Өлең, жыр, ақындар

Мың мамандық бәрі бар. Таңдап, талғап бірін ал!

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп
жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Утегенова Сания Хайсағалиқызы

10 «б» сыныбы

            Сынып жетекшісі: Утегенова С.Х.

Тәрбие сағаты

 Тақырыбы: «Мың мамандық бәрі бар. Таңдап, талғап бірін ал!»

Мақсаты:

Мақсаты: Мамандық таңдау еркіндігі жағдайында оқушыларға  өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, көмек көрсету, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру.

Табыс критерийі:

Оқушылар өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай мамандық таңдауды үйренеді; мамандық таңдауда қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын түсіне біледі; кәсіп таңдау мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушыларда коллаборативті ортада жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; қатысушылардың пікірін тыңдау арқылы ортақ қорытындыға келуді үйренеді:

Ресурстар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, слайдтар, интернет ресурстары, көрсетілім.

Коучингтың өту барысы

Коучтың іс -әрекеті

Эпиграф: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың». Бауыржан Момышұлы

Тыңдаушылардың іс - әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

(5 мин)

 «Қолыңмен көрсет!» тренингі

   1. Сәлемдесу

   2. Достық

   3. Аяушылық

   4. Қуаныш

   5. Сәттілік

   6. Қоштасу

Жұмыс барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

Топқа бөлу.

 

«Алтын ереже» құрастыру

 

 

«Арман», «Мақсат», «Жетістік», «Табыс» сөздері арқылы топқа бөлу.

 

 1)  Көтеріңкі көніл –күй.

 2) Достық-қарым-қатынас.

 3) Ұжымда бірлесіп жұмыс жасау.

 4) Шығармашылық шабыт.

 5) Бір-біріміздің пікірімізді тындау.

 6) Берілген уақытқа бағыну.

Қатысушылар топқа бөлініп отырады.

Миға шабуыл

«Мақсат деген не?» /Мақсат ұғымының мәнін ашу/

Қатысушылар постерге өз ойларын түсіреді

Қызығушы лықты ояту

 

Көрсетілім:   “Пабло и Бруно” 

(-Сонымен көрсетілімді тамашалай отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Көрсетілімнен не түсіндіңіздер?

 (Ашық пікір айтқан топ мүшелеріне жұлдызша беріледі)

Қатысушылар көрсетілімді тамашалағаннан кейін өз ойларын түйіндейді.

Оқушыларға  негізгі мектепті немесе орта мектепті аяқтағаннан кейін қандай жолды таңдай алатындықтары жөнінде түсінік

 

 

 

 

Оқушылар негізгі мектепті. Орта мектепті аяқтағаннан кейін қандай жолды таңдай алатындықтары жөнінде мағұлмат алады.

 

 

 

Атырау қаласы бойынша сұранысқа ие және көп қамтылған мамандықтар тізімімен  танысады

   Сұранысқа ие мамандықтар

Ең көп қамтылған мамандықтар

Дефектоскопист

экономист

аргонды  газбен дәнекерлеуші

есеп және аудит

токарь

есепші

құзға өрмелеуші

эколог

дәрігер

мұнай бұрғылау маманы

фармацевт

заңгер

 тамақ өнеркәсібі техник- технологі

труба монтаждаушы

құрылысшы

 

жарнамалық қызмет менеджері

 

тұрмыстық қызмет көрсету

 

 Сауда-саттық менеджері

 

 

 

«SMART - мақсат» презентациясы арқылы түсінік жұмысын жүргізу

 

 

 

 

SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы  Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specific- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болаты;

Attainable-қолжетімділік;

Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

1. Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Мен оқуға  түсемін» деген мақсат айқын емес. Ал, ол айқын болу үшін   негізгі мектепті (9-шы сыныпты)  бітірген соң ба, әлде орта мектепті (11-ші сыныпты) соң түсетінім нақтылануы керек. ( Жоғарғы оқу орны, әлде арнайы орта оқу орыныма?)

2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «9-шы сыныпты аяқтаған соң колледжге түсемін» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Мен Атырау қаласындағы педагогикалық колледждің бастауыш сынып мұғалімі бөліміне оқуға түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4. Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, өзің таңдаған мамандықты меңгеру үшін білімің, қабілетің аталған мамандықтың иесі болуға жеткілікті ме? Немесе оқуға ақылы бөлімге түскен жағдайда сенің шығыныңды өтеуге жанұя бюджеті көтере ме?

5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.

 

 

Коуч «SMART-

мақсат» презентация-

сы арқылы түсінік жұмысын жүргізеді.

 

 

 

Сергіту сәті

 

Ойын: Жүргізуші  топтарға бір әріп жазылған  қағаздарды үлестіреді, оқушылар аталған әріпке мамандықтарды жазады, бірақ келесі топқа ыммен  түсіндіреді . Ең көп және көп кездеспейтін  мамандық атауларын атаған және дұрыс түсіндіре білген топ жеңіске жетеді.

Топ мүшелері ойынға қатысады, тақырлықтарын, жылдамдықтарын сынайды

Практикалық тапсырма

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындау

барысында  берілетін кеңестер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бұл кім?» ойыны

 

 

 

Соңғы уақытта пайда болған мамандықтар

 

Алдарыңыздағы флипчарт қағаздарға  қолыңызды қоя отырып, өзіңіздің бес саусағыңыздың суретін айналдырып сызып шығыңыз. Әр саусаңыз белгіленген жерге SMART-тың   шарттары  бойынша  мамандық таңдаудағы өз мақсаттарыңызды  жазыңыз.

Кеңестер:

1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.

2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.  Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби  жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)

5. Кез келген арманды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

        Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:

1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру.

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

«Бұл кім?» ойыны

      Топ мүшелерінен, өздеріне ұнайтын мамандықтарды атауларын сұрайды.

Аталған мамандықтарды коуч тақтаға жазады. Содан соң тақтаға жазылған мамандықтардыдың біреуін атайды. Топ мүшелері аталған мамандықтың  сол топты қай мүшесіне сәйкес келеді деп ойлайтынын айтып және неге олай ойлайтынын түсіндіреді. Топтың қанша мүшесі солай ойлайтыны анықталады. (Мәскеу мемлекеттік университетінің психологі Николай Сергеевич Пряжников мұғалімдер мен атаналардың пікірлеріне қарағанда құрдастардың  болжауларының мамандық таңдау мәселесінде дәл келіп жататынын зерттеген)

Web-программист, web-дизайнер – ғаламтор желісінде сайттар құру мамандары.

 Аудитор -   әртүрлі компаниялар жұмысында қаржы ісін тексеруші және олардың  қызметінің тиімділігін, табыстылығын анықтаушы маман.

Бренд-менеджер – бренд ойлап табушы және оны нарықта  ұсыну жолдарын ойластырушы   маман.

Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші маман. Көлік логистик маманы компанияның көліктерінің жүк тасымалдау схемасы ойластырады, ал қойма логистик маманы- қоймадағы заттардың, тағамдардың сақталуын ұйымдастырады.

Маркетолог -  латын тілінен аударғанда «нарықты білетін» дегенді білдіреді. Нарық сұранысын, тұтынушылар талғамын  зерттеуші маман.

 Мерчендайзер -Үлкен дүкендерде өз фирмасының  тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын, қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап, тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керек, дүкен сөрелеріне қалай орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді. Бірақ бұл мамандыққа әзірге ешбір оқу орнында оқытпайды.

Оқушылар арнайы, нақты; өлшеуге болатын; қолжетімді; шындыққа сай; белгілі бір уақыт арлығымен шектелген мақсаттарын қағазға түсіріп, қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларт ойынға қатысады, болжауларын айтады, пікір бөліседі.

Оқушыларға арналған сауалнама

Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама

Фамилиясы .......................................      Есімі...................................

Мектебі.......................  Сыныбы............................. Жасы....................................

Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауаптың астын сызып, керек жерінде толықтырып отыруға болады.

1. Қандай пәндерді ұнатасың?

2. Қандай пәндерді ұнатпайсың?

3. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник

4. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз?

5. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше)

6. Саған қандай кәсіп ұнайды?

7. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға)!

8. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)

9. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юрис пруденция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өндірістегі жұмыс).

10. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?

- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерін  оқып жүрсіз бе?

- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)

- қызықтырған пін жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай)

11. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)

12. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?

13. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?

14. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай...................................

Оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап береді.

Рефлексия

Аяқталмаған сөйлемдер

1. Мен бүгін ___________________________________білдім.

2. Маған ______________________________ қызықты болды.

3. Маған___________________________________қиын болды.

4. Мені ________________________________таң қалдырды.

5. Бұл сабақ менің өміріме -----------------------------_______________________берді.

Оқушылар өз ойларын  стикелерге түсіріп Блоб ағашына жапсырады

 

 

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Коуч қорытындылайды

 

(0асатын слайдтар)

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады

(2 слайд)

Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

 Адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

 


Пікірлер (5)

аййнур

керемет !!!

аййнур

кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыруына жақсы құрасырылған маған ұнады.

baiserke40

керемет

лязат

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз