Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні Қазақ әдебиеті
Күні 30.11.2016 жыл
Сыныбы 9 «Б»
Тақырыбы Қазтуған жырау
Мақсаты Жыраудың толғауларының мән-мағынасын түсінуі тиіс.
Негізгі идея Еркіндік, тәуелсіздік туралы ұғымдар
Табыс критерийлері Қазтуған жырау туралы өмірін білу, толғауларының мағынасын түсіну,өз пікірін жеткізе алу.
Оқыту үшін бағалау құралдары Парасатты диалог,минуттық шешім, айқын мақсат қоя отырып, топтық бағалау,оқушылар сұрақ қояды.
Оқыту формасы: Топтық, жеке
СТО стратегиялары БЛУМ, РАФТ,ДЖИГСО
Тренинг Мен саған сенемін
уақыт Рубрика Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
3 Ұйымдастыру кезеңі
Ортағ шығып «Мен саған сенемін» жаттығуын өткіземіз.Топқа бөлу
Қазтуған жыраудың толғауымен топқа бөлінеді. 1-топ Айдаса-қойдың көсемі
Сөйлесе-қызыл тілдің шешен.
Ұстаса-қашағанның ұзын құрығы.
2-топ
Алаң да алаң,алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт.Қарғадай мынау Қазтуған батыр қонған жұрт.
3-топ Бұл болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылмен мен кәпірдің,
Арасын бұзып, дінді ашқан.
Сүйінішұлы Қазтуған.
5 Білу Интерактивті тақтадан сұрақтар
1.Қазтуғанның туған жері
2.Толғау дегеніміз не
3.Қай толғауында өз бейнесі беріледі?
4.Қазтуғанның толғауларын ата.
5.Қазтуғанның өмір жайлы таным-түсінігі аңғарылатын толғауы?
6.Жырау деген сөзге анықтама бер
7.Жыршы деген сөзге анықтама бер.
8. Толғауларының тәрбиелік мәні не?
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.Әр оқушы өзі жауап береді.Топтағы оқушылармен салыстырады.Басқа топтың жауаптарымен салыстырады.
А Жаниэлла В Аружан С Рахат
5 Түсіну Бөліктерге бөлу
Оқушыларды 1-3-номерлерге бөлу
Сөздікті беру әр топқа. Оқушылар бөліктерге бөлінген мәтінді оқиды.
«Джигсо» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне түсіндіреді.
1-лер бірінші топқа 2-лер 2-топқа 3-тер 3-топқа отырады. Әр топ мүшесі өздерінің оқығанын түсіндіреді.Қайтадан келіп орындарына отырады.
10 Қолдану Постер жасауға тапсырма беру
Критерийлер:
1.Безендіріліуі 1
2.Мазмұндылығы 2
3.Жеткізуі 2
4.Эмбема 3
5.Уақыт үнемдеуі: 1
6.Барлық топ мүшелерінің белсенді қатысуы 1
Сұраққа жауап беру 1
Барлығы 11ұпай
Оқушылар «Қазтуған жырау» бойынша постер дайындайды,қорғайды.
3 Сергіту сәті Тұңғыш президент күніне ән тыңдау. Президент күніне тілек айту.
7 Талдау.
ОҮБ –парасатты диалог Б.Тілеуханның орындауындағы әнді тыңдау «Алаң да,алаң,алаң жұрт»
Жаниэлла Айнұр Айнұр,Әлия
1.. Жыраудың шығармашылығы, түркі халықтарына ортақтығы, негізгі себептері қандай?
Заман,Аружан,Жұлдызай
Жырау шығармаларының тарихи негіздері туралы қандай деректер білесіңдер?
Рахат Жырау шығармаларында кездесетін жер - су атаулары (өзен - су аттары, көшіп жүрген жерлер, т. б.)
Сұрақтар:
Аружан: Қандай әсер алдыңдар?
Рахат:Толғау не туралы?
Жаниэлла: Неге зарлы?
Көз алдыңызға не елестеді?
5 Жинақтау
«Минуттық шешім»
Оқушылар сабақ кезіндегі аса маңызды тармақтарды пайдалы тұстарын жазады.
Жаниэлла: Қазтуған жырау толғауларына қатыстырып «ХХІ ғасыр жырауларының негізгі тақырыбы не болар еді?» тақырыбына байланысты өзіндік ой - пікіріңізді білдіріңіз.
7 Бағалау
«РАФТ» стратегиясы
Роль,аудитория,форма,тақырып
Стикерға сабақ туралы өз ойын жазып тақтаға іледі. Жаниэлла ,Айнұр,Айнұр,Әлия: Қазтуған жыраудың рөліне кіреді. Алдарыңдағы оқушылардың бүгінгі іс-әрекетін бағалайсыз.
Аружан ,Заман:Қазтуған және мен
Рахат,Жұлдызай: оқушы болып Президент күніне құттықтау жолдайды.
2 Бағалау парақтары бойынша бағаларын қояды.
1 Үй тапсырмасы Шалкиіз жырауды оқу, толғауларын оқу.
Гулмира Оксановна
Қазтуқан жыры не жайлы