Өлең, жыр, ақындар

Менің елім - Қазақстан

Қарағанды облысы
Ақтоғай ауданы, Қаратал ауылы
Д.Стамбеков атындағы негізгі орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Адамбаева Гульжан Канатовна

Адамбаева Гульжан Канатовна

«Д.Стамбеков атындағы негізгі орта мектеп»

 

 

Тақырыбы:

«Менің елім - Қазақстан»

Мақсат:

 

-Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. Елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

(А) оқушылар үшін оқыту нәтижесі

Әңгімеде бейнеленген оқиға әрекетіне өз көзқарасын білдіре алады

(В) оқушылар үшін оқыту нәтижесі

 

Әңгімедегі кейіпкер бейнесін аша алады

(С) оқушылар үшін оқыту нәтижесі

 

Әңгіме мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерін біледі

Табыс критерииі:

Әңгіме мазмұнын талдай алады

Әңгімедегі кейіпкерді таба отырып, бейнесін аша алады.

 Негізгі кейіпкерді орнын анықтайды;

Түйінді идея:

 Сын тұрғысынан ойлау  арқылы шығарманы талқылай алады.Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», Оқу үшін және оқуды бағалайды

Оқулық:

 

 

 

Сабақ барысы/мұғалім ескертпелері:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе 3мин

 

 

Өткенді талдау

1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері «Жүректен-жүрекке» ынтымақтастық атмосферасын құру.

2.Миға шабуыл»

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Отан, туған жер туралы қандай тақпақ немесе мақал білесің?

Қазақстан Конститутциясына неше жыл?

Оқушылар «Шаттық шеңберін»құрып, «Жүректен-жүрекке»бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

-Қазақстан

- Отан оттан да ыстық.    

 

 

 

 

Бас бармақ

 

 

 

Жүрекше

слайд

 

Жаңа материалдың тұсаукесері

Жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып анықтау. «Бес сұрақ» әдісі

1.  Қазақстан Конститутциясына неше жыл?

2.Білім беруші кім?

3.Оқып білім алатын орын?

4.1 қыркүйек қандай мереке?

5.30 -  тамыз қандай күн?

 

«Бес сұрақ» әдісімен сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

.-20 жыл

- ұстаз.

-мектеп.

-Білім күні

-Ата  Заң мерекесі

Бас бармақ

 

Жаңа материалды тәжірибе жүзінде қолдану

Негізгі бөлім. Кейіпкердің іс-әрекеті арқылы кейіпкер бейнесін ашу. Әр оқушы назар аударып тыңдайды.

Мұғалім: Конституция күні - біздің мемлекетіміздің,  халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі - киелі», дейді дана халқымыз. Ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы - бүкіл Қазақстан халқы.  
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды  атқардық.
Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияныңжүрегіне  орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.
      Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ  елінің, Қазақстан халқының қарымды істері  бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі - өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл - адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Міне, биыл осы Конституциямызға 20 жыл толып отыр.

Жаңа Конституцияның қабылдануы Президенттік басқару нысанының ауқымында мемлекет басшысына мемлекеттік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етуге, қоғамды тупкілікті реформалауға мумкіндік береді. Көп ұлтты, әрі көп дінді қоғамда азаматтық татулықтың, қоғамдық тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің кепілі - Президенттің болуы өмірлік мәнге ие болды. Биліктің тұрақтылығы реформаларды  жүргізудің жоспарлылығын, нақтылығын және саяси сабақтастығын     сақтады.

Осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс- әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты.      
Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары  азамат Конституцияда  бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні  мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция Қазақстан Республикасының Ата Заңы. 
Жоғарыда айтылған ойымды түйіндейтін болсам, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата Заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек. 
Ата Заңымыздың 20 жыл толуына байланысты мына өлеңмен шығармамды қорытамын

«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай дегенеді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.

Слайд көрсету.

.Әр оқушы өз пікірін айтады..

«Мағынаны таны»әдісін қолданады.

Мағынасы қиын сөздерді айтқызу

Топпен жұмыс жасайды.

Бірлесе отырып, әңгімедегі негізгі ойды  анықтайды, бір оқушы қорғайды.

 

А-деңгейі.Еңсеп бейнесі арқылы берілген пікірге сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді.

 

В-деңгейі.Кейіпкерді бейнесін сипаттайды.

 

С-деңгейіМазмұны арқылы түрін сипаттайды..

Формативті бағалау

Слайд

Қорытынды

5мин

Ата Заңның адам өміріндегі маңызын дәлелдеу.

 

«Галереяға саяхат» әдісімен кейіпкер бейнесін ашады. Сурет салады.

Кері байланыс

Өзін өзі бағалау

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз