Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
«Благовещенка №2 орта мектебінің» КММ
АӘД пәнінің мұғалімі Ипов Жандос Каирович
Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз»
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;
Тәрбие сағатының түрі: тренинг-сабақ
Тәрбие сағатының әдісі: баяндау, топтасыту әдісі, ситуациялық жағдаяттар т.б
Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу. Жағымды психологиялық ахуал орнату
- Топтарға бөліну
Кіріспе
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер сендер екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тәрбие сағатымыздың тақырыбын: «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» деп алып отырмыз.
- «Сыбайлас жемқорлық» дегенді қалай түсінесіздер?
1 тапсырма - «Менің көзқарасым»
Әр топқа тапсырма беріледі. Сыбайлас жемқорлық жайында не білетіндерін қағазға жазып, бір оқушы топтың атынан өз ойын білдіреді.
Слаидта- «Сыбайлас жемқорлық» туралы түсінік беріледі
«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа мынадай анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
2 тапсырма- Сыбайлас жемқорлық туралы мағлұматтармен танысу
1-ші топ.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
2-ші топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
3-ші топ. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлық бейнеролик
«Сұрақ-жауап» ойыны
Ситуациалық жағдай
1 топтың тапсырмасы:
Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы:
Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
3 - топтың тапсырмасы.
4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:
1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?
Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты (гүл, сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасағаны , жемқорлыққа жатады ма?
Бейнеролик көрсетіледі (жемқорлыққа жол жоқ)
«Жүрек жылуы» тілек арнау. (әр топ бір-біріне тілек айтады)
Назарларыңызға рахмет. Тәрбие сағаты аяқталды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі