Өлең, жыр, ақындар

Жыл мезгілдері. Е.Елубаев

Күні:17.04.2015ж.

Пәні:  әдебиеттік оқу

Сынып: 4 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды  Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңімен таныстыру,   мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету;

Сабактын міндеттері:

Білімділік: Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуда сыни ойлауға жетелеу, жыл мезгілдеріне байланысты  «туады, шығады, түседі, келеді» сөздерінің мағынасын ашу;  әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері мен ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлауын дамыту;

Тәрбиелік: Ынтымақтаса отырып топта жұмыс істеуге, ізденуге тәрбиелеу; табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

Сабақтың типі:

Аралас

Әдіс-тәсілдері:

«Өрмекшінің торы», «Әдеби үйірме»,  «Тілші», «Синквейн»

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Жұмыс формасы:

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Оқудың нәтижелері:

Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» өлеңімен танысып негізгі түйінді ойын ашады;   Әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері мен ерекшеліктері жайлы біледі;

 Жыл мезгілдеріне байланысты «туады, шығады, түседі, келеді» сөздерінің мағынасын ашады;

Сабақтық құрал-жабдықтары:

маркерлер, A3 форматты  қағаздар, интербелсенді тақта, бейнеролик, стикерлер

Көрнекілігі:

Жыл мезгіліне байланысты суреттер, үлестірмелі материалдар, бағалау смайликтері, жапырақтар, қар ұлпалары, жемістер, гүлдер

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

 І. Білу

 

 

10 мин

1мин

2мин

 

 

 

 

 

7мин

 

1. Сабаққа жағымды психологиялық ахуал туғызу

2.  Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөліну, топ басшысын сайлау

Өлеңдерді мәнерлеп оқу

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.  

Нан туралы өлең. К.Сауғабаев. Смайликтермен бағалау.

Өткен тақырып бойынша қорытынды

шығарту. 

-Қалай ойлайсыңдар, нансыз тіршілік бар ма? Сенің ой қорытындың?

О,адамдар! Бір дән жатса жолда,

Ұлылықпен еңкейіңдер! –дегендей, ас атасы нанға құрметпен қараңдар.

Өйткені дән –әніміз, дән – нәріміз, дән – сәніміз

«Галереяны шарлау»

Оқушылар жасаған буклеттерін тамашалайды

1. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді

2. Өлең жолдарын құрастырады, қыс, көктем, жаз, күз болып төрт топқа бөлінеді

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, өлеңді жалғастыра отырып, жатқа айтады

 

Өз ойларын айтып өткен сабақты қорытындылайды

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жасаған буклеттерін тамашалайды, пікірлерін білдіреді

 Өлең жолдары жазылған қима қағаздар

 

 

 

 

Жіп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буклеттер

ІІ. Түсіну

 

10 мин

1мин

Ал бидай дәнін біз қай мезгілде егеміз?

Әрине көктем мезгілінде. Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз мезгілдері.

Жаңа тақырыпты жариялатамын.

Сабақ мақсатын анықтатамын.

Сұрақтарға жауап береді

Кіріспе сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.

Сабақтың мақсатын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2мин

 

 

1мин

 

1мин

Онда бүгін өтетін тақырыбымыз Е.Елубаевтың «Жыл мезгілдері» өлеңі.

Жыл мезгілдері неге өзгереді? Неліктен олар ауысып отырады?

Мұғалімнің кіріспе сөзі

 Әр топқа өз аттарын қорғауды тапсырамын.  Топтық жұмыс

Қыс, көктем, жаз, күз сөздеріне  ассоциация құрастыру

 Мысалы:1 топ

Суық      аяз    боран

 

 

  қар        Қыс    мұз

 

қырау      қалың киім

-Ал, енді балалар халық неге көктемді туады дейді?

Жазды неге шығады дейді?

Күзді неге түсті деп айтады?

Ал, қысты не келді дейді? Осы сұрақтарға жауапты бүгінгі өлеңнен табатын боламыз.

Үнтаспадан өлең тыңдалады.

-Өлең сендерге ұнадыма?

Авторы кім екен? Автор туралы есіткендеріміз бар ма? Олай болса бүгінгі өлеңнің авторымен танысып кетейік.

Дәптермен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

Ақырап-қазан айының ескіше аты             

  

 

 

Өз топтарының атын қорғау үшін басты ұғымға қатысты идеяларды А3 форматты қағазға суреттеп түсіреді,тұжырымдамалық карталарын

топпен қорғайды

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспадан өлеңді мұқият тыңдап, мағынасын түсінеді

Дарынды оқушы дайындап келген слайды бойынша автор туралы мәлімет береді

Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қояды.

Сөздіктің мағынасын түсініп жазады

 

 

 

А3 форматтағы қағаздар, маркерлер

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспа

ІІІ. Қолдану

 

 

10 мин

 

 

Сергіту сәті

«Әдеби үйірме»  стратегиясы  арқылы топта ролдерді бөліп алу.

Өлеңді өз бетінше оқу, жан-жақты зерттеу, талқылау.

Әр топта  жұмыс жүргізіледі

2 оқушы– Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды

 1 оқушы – Баяндап беруші. Өлеңнің  мазмұнын қара сөзбен баяндайды

 2 оқушы – Бейнелеуші-суретшілер

Өлең мазмұны бойынша сурет салады

Сонымен өлең не туралы екен?

 

Өлеңді әр топ өздеріне тиісті шумақтарын мәнерлеп оқиды, мазмұнын қара сөзбен баяндайды, өлең желісі бойынша сурет салады

 

Тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар

 

ІV. Талдау

 

5мин

Бейнеролик көрсету

Бейнеролик сюжеті бойынша жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін талдау

Бейнеролик сюжеті бойынша алған әсерлерін, өз ойларын айтады

Интербелсенді тақта

     

 V.Жинақтау

5мин

Шығармашылық тапсырма:

Көктем тобы - жылдың 4 мезгіліне бес жолды өлең құрастыру

Жаз  тобы – «Менің сүйікті мезгілім» тақырыбына эссе жазу

Күз  тобы - Мақал-мәтелдер жазу

Қыс тобы – Жұмбақтар жасыру

Тапсырманы шығармашылықпен орындайды

   

 VI. Бағалау

 

 

Кері байланыс

3 мин

«Тілші» әдісі арқылы өтілген сабақ бекітіліп, қорытындыланады.

-Егер табиғатта жыл мезгілдері ауыспаса не болар еді?

-Тек қана қыс немесе көктем, жаз немесе күз болып тұрса қалай болар еді?

Тілшінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өз ойларын, пікірлерін айтады

 

Смайликтер

Үй тапсырмасын беру

2 мин

257-258 беттегі өлеңнің өзіне ұнаған шумағын жаттау

Жыл мезгілдері туралы ертегі, аңыз әңгімелер іздеу

Күнделіктеріне жазып алады.

Берілген тақырып бойынша шығарма жазады

 


 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз