Өлең, жыр, ақындар

Темір. Түсті металдар

Шымкент қаласы
«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Талипова Индира Советхановна

Пәні: дүниетану 4-сынып
Тақырыбы: Темір. Түсті металдар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: темір және түсті металдар туралы алған білімдерін еске түсіреді, қайталайды; пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетініне пысықтайды; кенді, кенсіз, жанғыш қасиеттерінің ерекшілігін түсінеді.
Дамытушылық: өз бетінше, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады; суреттерді пайдалана отырып оқушылар ойын қозғау
арқылы сабаққа деген ынтасын арттырады; сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа дегенқызығушылығын   дамытады.
Тәрбиелік: тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа, көркем жазуға тәрбиеленеді;
табиғатты қорғауға, қамқор болуға; бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.
Жабдық: темір алюминий  және мыс кендерінің үлгілері оқулык металдан жасалған әртүрлі бұйымдар
Пәнаралық байланыс:  әдебиеттік оқу;  қазақ тілі;  еңбекке баулу; музыка
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. өздігінен жұмыс;
2. сыныппен жұмыс;
3. «Топтастыру» стратегиясы;
4. тест;
5. топпен жұмыс;
6. Эссе.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта; қазбалар түрлері; А-4 қағаздары; стикерлер; маркерлер; бейнетаспа; түрлі түсті борлар;
Күтілетін нәтиже:
1. 3 сыныптарда алған білімдерін еске түсіреді;
2. темір және түсті металдар туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;
3. кенді, кенсіз және жанғыш пайдалы қазбаларды ажырата біледі;
4. пайдалы қазбаларды ерекшеліктері, қасиеттері бойынша ажырата біледі;
5. қоршаған денелер неден жасалғанын ажырата біледі;
6. сөздік қорларын байытады;
7. семантикалық картаны дұрыс белгілеуге;
8. жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;
9. табиғатқа қамқор болуға;
10. қазбаларды үнемдеуге тәрбиеленеді;
11. сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;
12. өз ойларын ортаға сала білуге;
13. бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ шешімге келуге үйренеді;
14. Өзіндік топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;
15. тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді;
16. сыни ойлауға үйренеді.
Бағалау:
Топ ішіндегі жұмыстарды бағалау критерийлері:
«5» 0 қате
«4» 1 қате
«3» 2-3 қате
«2» 3 қатеден артық
Үй жұмысына нұсқаулық:
І-топ – «Мен – темірмін» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
ІІ-топ – «Мен – алюминиймін» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
ІІІ-топ – «Мен – мыспын» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
IV-топ – «Мен – полиметалмын» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
Пайдалы қазбалар туралы мақал-мәтелдер жинағы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялык дайындык
1. «Шаттық шеңберіне» шақыру

Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер-ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

1. Топқа бөлу (қима сөздер арқылы)
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. темір және түсті металдар туралы алған білімдерін еске түсіреді, қайталайды;
2. пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтайды;
3. кенді, кенсіз, жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерінің ерекшілігін түсінеді.

Балалардан көңіл-күйлерін сұрау.
-ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
-ҚР астанасы қай қала?
-Биыл тәуелсіздікке канша жыл болады?
-Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан туралы қандай өлең білесіңдер?
Ал біздің мектеп атауы калай аталады?
- Біздің мектеп қай жылы салынды?
- Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
- Жақсы. Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?
1.    Пайдалы қазба дегеніміз не?
2.    Пайдалы қазбалар кандай топқа бөлінеді?
3.    Адам пайдалы қазбалар туралы нені білу керек?
4.    Мұнай, газ, темір  пайдалы қазбалар картасынан көрсет?
 
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Кен қара және түсті металл болып екіге бөлінеді. Олар әртүрлі қасиетке ие. Қара металл рудасы табиғи темірден тұрады.

І-топ.
Темір – жердегі ең көп таралған металл. Осы металдың арқасында біз тіршілікке қажетті көптеген заттарды иеленеміз. Адамның, жануарлардың және көптеген өсімдік организмінде темір бар. Егер ол аз болса, организм ауруға шалдығады. Егер адам организімде темір жетіспейтін болса, дәрігер құрамында темір бар дәрі жазып береді. Сол сияқты құрамында темір бар жеміс-жидек – алма,алмұрт, шабдалы,қараөрік, таңқурай, жүзім жеуді ұсынады. Темір – темір кенінен алынады. Темір кені тастай қатты, қоңыр қызыл түсті келеді. Ол әртүрлі тереңдікте жатады. Егер темір кені өте тереңде жатса, ашық әдіспен карьерден өндіреді. Кенді жарылыс арқылы жеке кесектерге бәлшектейді. Одан кейін экскаватор арқылы өзі аударғыш машинаға немесе вагонга тиеп, зауытқа алып барады. Зауытта кенді орасан зор пеште қорытып, шойын, ал шойыннан болат алады. Шойын мен болаттан тұрмыстық бұйымдар, станок, көлік жасалады. Сен күн сайын үйіңде болаттан жасалған қасық, шанышқы, пышақты пайдаланасың. Көшеде автобус, трамвай, жеңіл және жүк машиналары, егістікте трактор, комбайн, аспанда ұшақ, тікұшақ, теңізде қайық пен кеме көзіңе түседі. Осылардың бәрін жасауға шойын мен болат қажет. Табиғатта темір, шойын мен болаттан басқа да металдар бар. Сен алюминийден, мыстын, күміс пен алтыннан жасалған заттарды жиі кездестіресің. Темір кенін өндіретін карьер.

Тәжирбие жасау Темир-магнит

Мәтінді төрт топқа бөлу, өздері мазмұнын оқиды
өз беттерімен мәтін мазмұнын түсінеді,
бірлесе жұмыс жасайды, ойын ашық айтады
 

ІІ-топ.
Алюминий – бойында алюминий бар кеннен алынады. Ол кеннің сыртқы түрі сазға ұқсайды. Бірақ ол суға жібімейді. Алюминий – күмістей жарқыраған жеңіл металл. Ол болат пен мыстан бірнеше есе жеңіл. Оның бұл қасиетін тексеру оңай. Бір қолына болат қасық, екінші қолына алюминий қасық ал. Салмақтарындағы айырманы бірден сезесің. Осы қасиетіне байланысты алюминий ұшақ пен ғарыш кемелерін жасауға пайдаланылады. Алюминийден қасық, шанышқы, кәстрөл, шоколадты, шайды, балқытылған ірімшікті және басқа тағамдарды орайтын жылтыр қағаз - фольга жасалады. Алюминийден электр сымын жасайды. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында Ақмола және Торғай ойысында (Амангелді торабы). Бүлардағы боксит қоры онша коп емес.
Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Солтүстік Қазакстан облысы Павлодар қаласында ірі Алюминий зауыты бар.

ІІІ-топ.
Мыс кенінің түсі қызғылт болады. Мыс электр тогын жақсы өткізеді. Сондықтан оны теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады. Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазған. Жезқазған кен орны Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады. Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз. Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Шымкент Қорғасын зауыты 1929 ж салынған. 1932 жылы жұмысын бастаған.
Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т.б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі жәнө Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қаскаайғыр т. б.) бар.


 

8. Сергіту сәті -  Көңілді күн
Балалар, 2017 жылы біздің елімізде қандай ауқымды шара өткізіледі?
ЭКСПО көрмесі не үшін керек?


      
Балалардың жауаптары тыңдалады. Дәптермен жұмыс
Әр топ өз топ атауларына сай металдан жасалған заттардың суретін салады.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Эссе жазуға тапсырма беріледі
І-топ – «Мен – темірмін» тақырыбы бойынша эссе жазады.
ІІ-топ – «Мен – алюминиймін» тақырыбы бойынша эссе жазады.
ІІІ-топ – «Мен – мыспын» тақырыбы бойынша эссе жазады.
IV-топ – «Мен – полиметалмын» тақырыбы бойынша эссе жазу

13. Мен сенікін – сен менікін. - Бір-біріміздің эсселерімізбен танысып алайық.
Оқушылар бір-бірінің эсселерін оқиды, ең жақсысын таңдайды. 5 минут
Тестпен жұмыс.


15. Үйге тапсырма. Пайдалы қазбалар туралы мақал-мәтелдер тауып, жинақ дайындау.
16. Рефлексия
Стикерлер таратады, сабақ бойынша ойларын білдіруге ұсынады.
- Бүгінгі сабақта саған жаңалық болған не?
- Болашақ өмірде қолдануға пайдалы білім алдың ба?
- Келесі сабаққа қандай ұсынысың бар?
17. Бағалау
Келісім шартты орындап,
Уәделеріңде тұрдыңдар
Міне, керемет!
Іздедік, таптық
Ойландық, біліп алдық.
Бәрекелді, балалар!
Бәріңе жақсы баға бар
Азамат боп өсіңдер,
Ел байлығын бағалар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз