Мектеп: Абай атындағы №4 мектеп лицейі
Тақырып: Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Құндылық: ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау, сабырлылық, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.
Мұғалiм: Маденова Эльмира Кайратовна
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.
Міндеттері: Білімділік: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығын ояту;
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Слайдтар. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сұрақтар:
Қорытынды:
Үй тапсырмасын тексеру. 11 сабақ, 58-бет, «Сурет» Ж. Дәуренбеков
Сурет Ж.Дәуренбаев. Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.
Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:
Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады. Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады. Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:
Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да:
Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты. Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты. Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.
Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.
Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...
Сұрақтар:
Қорытынды:
|
Сабақ барысын талдау: |
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» Сұрақтар:
Жаттату: -3 рет қайталау; -қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату; -2-3 баладан сұрау;
Қорытынды:
|
|
Әңгiмелеу. «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме) (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
Сұрақтар:
- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма? Қорытынды:
|
|
Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.
Немесе дәптермен жұмыс Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді. Әр топтың тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау. Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек. |
|
Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сұрақтар:
Қорытынды:
|
|
Үй тапсырмасы.
|
|
Баяу әуен қою.
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі