Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы: Мектепалды даярлық
Білім көздері: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мен әдепті баламын»
Мақсаты: «Әдеп», «Әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту,жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру Сезімді ояту |
Шаттық шеңбері Көшелерден біз өткен Ата көрсем,жақын кеп Сәлем берем ізетпен: «Ассалаумағалейкум!»-деп |
«Сәлем берем үлкенге»атты өлеңін қимылмен айтады
|
Ізденістер
Ұйымдастыру |
Әңгімелесу Балалар ,сендер қандай жылы,әдепті сөздерді білесіңдер? -әдепті балалар қандай болады? -әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет,әдепті бала,ұқыпты,тілалғыш,шыншыл, қайырымды,еңбекқор,адал болады. Әрдайым таза жүреді.Автобусты үлкенге, жасы кіші балаларға орын беру. |
-сәлеметсіз бе,сау болыңыз, рахмет, кешіріңіз оқасы жоқ,өтінемін, қош келдіңіз,ренжімеңіз. Әдептілік туралы түсінік алу. |
|
Әңгімелесу «Сиқырлы сөз» атты әңгімені оқып талдау.Әңгіме бойынша сұрақтар қою. А)Қария Павликке қандай сиқырлы сөздер айтты. Б)Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? |
Сұраққа жауап береді |
|
Дәйексөз.Сергіту сәті «Әдепті бала-арлы бала»-халық мақалын бүгінгі іс-әрекеттің дәйек сөзі ретінде түсіндіру. |
Мақалдағы сөздің мағынасын түсінді. |
|
Дәптермен жұмыс Шығармашылық жұмыс жасау |
Әдепті, ұқыпты,таза бала тақырыбына сурет салу. |
|
Тыныштық сәті,жәй әуен жіберіледі. Әдептілік ережелері: -әрқашан сәлемдеседі; -әрқашан сыпайы болу; -үлкендерге орын беру; -ескертусіз үйден кетпейді; |
Көздерін жұмып,ережелерді жадында сақтауды ескереді. |
|
Ойын Шеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады |
Сәлем! Рахмет!Қалың қалай? Қош келдің! Кешіріңіз! Өтінемін! |
|
Ғажайып сөздер Біз-әдепті,сыпайы баламыз әдепті бала-жақсы бала |
Естеріне сақтап жүру |
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау |
Қорытындылау -балалар,біз бүгінгі сабағымызда әдептілік,сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды,сүйкімді екенін түсіндік. |
Не ұққанын айтады |
|
Жүректен жүрекке Шаттық шеңберіндегі «Сәлем берем үлкенге» өлеңін қимылмен айту |
Қимылмен өлеңді айтады |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Сыпайы болуды білді.
Түсінігі: Әдеп,әдептілік туралы түсінді.
Көрсете білуі: Жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыланды.
Капашева Альфия Нурлановна
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы Қарасу ауылы
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі