Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі: Иманбаева Софья Кеңесбайқызы
Өлкетану
Сабақтың тақырыбы: «Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі»
Мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту.
А) Білімділігі: ауыл шаруашылығының қыр-сырын игерту.
Ә) Тәрбиелілігі: Туған жерді сүюге, құрметтеуге, ел экономикасын көтеруге, үлес қосуға тәрбиелеу.
Б) Дамытушылығы: Ойлау қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау, түсініп оқып, жүйелі баяндауға төсілдіру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Ертегі, болжау, сұрақ-жауап, ББҮ тобы, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, мен сендерге бір ел туралы ертегі айтайын. Сендер қай ел екенін табыңдар.
- Жарайды айтыңыз.
- Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде бір алпауыт ел болыпты. Ол елді ақылды да парасатты патша билепті. Батысы мен Шығысына дейін 3000 км-ге, Солтүстігі мен Оңтүстігіне қарай 1600 км-ге созылып жатыр екен. Оның солтүстігінде жер беті ақ көрпеге оранып, дауыл ұйытқып тұрған кезде, оңтүстігінде өрік гүлдер, терек жапырағын жайып, жасыл желекке бөленеді екен.
Жерінің кең байтақ болуына байланысты табиғаты да алуан түрлі. Солтүстіктен оңтүстікке жеткенше бірнеше табиғат аймақтарын кесіп өтеді. Қиыр солтүстігіндегі мөлдір көлдерге бай. Қайың мен көктерегі сылдыраған орманды дала созылып жатыр. Шыңдары бұлтпен таласып, басын қар мен мұз басқан асқар таулар, шығысы мен оңтүстігін жиектеп өтеді екен.
Ол елдің жер қойнауы пайдалы қазбаларға барынша бай. Металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорт түрлі тұздар тағы басқа қазба байлықтар кездеседі.
Орманды дала және далалы аймақтарда астық көп өндіріледі екен. Ал шөл мен шөлейт алқаптарында мал жайылымына кеңінен пайдаланылады. Оңтүстігі мен Шығысындағы тауларға малшылар жайлауға шығады. Бұл елде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, балық шаруашылығы өркендеген. Түрі өнеркәсіп пен завод, фабрикаларда мыңдаған адам жұмыс істейді екен.
Ол елде 100 ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымағымен жарасып өмір сүруде екен.
Бұл елде адам өміріне, білім алуына аса көңіл бөлінген екен. Балалары тегін медициналық көмек, тегін білім алады. Кемеңгер патшасының арқасында елінде бейбітшілік орнап, жылдан жылға дамып өркендеп, өзге елдерге үлгі болып келе жатқан бұл ел қай ел екен? Таба қойыңдаршы.
(Балалардың жауабы)
- Әрине, Қазақ елі. Қазақстан Республикасы!
Ұлан ғайыр қазба байлықтарына толы жер бетін мекендеген миллиондаған халқы бар егеменді қазақ елі бүгінде әлем көз тіккен алпауыт елге айналып, дамыған 50 елдің қатарына енді.
- Ал, біз қандай елміз. Биыл ерекше жыл, себебі неде?
- Дұрыс еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.
- Балалар, осы 25 жылдың ішінде біздің елде көптеген жаңалықтар, жаңарулар болды. Сендер оны 1 сыныптан бері мектептен, әрі ақпарат құралдарынан оқып білдіңдер.
- Енді менің қолымдағы сиқырлы таяқшаны жіберейін. Осы таяқша қолдарына тиген сәтте сенде 25 жылдық жетістіктер туралы білетін боласыңдар. (таяқша арқылы балалардан жетістіктер туралы білгендерін сұрау).
II. Мағынаны тану
А) 25 белеске шығу
Ә) рәміздерді көрсету (презентация)
Б) Қазақстан қалаларын көрсете отырып Елорда,Қызылорда,Қазалы туған жерін айту.Бізде өздерін білесіңдер мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысамыз.
Венн диаграммасы
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма.Мәтінді мазмұндау.Ауыл шаруашылығы туралы эссе жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі