Өлең, жыр, ақындар

Адам не істейді?

Қазақ тілі пәнінен 4 сыныбында орыс тілі пәні мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің бірлескен сабағы. «Адам не істейді? Етістік.» модульі бойынша өткізілген сабағына  арналған мұғалімнің  өзіндік сараптамасы.
Мұғалім: Жиринтаева Г.А.
Сыныптың қысқаша мінездемесі:
Білім сапасы: 50%
үлгерімі: 100% сыныптағы оқушылардың тәртіптері жақсы, ұқыпты.
Сабақтағы оқушылар саны: (15.)
Осы сабақ 45 минутқа жоспарланған
Сабақтың типі:
Модуль бойынша алған білімдерін қайталау, пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін пысықтау. Етістікті аудару, сәйкестіру,тірек сызбалар арқылы мәтін құрастыра  алуды, сөйлемде етістіктің  жазылуын, жіктеуді үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру. Симантикалық картаны жазуды үйрету. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау. Сыни тұрғысынан ойлауын дамыту.
Дамытушылық: Сөз табы етістік туралы ой өрісін дамыту. Аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
 Күтілетін  нәтиже ;сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді,топта пікірлесіп,ортақ шешімге келуге дағдыланады. Критерий бойынша бағалауға үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірек-сызбалар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденіс
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың негізгі кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Тапсырмаларды орындау
Жаттығуларды орындау:
Шығармашылық жұмыс.
Сергіту сәті
Сабақты қорытындылау , бағалау
«Миға шабуыл» әдісі арқылы етістіктің ережесін пысықтау. «Ойлан тап» әдісін  қолдана отырып сөздерді аудару, сәйкестіу. Шаталов тірек сызбасы арқылы, тындалым, айтылым, ауызша сөйлеу, сурет бойынша мәтін құрау. Теориялық білімдерін жеткізе білу, аударма жұмысы, сөздерді талдау, сөздердің жұрнақтарын ажырату. Оқушыларды  ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстары, дидактикалық материалдардың мәні мен мағынасы жағынан тиімділігі, түрлі жұмыстар арқылы сабақтың міндеттері жүзеге асырылды.

 

Сабақтың әдіс- тәсілдері
Жартылай ізденіс жұмысы (мұғалімнің жетекшілігімен топтық жұмысы орындалды, оқушылар өздерінің алған білімдерін суретпен, сызбамен, демек еркін түрде жеткізе білді), берілген тапсырмаларды толығымен орындады.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, білмге деген құзырлығын арттыру, зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында мен мультимедиялық презентацияны таңдадым.
Осы сабақта келесі технологияларды элементтері пайдаланылды:
Оқушылардың денсаулықтарын арттыратын технологисы;
Ұжымдық оқыту әдісі;
Жеке, тұлғаға бейімделген оқыту технологиясы;
Ақпараттық- коммуникациялық технологиясы
Сабақтың құрымдылық кезеңдері көздеген міндеттерге және білім мазмұнына сәйкес айқындалған
Балалардың сабаққа ынталандырылды, психологиялық- техникалық, санитарлық жағдай жасалды.
Білімдерінің айқындалуы (теориялық тақырыпты шолу)
Оқушыларға мақсат пен міндеттерін айқындау
Сабақтың қайталау және жаңа тақырыптың мазмұнын өзіндік ашу, топтық жұмыс арқылы сыныптастары алдында даярлаған жұмыстарын жеткізу, дәлелдеу
Емлелерге байланысты тапсырмаларды орындау (жұрнақтарды белгілеу)
Сабақтың қорытындысын шығару, өзіндік бағалау, жасаған  жұмыстарын сараптау, талдау
Үй тапсырмасы берілді, талданды.
Қоршаған ортамен және пәнаралық байланыс іске асырылды.
Сабақ барысында оқушыларға тиімді жағдай жасалды, «мұғалім- оқушы, оқушы- оқушы» қарым-қатынас болды.

 

Самоанализ
урок — интегрированный русского языка, казахского языка по теме: «Кто что делает?», «Глагол».
Изучение языков всегда актуально.
Краткая характеристика класса:
процент качества знаний: 50%
процент успеваемости: 100% класс организован, дисциплинирован.
На уроке присутствовало (см.)
данный урок рассчитан на 45 минут
Тип урока:
Повторение и обобщение усвоенного материала.
Оборудование урока:
интерактивная доска, мультимедийные презентации  с содержанием темы и необходимыми грамматическими заданиями.
Содержание урока:
Соответствует учебной программе, поставленным задачам, способствовало формированию умения грамматического разбора.
Тип и структура урока:
Комбинированный, работа в группах.
Задачи урока:
Образовательные: по лексической теме - расширить знания  что делает?, по грамматической теме- повторить и обобщить понятия  о глаголе,спряжение глагола,порядок правописание в предложений.
Развивающие: Создавать мотивационную основу для восприятия учебного материала. Формировать коммуникативные умения учащихся перевода слов, предложений, текстов с русского на казахский и с казахского на русский язык, развивать внимание, память и мышление.
Воспитательные: воспитывать у учащихся культуру общения, взаимоуважение, прививать интерес к казахскому языку.
 
Задачи урока реализовались:
Образовательные- в работе по группированию слов из словарного слова, отвечать на вопросы  что телает?


Развивающие- через монологическую речь при воспроизведении теоретического материала, комментировании ответов, составление рассказа, перевод текста с одного языка на другой, разбор слов по составу (обозначение суффиксов), преобразование глаголов в сприжений и составление текста.
Воспитательные- через подбор дидактического материала, через групповую форму работы на уроке.
Метод урока:
Частично- поисковый (знания не давались в готовом виде, их необходимо было добывать самостоятельно по руководством учителя), осуществлён творческий характер познавательной деятельности (через сприжений  и по опорной  схеме  Шаталова).
Форма урока:
Мною была выбрана форма урока с использованием мультимедийной презентации с целью повышения мотивации познавательного интереса учеников к уроку, развития их воображения, внимания, видов памяти.
 На данном уроке использвались технологии:
Здоровьесберагающие технологии;
Технологии коллективного сотрудничества;
Испольсование новой технологии
ИКТ
Все структурные элементы урока были выдержаны в соответствии с поставленными целями и содержанием материала
Организационный момент, характеризовался внешней и внутренней психологической готовностью учащихся к уроку
Актуализация знаний (повторение теоретического материала)
Постановка учебной задачи (создание проблемной ситауции)
Открытие учащимися нового материала (самостоятельная презентация собственной продукции, отражение лексического и грамматического материала через групповую работу)
Грамматические разборы (обозначение суффиксов,отвечающие на вопросы он  что делает? Симантическу карту, спряжение глагол в ед. и во множ. числе)
Итог урока, рефлексия и оценивание групп (три хлопка вербальное оценивание), «Дерево знание»
Дано домашнее задание.
Осуществлена связь с окружающим миром, межпредметная связь.
Работа на уроке  была построена  на фоне благоприятного  психологического микроклимата, доброжелательного  характера  общения: «учитель- ученик, ученик- ученик».
 

Тақырыбы: Адам не істейді? Етістік. 4 сынып.      Орыс сыныбы.

Мақсаты: Етістіктен алған білімдерін пысықтау. Етістікті аудару, сәйкестіру, тірек сызбалар арқылы мәтін құрастыра алады, сөйлемде етістіктің жазылуын, жіктеуді үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру. Симантикалық картаны жазуды үйрету. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Сөз таптары туралы ой өрісін дамыту. Аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Кіріспе бөлімі:

1. Ұйымдастыру; "Шаттық шеңбері" 

Сәлемдесу. 

Топқа бөлу.

2. Миға шабуыл.

3. "Ойлан тап" Сөздерді аудар, сәйкестір

4. Ой қозғау. Вербальды бағалау.

5. Сергіту сәті.

6. Етістіктерді келер шақта жікте.Сөйлем құрастыр.

7. Симантикалық карта.

8. Бағалау.

9. Рефлексия.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз