Өлең, жыр, ақындар

Ғ.Мүсірепов. "Ана құшағында"

Мұратова Ақбаян Мұратқызы
Теміртау  көпсалалы
«МИРАС» колледжі ЖММ
арнаулы пән мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
үлгілік сабақ 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. "Ана құшағында"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Әңгіменің мазмұнын ашу, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, оқу талдау, бекіту.
Дамытушылық. Оқушылардың ізденіс іс - әрекетін қалыптастыру, ойлау,
қиялдау, елестету, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік. Ата - анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Адалдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтері.
Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің суреті, мазмұнға сай суреттеу, әңгімелесу картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың, мәңгі сені.
Балалығым бақытым! Қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек».
І топ. Мазмұнын айтқызу.
ІІ топ. Үлекке сипаттама жазып келгендерін оқиды.
ІІІ топ.  Портрет дегеніміз не? Мүлікбай атаның портретін көрсететін тіркестерді теріп жаз.
ІҮ топ. Сұрақтарға жауап беру.
1.    Үлек дегеніміз не?
2.    Балалар Мүлікбай атамен бірге қайда, не үшін барды?
3.    Балалар неден, неге қатты қорықты?
4.    Егер Мүлікбай ата бармаған болса, не болар еді?
5.    Әңгіменің ең соңғы сөйлеміне қандай қорытынды жасауға болады?
6. Әңгімеде жер аттары мен түйе жейтін шөптердің аттарын ата?
     Сергіту сәті:
Он, жиырма, тоқсан, отыз,
Тойлаймыз ата тойын біз.
Ғабит ата өзіңдей,
Біз жазушы боламыз.
Жазған аңыз, ертегіңді,
Ынта қоя оқимыз.
Түлкі болып қашамыз, қашамыз.
Торғай болып ұшамы, ұшамыз.
Орнымызға қонамыз, қонамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Кіріспе
-Балалар қазір мен бір шумақ өлең оқимын, кім туралы айтылған?
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
-Ана туралы.
-Ендеше бүгінгі сабақта Ғ.Мүсіреповтің Ана құшағында («Қазақ солдаты» романынан үзінді) шығармасымен танысамыз.
2. Қызығушылығын ояту.
а) Тақырыпты ашу.
Тақтаға әңгіменің тақырыбы жазылады.
-"Ана құшағы" дегенді қалай түсінесіңдер? - Адамның екі қанаты кім? (Ата-анасы)
-Ананың махаббаты дегенді қалай түсінеміз? (баласын жақсы көруі, ерекше нәзік сезімі, балаға жүрек жылуы)

І топ                           жарық өмір сыйлаушы     ақылшы
             аяулы жан

ұстаз                                                               қамқоршы
           дос
                             пана
«Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!» - дейді. Осы тіркесті қалай түсінесіңдер?
ІІ топ -Толқымайтын жүрек тіркесіне келсек, адам жүрегі қай кезде толқиды. (қуанғанда, шаттанғанда).
Ана деген ыстық сөз - ол бойға жылу таратады - жылуды жүрек сезеді - толқу пайда болады.
ІІІ топ - Тасымайтын қан - шын мәнінде қан тасымайды (су тасиды) ол неге тасиды (су көбейген соң көптігінен тасиды, яғни молшылық күштілікті туғызады да тасиды).
ІҮ топ - Сезбейтін сезім - сезім дегеніміз (сыртқы дүниенің, құбылыстың адамның ішкі жан дүниесінің әсер етуі).
Жүрек толқуы - қан тасуы - шаттық сезім.
ә) Сурет бойынша әңгіме құру.
- Осы суретке қарап отырып, әңгіме не жайында айтылады, соған болжам жасайық. (жұпта өз ойларын талқылай отырып, әңгіме құрастырылады).

Автроды таныстыру: Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902 - 1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылыми академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес үкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.
Мүсіреповтің "Ұлпан", "Оянған өлке", "Жат қолында", "Қазақ солдаты" романдары жөнінде ғылыми еңбектер көп жазылған.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел - Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел - Ана тұғаларының галереясын байыта түсті. Ол "Ананың анасы" (1993), "Өлімді жеңген ана" (1933), "Ашынған ана", "Ананың арашасы" (1934), "Ер ана" (1942), "Ақлима" (1944), "Әмина", "Ана жыры", "Ана" шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Мүсіреповтің алғашқы романы - "Қазақ солдаты". 1945 ж. "Қазақ батыры" деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2 – дүниежүзілік соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері - Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 - 45 жылдардағы соғысқа бастан - аяқ қатысып, Кеңес Одғѓының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.
3.Мағынаны ажырату.
а) Әңгімені мұғалім оқиды.
ә) Оқушылар іштей оқиды, сосын бірнеше оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды.
б) Сұрақ - жауап:
- Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? (жетімдер үйіне)
- Қайроштың досының аты кім? (Шеген). Оның атын әңгіменің қай жерінен кездестіресің? (әңгіменің соңынан)
- Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен білуге болады?
- Мария апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың? (мұғалім)
- Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?
- Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?
ІҮ. Бекіту.
І. Топтық жұмыс.
І топ: Қайроштың анасына сипаттама жаз. Қайроштың анасы қандай? Киімі, мінезі, сөйлеген сөзі.
ІІ топ: Ата-ана туралы мақал - мәтел ойлау.
ІІІ топ: "Әке - шешем және мен" тақырыбына мәтін жазу.
ІҮ топ: Ана туралы өлең жазу.
Топтың жұмысы талданады.
Ана туралы 1 шумақ ән орындап беріңдер.
2. Семантикалық картаны толтыру.
Әңгіменің аты    Авторы    Кейіпкерлер    Оқиға орны    Әңгіме несімен ұнады    Әңгімедегі мақсат не?
                    
Ү. Үйге тапсырма.
а) Оқушыларды бағалау.
ә) Әңгімені түсініп оқу. Ата-анаға тілейтін ақ тілектерін жазып келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз