Өлең, жыр, ақындар

Ж ж дыбысы мен әрпі

Арал қаласы  
№ 220 орта мектебінің  
Бастауыш сынып мұғалімімі: Рима Зекенова

Сабақтың тақырыбы:Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты :«Ж» әрпін таныту, әріп элементтерін дұрыс жазуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы:сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әріптің баспа және жазба үлгісі.
Әдісі:түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
II. Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар, қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, жеміс-жидектер,көкөністер піседі, жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Міне, бізде де жеміс, көкөністер пісіп, жерге түсіп қалыпты, кәне осы жемістерді теріп алайық. Бұл жемістер жәй жемістер емес, оларда әр түрлі тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық.
III. Жаңа сабақ:
Дұрыс  айтамыз  балалар ендеше  төмендегі  мен  жасырғалы  отырған жұмбақтарды  шешіп көрелікші.  

1. Құйрығы он қарыс
Бұл айбатты жолбарыс. (Жолбарыс)
2. Ағайынды бәрі,
шықса- көк
түссе- сары (Жапырақ)

3) Ж әрпінен бастасақ 
Жатарыңда керекпін. 
Ж-ны алып тастасаң 
Дүйім елге қоректін (жастық-астық) 
4) Ж-дан егер бастасақ, 
Желбіреймін төбеңде 
П-дан егер бастасақ 
Сүйкімді аспын жегенде (жалау-палау)  

Бос жер қалмай аспанда 
Түнде шешіп тастаған 
Моншақтардың аты не? 
Қайсы әріптен басталған?  ( жұлдыз)
Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп. (Ж) 
Балалар,  біз  шешкен жқмбақтың  жауаптарына  назар аударайықшы. Суреттерге  көңіл  бөлейік. Сөздің  басында   қандай  дыбыс  естіліп  тұр?

Бейнеролик  Ж  дыбысының  айтылуы 

Ж әрпінің баспа және жазба түрін көрсету. Ж дыбысын айтқызу, ж дауыссыз, ұяң дауыссыз дыбыс.

Оқулықпен жұмыс.Буындар   ЖА   ЖО   ЖУ
а) сөздерді буынға бөліп оқыту., жу-ан, жа-са, жа-сау,жу-ас. жо-та
Жа-ға,            жа-лау,           жан-тақ             жу-а           жу-сан

(Әрбір  сөзге  тоқталып  мағынасын  түсіндіру,  оқушыларға  сөйлем  құрату). Бейнеролик  Ж ж дыбысы  мен  әрпі

Балалар, бейнероликте  көріп тамашалаған сөздер  оқулықтағы  жаңа  сөздердің ішінде  кездесе  ма  екен  назар аударсақ

Сергіту сәті:
Жаңбыр жауап басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Желмен бірге жапырақ.
Сыбдыр қағып шашылды.

 

ә) Мәтінмен танысу «жусан»
Мәтінді оқып түсіндіру. Әңгіменіңмағынасын ашу, жантақ пен жусанға түсінік беру.

(ЖАМБЫЛ АТА  

Дәптермен жұмыс.
а) «Ж» дыбысын ауада жазып көрсету.
ә)Дәптерге жазу
Шығармашылық тапсырма 

І топ     

1-деңгей Дыбыстық  талдау  жаса

ж     а     с     а            

2-деңгей  ж әрпінен  басталатын  сөздер  жаз

3-деңгей   Бірінші  әріптерін қосып, шыққан  сөзді  жаз

Бекіту  Үйлерін тауып, дұрыс орналастыр.

т  а п

    н Ғ ж р о у

   ш у л м

Үйге  тапсырма  беру

Мәтінді  оқу

Сөздерді  оқу 

Бағалау


Пікірлер (3)

Ескермесова Айман

Сабақ жосапрыңыз өте тамаша. Маған ұнады.

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз