Өлең, жыр, ақындар

Мен соғысты жек көрем

Шымкент қаласы
«Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ильясова Жанар Калдыбековна

 

Сабақтың тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Мен соғысты жек көрем» өлеңі арқылы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру, өлең мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық: көркем сөйлеу арқылы іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: батырларды құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Үй тапсырмасы
Өзіндік іздену–зерттеу жұмысы

  1. Бата не үшін беріледі?
  2. Батаны кімдер береді?
  3. Батаның қандай түрлері бар?
  4. Бата қалай айтылады?

Жоңғар шапқыншылығы

Елім-ай

Сұрақ: - Қазақ еліне жоңғар шапқыншылығы кезінде, елімізді жаудан найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған қандай батыр аталарыңды білесіңдер?

Мағынаны тану

Сұрақ: - Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғысқа қатысып, елді қорғаған батыр ағаларымызды атап жіберіңіздерші?

“Қара өлеңнің қанатты Қаршығасы...”

 Қайрат Жұмағалиев

1937 жылы қыркүйек айында, Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген.

Алғашқы өлеңдер жинағы “Тұңғыш” 1964 жылы: “Беймаза бақыт”, “Дос құшағы” поэмалары;

Көрнекті ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Балаларға арналған “Таба нан”, “Жампоз”, “Кәмпит туралы баллад”, “Соқыр қыран” сияқты дастан, мақалалары жарық көрген. 

 

Мәнерлеп оқу

Мен со ғысты жек көрем!                             Жету үшін мұратқа
Мен соғысты                                               Сапар шегем жыраққа!
Жек көрем!                                                  Ғұмыр бойы айқасам
Көкем айтып отырса,                                   Асу бермес белдермен!
Кім қасірет шекпеген,                                  Асау өзен, көлдермен!
Кім көз жасын төкпеген!                               Құлазыған шөлдермен!
Талай өткен ғасырлар                                  Мен соғысты
Еш соғыссыз өтпеген!                                 Жек көрем!
Мен соғысты жек көрем!                             Адамзатты
Күні ертең – ақ ер жетем!                            Жеткізем,
Қиялымды өрлетем!                                    Арманыма
Әлпештеп,                                                  Жетпеген!
Кірпік ілмей
Тербетем!

Есте сақта, ойлан тап!

Қасірет – Басқа түскен уайым, қайғы.

Жырақ – Шалғай, алыс, қашық.

Ғұмыр бойы - Өмір бойы

Сергіту сәті.

Ой ізденіс.

Өлеңнен бір шумағын көпше түрге айналдырып айтыңдар

Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең–ақ ер жетем!
Қиялымды өрлетем!
Туған жерді
Әлпештеп
Кірпік ілмей
Тербетем!
Адамзатты жеткізем!
Арманына жетпеген!

А) Батыр туса – ел ырысы,

    Жаңбыр жауса жер ырысы.

Ә) Жүк ауырын нар көтереді,

    Ел ауырын ер көтереді.

Б) Отан үшін отқа түс – күймейсің

В) Болат қайнауда шынығады,

    Батыр майданда шынығады.

Г)  Ердің көркі – елімен,

     Отан көркі - жерімен.

Ғ)  Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

Қорытынды "Гүл теру" ойыны

1. Өлеңде жиі қайталанған жол қайсысы?
2. Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың?
3. Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді тап?

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: “Мен соғысты жек көрем” тақырыбында шығарма жазу. Тақырыпқа байланысты сурет сызу.


Пікірлер (9)

дастан

унады
рахмет

Азиза

мен тек шыгарма десем

Азиза

унады керемет рахмет

Бақыт

Салеметсіздерме. Сертификат жыл аяғына дейін беріле береді ме?

Модератор

Сәлеметсіз бе!
Иә, беріледі.

Акбота

Ұнады рахмет

Нұрасыл

Рахмет өте жақсы ,ұнады,рахмет.

Венера

Өте қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз