Ержанова Лайла Нысанбайқызы
II санатты тәрбиеші
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
Абай атындағы орта мектебі
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Сөйлеуді дамыту
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке адал достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі мультфильмі, мултимедиа, кубик, жануарлар атрибуттары, суреттер, шарлар.
Ынталандыру
Сезімді ояту
Балалар шеңбер бойына тұрып
1. Сәлемдесу рәсімі:
Армысың жарық күн!
Армысың көк аспан!
Армысыздар Қонақтар!
Армысың сүйікті мектебім!
Жарқын жүзді достарға
жалынды салем!!!
2. Бүгінгі күнге деген тілек шоғы:
Санжар: Күніміз шуақты болсын!
Әсия: Аспанымыз ашық болсын!
Аягүл: Бейбітшілік заман болсын!
Мансұр: Нанымыз көп болсын!
Зайнаб: Көк байрағымыз биікте болсын!
Акөрік: Еліміз тыныш болсын!
Аэлита: Балалар аман болсын!
Нүрасыл: Аналарымыз аман болсын!
Омар: Сабақты беске оқиық!
Абылай: Топта тату болып жүрейік!
Дамир: Бір бірімізді ренжітпейік
Бексұлтан: Тәртіпті болып жүрейік!
Ерасыл: Әдепті болып өсейік!
Айару: Ата-анамыздың мақтанышы болайық!
Дилназ: Достарымыз көп болсын!
Асылзат: Деніміз сау болсын!
Тәрбиеші: Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
Тек жақсылық болсын!
Ұйымдастыру
Ізденістер
3. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты: кубикке жапсырылыған суреттер (ертегі суреттері).Кубикті лақтыру арқылы суреттің қай ертегі екенін табу. Ертегі кейіпкерлерін сұрау, суреттегі ертегінің қанадай оқиғамен аякталғанын сұрау.
А) Бүгінгі сабағымызда: Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісімен танысатын боламыз.Экраннан ертегіні тамашалайық!
Ертегі мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі басы қалай басталды?
- Ертегі қалай аяқталды?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады?
- Ертегіде жануарлар неге таласып жанжалдасты?
Б) Сөздік жұмыс:
Жусан - шөп ащы дәмді,к өкшіл бозғылт түсті аласа шөп.
Жабағы - қой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.
Өркеш - түйенің арқасындағы бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы .
Ғ) Дәптермен жұмыс. Жаңа жылды желтоқсаның 31 күни 1 қаңтарға қараған түні сағат 12:00-де күтіп аламыз ол Тауық жылы, ал осы жыл мешін жылы!!
Дәптердегі жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы.
В) Сергіту сәті:
Вышли мышки как то раз
Посмотреть который час
Раз два, три четыре
Тут раздался страшный звон
Побежали мышки вон!
Д) Ғажайып сәт: Аяз атадан хат келеді, Аяз ата жаңа жылда келетінін айтып бүгінгі ашық сабаққа. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойынын беріп жибергенін айтады.
Шарты: қапшық ішінен шардағы суреттердегі жануарлардың қалай дыбыстайтынын немен қоректенетінін адамға пайдасы туралы айтып беру. Ертегі желісінде осы жануар болды ма?
Ж) «Кім жылдым?» Дидактикалық ойын
Шарты: балалар жануарлар атрибутын киіп, жасыл, қызыл шеңбер бойына белгі бойынша жылдам жиналу керек. Үй жануарлары қызылға, жабайы жануар жасылға жиналу, ертегі желісіндегі жануарлар қызылға ертегі желісінде жоқ жануарлар жасылға жиналуға белгі беру.Ойынды түрлендіріп ойнату
Қортындылау:
Г) «Кім зерек?» логикалық ойын ертегі сюжеттерін топпен құрастыру, суретті әңгімелеу сурет тышқан, жыл басына таласқан хайуанаттар суретін құрастыру.
Үй тапсырмасы: ертегіні үйде отбасыларына айтып бересіңдер және ақ беттегі 12 жыл атауларының суретінін ішінен өздерінің туылған жыл атауларынды біліп белгілеп әкелу!
Бүгінгі ашық сабақта белсенділік танытқан сабаққа жақсы қатысқан балаларға мақтау қағазы мадақтамалары.
Балаларға табыстау
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс: жыл аттарын ретімен атайды
Түсінігі: ертегі мазмұнын түсінеді
Көрсете білді: суреттер бойынша әңгімелеу
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі