«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Аширбекова Сымбат Есбосыновна
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көбеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Құстардың өсіп – өнуі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Білімге деген қызығушылығын, бақылағыштығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: суреттер, оқулық, интерактивті тақта, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық көңіл-күй
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Оқушыларды топқа бөлу
Үй тапсырмасы
1. Жыртқыш құстар жемін қалай аулайды?
2. Қандай құстар ұясын шалғынға, бұта басына салады?
3. Үй құстарына қандай қамқорлық жасайды?
4. Құстардың қандай пайдасы бар?
5. Қандай құстар ұша алмайды?
6. Жыртқыш құстарды ата.
"Ой ашар"
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемде нелер ұшып келеді?
- Құстың қандай түрлерін білесіңдер?
- Көктемде құстар не істейді?
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
1. Жұп болып өмір сүретін киелі құс.
2. Ертегі аңыздарда кездесетін құс.
3. Өте сақ, айлакер құс.
4. Көктемде күзде тізіліп ұшатын құс.
5. Айыр құйрықты құс.
6. Наурыз айында келетін құс.
7. Ұзаққа ұша алмайтын, тауыққа ұқсайтын кішкене құс.
8. Үй құсы
9. Жыртқыш құс.
1. Өз ұясын салмайтын құс.
2. Қыстың баласы
3. Әнші, сайрауық құс.
4. Таңертең адамдары оятатын, үй құсы.
5. Араның балын жақсы көретін аң.
6. Адамдар қауырсынын ырымдап тағатын құс, түнде ұшатын құс.
Жаңа сабақ
Мағынаны ашу
Тізбектей оқыту
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға қонайық.
Топтық жұмыс
Венн диаграммасы
"Ой қозғау"
Шарлап келіп даланы, Су бетін сүзіп,
Үйіме, үйін салады. Ақ құман жүр жүзіп.
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық – ауық азан салып
Өлең керген айқайы бар. (Әтеш)
Қулығын асыратын,
Жұмыртқасын өзі баспай,
Басқа ұяға жасыратын,
Өзін – өзі әйгілейтін,
Қандай құс,
Оңайға бас ұратын? (Көкек)
Топтық жұмыс
Құстар туралы Үй жануарларына шығарма Аңдардың суретін салу
өлеңдер. жазу. (Эссе жазу)
"Сен білесің бе?"
Ең үлкен ұшпайтын құс, ол түйеқұс. Оның салмағы 130 – 160 кг. Ұзындығы 2,7 метр жылдамдығы 70 км/сағат.
Ең үлкен ұшатын құс Кондара салмағы 15 кг, ұзындығы 3 м.
Ең кішкентай құс ол колибра салмағы 1,6 г, ұзындығы 5 см. Жұмыртқасы бұршақ сияқты. Ұясы жаңғақтың қабығы сияқты кішкентай.
Сабақты қорытындылау
1. Көктемде құстар немен айналысады?
2. Қарлығаш ұясын қалай жасайды?
3. Өз балапанын баспайтын қандай құс?
4. Құстың ұясын көрсең, сен не істейсің?
Үйге тапсырма: Құстардың көбеюі
Оқушыларды бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі