Өлең, жыр, ақындар

Көз торларының ангиопатиясы

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
БҚО әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының  
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Галимова Гулжан Бақтиярқызы

 

Көз торларының ангиопатиясы – қан тамырларымен көз капиллярының паталогиялық бұзылысы. Нәтижесінде өзгерістер пайда болады:тамырлардың тарылуы, кеңейеюі, кішіреюі т.с.с. Қан тамырларының жұмысы өзгереді және нерв талшықтырының жүйесі бұзылады. Бұл түрдің патологиялық себебінен болады, бұл қанайналымның ұсақ және үлкен қанатамырларының жұмысын көз торларының айналасын зақымдайды және толықтай немесе жартылай көздің көруінің нашарлауына әкеп соғады. Бұл ауру үлкен адамдарда (35 жастан жоғары) созылмалы аурулардың себебінен, балаларда және шала туылған сәбилерде кездеседі.  

Көз торлары ангиопатиясының себебі немесе белгілері, емдеу жолдары:

Көз торлары көптеген сіңімді элементтермен оттегіні қажет етеді, ол үлкен жұмысты атқарады, жарық толқындарын ұстап алып, оны нерв талшықтарына апарып, әрі қарай миға жеткізеді. Қан айналымының жетіспеушілігінен қөрудің бұзылысы пайда болады. Бұл тек бір ғана ауру емес басқа аурудың салдарынан болатын аурудың түрі.

Көз торлары ангиопатиясының негізгі пайда болу себептері:

▪ Гипертониялық ауру. Жоғары қысым тамырлардың ішкі бетін зақымдап, тамырлар үлкейеді. Қанайналымның жұмысы бұзылады, тромбтардың құрылуына және қанның құйылуына әкеледі. Қысымның жие жоғарылауына байланысты тамырлар жарылады. Гипертониялық ангиопатияның себебі, көздің ішкі тамырларының тартылуымен сипатталады. Гипертониялық ауруында бірінші типтегі ауруларда тамырлардың өзгеруіне, екінші түрінде – көздің жартылай көруіне, үшінші түрінде – көздің тамырларының негізгі өзгерістеріне әкеледі.

▪ Қант дибеті ауруы. Бұл ауру кезінде тамырлардың ішкі бетін ғана емес, жасушаларын, сонымен қатар барлық ағзаның бұзылысына әкеледі. Бұл патологиялық ауру ағзадағы глюкозаның жие көтеріліуінен болады. Бұл окклюзияның пайда болуынан, торларға қан бармауы, капиллярдың өсуіне, тамырлардың өз өлшемінен кішірейюіне және қанайналымының өзгеруіне әкеледі. Дибеттің 1ауруларында 40% жағдайда, 2 түріндегі ауруларында 20% кездеседі. Әдетте ангиопатия аурудың бастапқы кезеңінде пайда болады. Пайда болуының 2 түрі бар: Микроангиопатия және макроангиопатия. Микроангиопатия кезінде капиллярлар зақымданады және кішірейеді, қанайналымының бұзылысына әкеледі. Макроангиопатия кезінде үлкен қантамырларға зақым келеді, окклюзия пайда болады, торлардың гипоксациясына әкеледі.

Бұл аурудың салдарынан бірте–бірте көрудің нашарлауына әкеледі.

▪ Омыртқа (мойын омыртқасы), көз, мидың жарақаттарынан пайда болатын ауру. Бас ми жарақат алған кезде, кеуде жасушаларының, остеохондроздан көздің қысымына әсер етуінен болады. Егер тамырлар қатты күшті көтермейтін болса, онда ол жарылып, қанның құйылуына әкеледі.

 ▪ Гипотония. Артериалды гипотония негізінде, керісінше артерия кеңейеді, қанның келуі баяулайды, тамырлардың созылуымен тромбтардың құрылуын жоғарылатады.

Ангиопатияның қауіптілігіне әкелетін факторлар:

- Ми қантамырлары қысымының жоғарылауынан;

- Жағымсыз әдеттерден (темекі, алкоголь);

- Өте күшті уланулардан;

- Қарттық жаста;

- Остеохондроз;

Жиі кездесетін патологиялар:

▪ Жасөспірімдік ангиопатия. Көз торлары талшықтарының қабыну себептерінен болады. Бұл потологияда көз торларының ұсақ тамырларының қан құйылуына әкеледі. Бұл аурудың өте ауыр түрі, көз торларының қабаттануына, катаракта және глаукоманың немесе көз жанарынан айырылуына әкеп соқтырады.

▪ Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилер. Бұл ауру бұл жаста жие кездесе бермейді, бұл аурудың пайда болуы дүниеге келерде болған жарақаттардан, әртүрлі қиындықтардан пайда болады. Торларының бұзылысына, тамырлардың кішіреюі мен өзгерісіне әкеледі.

▪ Жүкті кезеңіндегі ангиопатия. Бұл ауру ерте кезінде қауіпті болмайды, бірақ асқынып кеткен түрінде қайтпас себептермен қиындықтарға әкеледі. Бұл потология жүктілік кезеңінің екінші жартысында пайда болады, қан қысымының жоғарылауы және басқада аурулардың себебінен тамырдың әлсіздігімен білінеді.

Ангиопатияның себептері:

Көз жанарының көруінің төмендеуі;

көздің бұлдырауы, көз алдында дақтардың пайда болуы;

тамырлардың жарылуының себебінен, коньюктивитте сары дақтар пайда болады.

көз айналасының тартылуы;

Көз торларының ангиопатиясын емдеу жолдары:

Ангиопатияны емдеу әр емделушіге ауруының қиындық деңгейіне, себебіне қарай емдейді. Гипертониялық ауру кезінде – гипотензиялық терапия, қант диабетінде – дәрі–дәрмектер, қандағы қанттың төмендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар бұны емдеу окулист, терапевт, невропотолог дәрігерлерінің бірлесе жұмыстануымен болатын әрекеттер.

Патологиялық үрдіс терапиясы тағыда қасына қосымша әдістерді қосады:

Қанайналымының жұмысын жақсартатын дәрі – дәрмектер: Трентал, Пентоксифилин, Актовегин, Вазонит, Солкосерил, Арбифлекс, Кавинтон;

Тамырларға әсер ететін дәрі – дәрмектер: Добезилит, Пармидин, Гинкго Билоба;

Тромбқа әсер ететін дәрі – дәрмектер: Тромбонет, Лоспирин, Дипиридамол, Магникор;

Дәрумендер терапиясы дәрі ішу жолдарына кіреді: В(В1,В6,В12,В15) С, Р, Е;

Көздің қанайналымын жақсартатын тамшылар: Эмоксипин, Тауфон;

Гипотензивті, қантты төмендетін жағдайлар жасау.Медикаментозды әдістер;

Физиотерапиялық құрылғылар: лазерлі сәулелер, магниторезонансты терапия, иглофлексотерапия;

Халық медицинасы шөптерден тұнбалар дайындауды: түймедақ, шайқурай, долана, мыңжылдық;

Егерде күтілген нәтижеге жетпесеңіз, ауру әрі қарай асқына берсе, оны жою үшін хирургиялық әдіспен емдеу керек. Лазерлі коагуляция, витректолия, фотокоагуляция. Гемодиализдің көмегімен қанды тазалау жолымен емдеуді ұсынады.

Қазіргі әдістер арқылы аурудың бірден бәрін жою мүмкін емес, тек дер кезінде маманға бару, аурудың алдын–алудағы диагностика, оны бірінші алдын–алу, негізгі ауруды дұрыс емдеу жолдары–жақсы болжамдар мен аурудан толығымен емделудің кепілі.


Пікірлер (2)

Бибігул

Менің қабағыма сары дақ пайда болды калай кетіруге болат

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер