Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов. Оқуға шақыру.
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Оның мазмұны мен идеясын ашу.
2. Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3. Жақсы мен жаманды ажырата білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: А. Байтұрсынов суреті. Венн диаграммасы, кітап сөресі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.Оқушыларды түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Білім» өлеңін жатқа айту
Сұрақтарға жауап алу
Білім неліктен байлық болып есептеледі?
Білімді болу үшін не істеу керек?
Білімді адам қандай болу керек? (схема) (бағалау)
III. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ шешу
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
2. Алыстағы адамдарға келетін жазбаша хабар
3. Ө. Тұрманжановтың өлеңі?
4. Етікші нені өңдейді?
5. х + 5=10 Бұл не?
6. Абай Құнанбаевтың шын аты
7 .Түссіз, дәмсіз.Бірақ адамдар олсыз өмір сүре алмайды.Бұл не?
8 .Жұмбақтың шешуін тап
Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (қой)
9. Тақырыбы болады,өзара байланысқан бірнеше сөйлемнен тұрады,мазмұнын айтуға болады. Бұл не?
10 .Шәкіртке жанашыр
Мейірман кім жаны асыл?
11. Біз оқитын мектеп?
12. Абай Құнанбаев қай өңірде туған?
13 ........... алды-ынтымақ
14. Ас атасы-.....
15. Сендер кімсіңдер?
16. Жолаушыларды таситын көлік?
2 Ой шақыру.
- Сөзжұмбақтың басты сөзі қандай екен?
3. Мағынаны ашу.
А. Байтұрсынов 1872-1937 жылдары өмір сүрген. Аудармашы, ақын, ғалым. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арналған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Тарту», «Оқуға шақыру» өлеңдері.
Бүгін біз сендермен «Оқуға шақыру» атты шығармашылығымен танысамыз (өлеңнің мазмұнын айту)
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сергіту сәті
4.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту
5.Мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап алу
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Еңбектің тигізер пайдасын айт
-Өлеңнің алдыңғы сабақта өткен «Білім» өлеңімен ұқсастығы
Венн диаграммасы
IV. Сабақты қорытындылау.
4. Ой толғаныс. Білім жайында мақал-мәтелдер айтқызып қорытындылау
V Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
VI. Оқушыларды бағалау
Қызылорда қаласы
«ПАРАСАТ » мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бабаева Бану Үрмеғалиқызы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі