Бисен Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Хайрлиева Айман Елтаевна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар.
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен таныстыру, осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, жұмыс дәптері, суреттер.
Билингвализм: шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник, тіктөртбұрыш-прямоугольник.
| 
			 Іс-әрекет бөлімдері  | 
			
			 Тәрбиешінің іс-әрекеттері  | 
			
			 Балалардың іс-әрекеттері  | 
		
| 
			 Мотивациялық-қозғаушылық  | 
			
			 Ертеңгілік жиын.    Арайлап таң атты,  | 
			
			 Шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын қайталайды  | 
		
| 
			 Ұйымдастырушы-ізденуші  | 
			
			 - Суретте берілген заттарды ата. - Суреттегі геометриялық фигураларды ата. 
 - Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Фигураларды пішініне қарай орналастыр, түсін тап. №2 тапсырма сызба бойынша жұмыс істеу. Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді. Ойын «сиқырлы суреттер» Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады. 
 Сергіту сәті: Бойың сергісін, тік ұста, №3 тапсырма. Бағдаршам бойынша орындау. Араның жолын сал. №4 тапсырма. Фигураларды дауыстап айтамыз, тауып, бояу  | 
			
			 Кеме, ұшақ, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер. 
 Фигураларды пішініне қарай орналастырады. Түстерін атайды. 
 
 
 Ұқсас фигураларды атайды. 
 
 
 
 
 
 
 Фигуралар арқылы үйдің суретін салады. 
 Қимылмен орындайды. 
 
 
 
 
 Балалар тапсырмаларды орындайды. 
 
 Фигураларды дауыстап айтып, тауып, бояйды.  | 
		
| 
			 Рефлексивті-түзетушілік  | 
			
			 Балалар біз бүгін қандай фигуралармен таныстық? Балаларды мадақтап жұлдызшалар таратады.  | 
			
			 шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш  | 
		
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Заттардан өздеріне таныс фигураларды таба білу;
Игерді: Геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай алу;
Меңгерді: фигураларды басқа пішіндердің арасынан таба білу;
Аружан Кабдолова
Таңғажайып сайт екен тамаша
енді күнде осы сайтқа кіремін
Гүлсара
Тамаша!