Қызылорда қаласы, № 253 мектеп
Сексенбай Ләззат Нұрадинқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ күріштің атасы»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ақ күріштің атасы Ы.Жақаев туралы түсінік бере отырып, патриотизмге, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, ізденімпаздық, танымдылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Жақаевтың суреті, қанатты сөздері, слайдтар, бейнеролик
Тәрбие сағатының барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз
ІІ. Психологиялық ахуал
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек айту.
ІІІ. Кіріспе бөлімі
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Қызылорда облысы
- Қызылорда облысының басты шаруашылықтарының бірі не?
- Күріш егу
- Иә, күріш шаруашылығы біздің облыстың визиттік карточкасы сияқты.
- Сол ақ күріштен мол өнім алып, ақ күріштің атасы атанған кім екенін білесіңдер ме?
- Әрине ол Ыбырай Жақаев.
ІV. Негізгі бөлімі
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ақ күріштен мол өнім алудан алға шыққан адам – кезінде атағы әлемге жайылып, «ақ күріштің атасы» атанған Ыбырай Жақаев атамызға арналалады.
Ыбырай Жақаев - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.
1.Топтық тапсырмалар:
1-топ: Қызылорда облысы туралы өз білетіндерін жазу.
2-топ: Күріш туралы білетін мәліметтерін жазу.
Мұғалімнің толықтыруы:
- Қызылорда облысы Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай созылып жатыр. Оның ең басты қаласы – Қызылорда. Бұл аймақтың табиғаты шөлді. Жерінде үлкен - үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі. Бұл өлкенің басты ерекшелігі - Сырдария бойында жатуы. Шөлді аймақты көркейтіп, ақ күрішті жайқалтып отырған Сырдың суы.
Күріш- астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.
Масақшалары тік өседі, қысқа гүл сағақты бір ғана гүл болады.
Күрішті – крахмал өндірісінде қолданады. Қүріш қайнатпасы – асқазан аурына қолданылатын тамаша дәрі. Сабын мен шырақ дайындауға күріштің дәнегінен май алынады. Қүріштің сабан сабағы жоғары іріктемелі қағаз жасуға жұмсалады. Қазақстанда күріштің бірнеше сорттары бар.
2. Ыбырай атаның күріш, еңбек туралы нақыл сөздері:
1-оқушы: Күріш өнімі берекелі тегіс жерге ғана шығады. Өйтені күріш суда өсетін дақыл, ал су тегіс жерге ғана жақсы жайылады. Адам сияқты егінде таза суды тілейді, ескерген судан егін де ауырады. Оған үнемі таза су бер. Күріш сабағы тебіндегеннен бір ай кейін ғана тік тұра алады. Дән шығатын құлағы сонда ғана шығады. Сол құлаққа су кетсе, күріш керең болады, дән байламайды.
2-оқушы: Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі
3 оқушы. Еңбек — ырыстың қазығы.
4 оқушы. Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Соның тілін тауып, соған қызмет қыла біл.
5 оқушы. Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.
6 оқушы. Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
7 оқушы. «Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абырой кеткізер»
8 оқушы. Егіншілік – ежелгі кәсіп,
Еңбекшіге – нәсіп
9 оқушы. Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.
3. Ыбырай Жақаев туралы естеліктерді бейнерликтен көрсету.
V. Қорытынды бөлімі
Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы. Ол кісі туралы қазақ ақын-жазушылары көптеген жыр шумақтарын жазған.
1. Асқар Тоқмағамбетов:
“Отыр, міне, ортамызда, секілді бір, тау биігі Гималай.
Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан,
Ер Жақаев Ыбырай”, – деп жырлайды.
2. Күріштен бүкіл әлем таңырқайтын
Рекордтың туған жері – бұл бір айқын.
Бұл күнде кім білмейді Шиелісін,
Күрішшілер маршылы Ыбырайын
Ыбырай еңбегімен ұнағанды,
Көтеріп елі кетті бұл адамды.
Ерлігін естіп, бұрын шыдай алмай,
Сабит те келіп жазды романды, деп Адырбек Сопыбековжыр арнаған.
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов өзінің “Сырдария” романын жазу үстінде Ыбырай Жақаевтың үйінде айдан астам жатып, атақты шығармасының бас кейіпкері ретінде дала академигінің мінез-құлқын, өмір салтын зерттеген. Екеуінің арасында айтылмаған сыр, әңгіме қалмаған. Ақыр соңында әдебиет алыбы мен даңғайыр диқан сыйлас, қимас дос болып кеткен.
Ыбырай Жақаевтың дала академигі деген теңеуінің өмірге келуіне бірден-бір себепкер болған да осы Сәбит Мұқанов ата болған.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістен кейінгі үш жыл қатарынан Ыбырай ата әлем жұртшылығының еріксіз таңдайын қаққызды. 1945 жылы күріштің әр гектарынан 156 центнерден, 1946 жылы 160, 1947 жылы 171 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд жасады.
Содан бері бұл көрсеткіштен әлемде асып түскен ешкім жоқ.
– Рекорд қалай жасалды? – деп кейін талай қойылған сауалға Ыбырай ата:
– Алдымен еңбек! Сонан соң еңбек! Тағы да еңбек! – деп жауап беріп келген екен. Ыбырай ата - еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі болған.
Балалар, біз де Ыбырай атамыздың ерен еңбегінен үлгі ала отырып, ерінбей, жалықпай оқып, жақсы азамат боп өсуге талпынайық!
Əділет
Неге толық мәлімет берілмейді