Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай ауылы, №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Танатарова Разия Нурымовна
Сабақтың мақсаты:
1. Жер асты сулары, құдық, бұлақ, тұма, өзен-көлдер және олардың адамға тигізетін пайдасы туралы білім беру.
2. Ой-өрісін, елестету, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаны қорғай білуге, суды үнемдеуге, тиімді пайдалануға баулу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Психологиялық дайындық
«Су қойма» сөзіне ассоциация жасау Кім жүйрік, кел ойланайық!
- Біздің ауданымызда қандай су қоймалар бар?
(Мұхиттар, көлдер, теңіздер, тоғандар, өзендер, жылғалар, құдықтар, ыстық сулар, бұлақтар)
- Әр жыл мезгілінде олар суын қалай толықтырады?
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Су. Табиғаттағы су айналымы
1 - топ «Судың өмірлік маңызы»
2 - топ «Судың қасиеті»
3 - топ «Ластанған суды тазартуға бола ма?»
4 - топ «Судың құрамы»
4. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест
1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А. сұйық, қатты, газ.
Ә. сұйық, газ, ащы.
Б. сұйық, газ, жұмсақ.
2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А. үштен бір.
Ә. үштен екі
Б. екіден бір
3. 70 кг. адамның денесінде қанша кг. су бар?
А. 60 кг.
Ә. 70 кг.
Б. 50 кг
4. Адам су ішпей қанша шыдайды?
А. 1 күн.
Ә. 1 апта
Б. 3 күн.
5. Судың күйі неге байланысты болады?
А. Суыққа
Ә. Ауа райына
Б. Температура мен ауаға
Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
Жаңа материалмен жұмыс. Жерасты сулары.
Мәтін неге бұлай аталған? Онда не туралы әңгімеленуі мүмкін? Жерасты сулары туралы не білесіңдер? Ол сулар қалай пайда болады деп ойлайсың?
Оны пайдалануға бола ма?(оқушылар өз ойларын білдіреді)
4. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді өз бетінше оқыту. Оқу барысында мәтіндегі негізгі ойды ашуға ынталану және жоспар құра әңгімелету.
Жерасты сулары туралы электронды оқулықтан бейне баян көрсету.
Жерасты сулары қалай толығады? Жыл мезгілдеріндегі ауа-райының өзгерістері қалай ықпал етеді?
Мәтіндегі жерасты сулары, бұлақ, тұма туралы бөліктерді белгілету.
Оқушылар кестені көрсетілген белгілер бойынша толтырады. Кестеге мәтін бойынша алған мәліметтерін қысқаша жазады.
Жұптасып жұмыс істеу.
Бір-бірлерінің кестелерін ауыстырып, белгілерді салыстырады. Пікір алмасады.
Сергіту; Меркі жері емдік шипалы суларға бай өлке. Мерейлі Меркіміз қаншама ақындар мен жазушылардың шығармашылығына негіз болып, қалам тартуларына ықпал етті. Сұлулығына тәнті перзенттерінің дарынын ашты. Талай тарландар мен дарабоздарды түлеткен туған өлкеміз туралы ән тыңдайық «Аңсаған ауылым»А. Қоразбаев.
5. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.
1. Судың қасиеті - жақсы еріткіштігі. Тәжірибе жасау. (Ас тұзын стақандағы суға салып еріту)
2. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді. Физикалық қасиетін өзгертеді, дәм және иіс т. б
3. Минералды су жарамды, жарамсыз болады. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде 2 - 20г. еріген тұздары болады. Адам ағзасына пайдалы әрі сырқаттарынан айыруға көмектеседі. Сондықтан оларды «Шипалы су»деп атайды
4. Меркі шипажайы туралы әңгімелету. Суреттерін көрсету.
5. Сарыағаш курорты туралы оқыту. Суреттерін көрсету.
6. Өз ауданымыздан шығарылатын су туралы әңгіме.
6. Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Су туралы мақал-мәтел жазу.
2 - топ. Су - нәр, су тұнық нұр (эссе)
3 - топ. Тыйым сөздер жазу.
7. Сабақты қорытындылау.
Сұраққа жауап алу.
А. Егер тіршілік сусыз қалса не болады?
Ә. Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?
Б. Маңында өзен - көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?
В. Құдық суы ішуге жарамды ма?
Г. Біздің ауылымызда минералды су бар ма?
Д. Жерасты сулары деген не? Оны қалай алуға болады?
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма беру. «Жерасты сулары» оқып, мазмұнын әңгімелеу.
«Су тіршілік көзі» эссе жазу.
Жер асты сулары
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
Бұл — жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.
Табиғаттағы су айналымы
Толық мақаласы: Табиғаттағы су айналымы
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.
Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.
Суды тазарту жолдары
Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.
Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.
Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.
Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.
Динара
Керемет сабақ