Қызылорда қаласы, №101 орта мектеп
Күні: 19.02.2016 жыл
Мұғалімі: Тілеубаева Зура
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?
Түрі: Зияткерлік сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: балалардың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту. Тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру.
Дамытушылығы: оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, баланың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,әр топқа даярлаған үстел
Барысы:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар және білім мен өнерге құштар шәкірттер! Бүгінгі біздің «Не? Қайда? Қашан?» атты жарысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынға 16 оқушы қатысады.
Бүгінгі шәкірт - ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Бүгінгі білім сайысына 4-сынып оқушылары қатысқалы отыр.
Ойын ережесімен таныстыру.
Әр тапсырманы ойлануға 2 минут беріледі. Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптар ғана есепке алынады. Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.
Сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:
1-айналым. Таныстыру
2-айналым.Ой сергіту
3-айналым. «Алтын сандық» ойыны
4-айналым. «Ойлан тап»
5-айналым.Ұяшықтар сыры
6-айналым. Ребус шешу
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1- айналым. Таныстыру. Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ертеңгілік басталсын сәлемменен - дей келе, бүгінгі сайысымыздың бірінші шартына кезек берейік.
2-айналым. «Ой сергіту» ойыны.Берілген сөздерді пайдаланып кісі аттарын құрастырып жазу.
3-айналым. Алтын сандық –
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымыз – танымал тұлғалар туралы малімет беру. (өмірбаяны, шығармалары)
4-айналым «Ойлан,тап!» Нұсқау: Кестеде құс атттары жасырылған. Егер дұрыс тапсаңдар, Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстарды білесіңдер!
5-айналым. Ұяшықтар сыры. Ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап берсеңдер, таңдаған ұпайды аласыңдар.
6-айналым. Ребус шешу
Қорытынды: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің.- дей отырып ойынымызды аяқтаймыз.
Бағалау.
Ойын барысында әр ойыннан кейін дұрыс жауап тапқан,ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетіп марапатталады.
Осымен сайысымыз аяқталады. Сөзді қазылар алқасына береміз.
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
(Берілген суретке қарап, сайыскерлер заттың атауын қатыстырып ырым-тыйым сөздер айтып, оның болжамын түсіндіру керек)
1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
3. Жақын адамға мысық, ит сыйламайды (араздасып қалады дейді)
4. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
5. Суға дәрет сындырма (су – тіршілік көзі)
6. Отпен ойнама (отпен ойнама - күйерсің)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі