
  4. Жаралы киік.
  5. Мейірімсіз мерген.

Сөздікпен жұмыс жүргізу:

Сегіз көштік - ұзындық өлшемі

Таңы – жануарлардың сұлу мүсіні.

Қос- шатыр,күрке

Бетеге- шөп атауы.

Киік –аталық жануар.

Бөкен- аналық жануар.

Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.

-теңеу дегеніміз не?Көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Өлең құрлысына назар аударайық

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар. 11                   а

Бет-пақ шөл ой-лы- қыр-лы па-на-сы бар 11                а

Сол шөл-де күн жоқ, күн жоқ өс-іп-өн-ген 11               б

Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11                        а

Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы  деп аталады.

Әр топқа сұрақтар:

Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту

Ойын «Мәңгілік кезбелер»(тақтада киіктің суреті ілініп тұрады, артында сұрақтар жазылған алоқушылар шығып, әр топтан жауап береді )

- Ақын осы шығарманы жазу арқылы не айтқысы келді?

- Киік туралы өз ойыңды ортаға сал.

- Киіктер қай елдерді,аумақтарды мекендеген?

- Киік туралы мақал – мәтел білесің бе? Киік туралы қандай ырым бар?-- Киікке төнетін қауіптер, аурулар,жаулар қандай-қандай?

- Қазақстанда Ақбөкендердің қандай түрлері мекендейді?

( Арыс,еділ- жайық)

- Өсімдіктің неше түрімен қоректенеді?

- Мүйізінен және тұяғынан қандай дәрі жасайды?

( пантокрин –мүйізінен, Тұяғын күйдіріп-денедегі теміреткеге дәрі жасайды)

- Адам өміріндегі киіктің маңызы қандай?

-Киіктер шөлін қалай қандырады?

Ойтолғау, зерттеу:

Энциклопедия.

  1. А. Бекенова, С. Махмұтов. « Қазақстанның аша Тұяқты аңдарын қорғау және пайдалану».

Ойтолғаныс.

Үйге тапсырма беру:«Біз- табиғат сақшысымыз» ойтолғау жазу. Оқиға желісіне байланысты сурет салу.

 

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

Сөз соңында Жалғас Назаровтың «Ақбөкен» өлеңімен аяқтаймын.

 

Білетіні

Білгеніме

 сәйкес келмейтіні

Мен үшін    жаңалық

 

Таңғалдырды

Киіктің    далада, сахарада жүретіні.

Жүйрік аң деп ойламадым. Оны етінің, мүйізінің пайдасы         бар екенін білмедім.

 

 

Мүйізіне  дәрі жасалатындығы.

Адамдардың  оны қырып жоюы, оған аяушылық танытпауы ойландырады.      

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз