Тақырыбы: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»
Мақсаты: Оқу барысында алған білімдерін нығайту, сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ребустар.
І. Ұйымдастыру кезеңі
І-топ: Зерек
ІІ-топ: Талап
Сайыстың барысы:
ІІ Кіріспе
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Жұмбақ шешіп, мақал айтып
Көңілді кеш жасайық! – дей келе 3 сыныптар арасында «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысатын оқушылар:
1. Әділханова Еркеназ 3 «В»
2. Мералиева Аружан 3 «В»
3. Кәрібай Ернұр 3 «В»
4. Оралбеков Бақтияр 3 «В»
5. Өтеміәс Мадияр 3 «В»
6. Сейдәлиев Талғат 3 «Г»
7. Аймұратова Аяна 3 «Г»
8. Аймағанбет Ерсұлтан 3 «Г»
9. Нағашыбаев Олжас 3 «Г»
10. Темірханова Гүлсезім 3 «Г»
Сайыс бағдарламасы:
І бөлім: «Әріптер сыр шертеді»
ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді»
V бөлім: «Кім зерек?»
ІІІ Негізгі бөлім
І бөлім: «Әріптер сыр шертеді?
1. Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ. (И)
2. Суда бар, отта жоқ,
Буда бар, шоқта жоқ. (У)
3. Айда бар, күнде жоқ,
Аспанда бар, жерде жоқ. (А)
4. Орманда бар, үйде жоқ,
Қоянда бар, итте жоқ. (О)
5. Борда бар, тақтада жоқ,
Балда бар, майда жоқ. (Б)
6. Машинада бар, қайықта жоқ,
Шанада бар, арбада жоқ. (Ш)
ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1. Білекті бірді жығады, . . . мыңды жығады.
2. Халық айтса, . . . айтпайды.
3. Ел үмітін . . . ақтар.
4. Өнер алды . . . тіл.
5. Ердің атын . . . шығарады.
6. Тіл тас жарады, тас жармаса . . . жарады.
7. Сөз тапқанға . . . жоқ.
8. Жақсы сөз . . . ырыс
9. Бірлік болмай . . . болмас
10. Көз қорқақ, . . . батыр
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
1. Мықынын таянып,
Тұрмайды аянып,
Ертемен тұрады,
Қоқысты қуады. (сыпырғыш – веник)
2. Кіп-кішкентай бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой - баран)
3. Тысы жасыл, астары асыл,
Құйқасы қатты, еті тәтті (қарбыз – арбуз)
4. Қанаты бар ұша алмас,
Құрлықта қаша алмас, (балық – рыба)
5. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз – лук)
6. Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат – часы)
7. Сүйрең, сүйрең етеді,
Із қалдырып кетеді. (қаламсап – ручка)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем (кітап – книга)
ІV бөлім: «Бәрін білгім келеді» (ребус шешу)
Шешуі: білім, шаңғы, ферма, флейта
V бөлім: «Кім зерек?»
«Ханталапай» сөзіне сөз құрап айту
Жауаптары: хан, хат, талап, апай, атай, ат, халат.
ІV. Қорытынды
Қазылар алқасына сөз кезегін беру, жеңімпады анықтау, марапаттау.
Айша
Пайдама жарады