Балқаш қаласы
ЖББ №5 орта мектебі КММ «Еркетай» шағын орталығы
Тәрбиеші: Куттыбекова Гульзат Тенликовна
«Айгөлек» тобы ІІ кіші топ
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Әлеметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған орта,Тіл дамыту, Құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Жайлауға саяхат
Білім беру салалары: Таным, Қатынас,Әлуметтік орта, Шығармашылық. Денсаулық.
Бөлімдері: Тіл дамыту, құрастыру, математика, қоршаған ортамен таныстыру,дене шынықтыру, жапсыру.
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап, байланыстырып сөйлеу. Төрт–түлік малды атап, төлдерін ажырату, санау. Балаларды үй жануарларын және олардың төлдерін дұрыс атап, дыбыстарыдың дұрыс айтуын жетілдіру. Ойын әдісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: Төрт түлік мал суреттері және оның төлдері «Жайлау»көрінісі үнтаспа.
Билингвальді компанент: Көктем - Весна, лақ - козленок, құлын - жеребенок, қозы - ягненок.
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық.
- Жарайсындар балалар
Сабақтың барысы:
І.Сәлемдесу
Ұйымдастыру:
Балалар жарты шеңбер болып тұрады.
«Қайырлы таң көздерім – сендер оянындар»
«Қайырлы таң құлақтарым – сендер оянындар»
«Қайырлы таң қолдарым – сендер оянындар»
«Қайырлы таң аяқтарым – сендер оянындар»
- Жарайсындар, отыра қойындар.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем )
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем мезгілінің әдемі ерекшелігінің бірі малдар төлдейді.
Бүгінгі ашық оқу іс–әрекетіміз де осы малдардың төлдеріне арналмақ.
Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Қойды орысша қалай айтамыз?(Баран).
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Ал сиырды ше ? (Корова)
3. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Түйені ше? (верблюд)
Балалар бүгін біз үй жануарлары және олардың төлдері туралы әңгімелейміз. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
--Сиыр,қой,жылқы,ешкі,түйе
--Дұрыс айтасыңдар,ал енді толық білу үшін бүгін біз Нургул апайдың жайлауына саяхатқа барамыз. Нургул апай өзінің жайлауындағы үй жануарларымен таныстырады.
Тәрбиеші: Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады?
Балалар: Көктемде шығады.
Балалар жайлау бізге алыс, бірақ біз шыныққан балалармыз ғой, жаяу барсақ қалай болады?
- Әрине, жаяу барайық.
(Жәй әуен ойналады)
-- Ендеше, біріміздің артымызға сапқа тұрып жүреміз, мына жерде тастар жатыр екен, жыланша жүрейік. Балалар саппен жүріп, жыланша, тепе теңдік сақтап жүреді. Ой балалар мына жердегі көлден өту үшін мына хаттардың ішіндегісін құрастыруымыз керек екен.
- Ой, балалар, көлге тап болдық. Мынау көпір ғой, тепе–теңдікті сақтай, екі қолды екі жаққа созып жүріп өтейік.
«Жайлау»көрінісі.
Балалар айналаға қарайықшы. Керемет!
Балалар қуанады.
- Не көріп тұрсыңдар?
- Жасыл шөп.
- Гүлдер.
- Жайылып жүрген үй жануарлары, төлдері.
Міне балалар жайлауға да келіп жеттік! Нургул апаймен сәлемдесіңдер! Нургул апай, біздің балалар үй жануарларымен танысуға келді Нургул апаймен амандасып, оларға үй жануарларын таныстыра бастады.
- Мынау - сиыр, қасында тұрған - бұзауы. Ал мынау – жылқы, қасындағы – құлыны. Мынау – ешкі, қой, сиыр, жылқы. Сиыр бізге өзінің сүтін, айраның, құртын, етін береді. Біз оны жейміз, ішеміз.
Қарандаршы балалар менің үй жануарларым қандай көп мен соларды санай алмай басым қатуда маған көмектесесіңдерме?
Балалр апайға үй жануарларын санауға көмектесемізбе?
1-дегенім баспақ
Бұзауды жүр тастап
2-дегенім ешкі
Ешкі қойдан есті.
3-дегенім үйрек
Жеммен қолға үйрет.
-- Ой балалар сендерге үлкен рахмет!
Балалар ойын ойнағыларын келеме? «Үй жануарлары қалай дыбыстайды»
-- Ал балалар, Нүргүл апайға алғысымыз ретінде тақпақтарымызды айтып берейік.
Мансұр: Қой
Еті тәтті, сүті бал
Қой, ешкі ең құнды мал.
Ершат: Құлын
Ерге қанат тұлпар мен
Қай түлік келер маған тең?!
Сүтім-қымыз, етім-ем,
Білесің бе оны сен?
Сиыр: Іңкәр
Мінезім жайлы сиырмын.
Байлығымын бір үйдің,
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Түйе: Ердәулет
Ең зор түлік – түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң сүтім шұбат,
Дертке дауа, бойға қуат.
Апай:Ой балалар қандай өнерлісіңдер жарайсындар.
Тәрбиеші: Балалар біз Нургул апайға алғысымызды айтып қоштасайық кедергілерден өтіп оз орнымызға жайғасайық.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
- Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.
Дидактикалық ойын:
«Қай жануардың көлеңкесі қай жерде орналасқан ».
(балаларды столға отырғызып алдарына қағаздарды таратып беру)
Ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақандарды көрдіңдерме ме?»-деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді. Қағаздар таратылады, оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;
Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:
Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:
- қошақанның бұйра жүндерін жасау қажетігі келісіледі;
- ол үшін қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді;
- осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасайды.
- Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
Балалар жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсіріп ұқыпты болайық, Желімді ауызға, стол үстіне жақпаймыз. Нүргүл апайдың жайлауындағы қошақанды қағазға жапсырып болдық па?
Балалар жапсырған қошақанды қолдарына ұстап тұрып әнді орындайды.
«Қошақан» әніне музыка әуенімен жасалады:
Жазда атамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнақтап жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай мекен
Шекер ме екен, бал ме екен,
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.
Жануарлар қайда тұрады?
-- Қорада.
Өте жақсы балалар жарайсындар.
Оларды неге үй жануарлары дейміз. Өйткені үйде өсірілетін жануар болғандықтан. Үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар.
Жануарларынан: Түйеден – Жүнін .
Жылқы – Мінсе көлік, ішсе сусын.
Сиырдан – Сүт,құрт, май, айран, ірімшік.
Қойдан - Жүнін, етін пайдаланамыз.
Оларды күтіп баптау үшін біз не істейміз? Оларға уақытылы жем шөбін беріп қорасын тазалап отыру қажет. Әрбір үй жануарларының өз пірлері болады.
Түйе – Ойсыл қара
Жылқы - Қамбар ата
Сиыр – Зеңгі баба
Қой – Шопан ата
Ешкі – Сексек ата.
Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтының, олардың төлдері, пайдасын біліп үйрендік.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі