Күні: 9 сәуір 2014 жыл
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Жаз.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Ойын элементтері кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндіру әдісі, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, бейнероликтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Әрбір оқушы бір – біріне бүгінгі сабаққа деген жақсы тілектері мен лебіздерін жеткізеді.
- Жарайсыңдар, балалар. Дәл осындай керемет көңіл–күймен мына себеттегі алмалардан барлығыңыз үлестіріп алыңыздар!
Жеміс – жидек себетіне салынған жемістерді балалар өз қалаулары бойынша үлестіріп алу.
Себетке сары, қызыл, жасыл алмалар салынады.
1 – топ. Жасыл алма
2 – топ. Қызыл алма
3 – топ. Сары алма
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Жаз мезгілін сипаттайтын, суреттейтін бейнебаян көрсетіледі.
Оқушылармен пікір алмасу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі сабағымызда «Жаз» мезгілі туралы болмақ. Бүгінгі жаңа сабағымызда ұлы Абай атамыздың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдерінің бірі «Жаз» өлеңімен танысамыз.
Абай Құнанбаев кім?
Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т.б. өлеңдері бар.
Абай
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап ...
Арасында құлын – тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары – төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап ...
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс
Күркіреп – өзеннің ағып жатқандағы дыбысы.
Шұрқырап – кісінейді. Жылқының оқырана кісінеуі.
Шалғын – жайылым немесе қалың шөп.
Жоны – арқасы ту сырты, жотасы.
Ыңқылдап – тойынғанның белгісі. Бүйірі шығып тоюы.
1 - тапсырма.
1 - топ. Түсіндіруші топ. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
2 - топ. Белгілеуші топ. Өлеңнің желісі бойынша желісі бойынша 3-4 сұрақ қояды.
3 - топ. Қорытындылаушы. Өлеңнің желісі бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
2 – тапсырма.
Балалар жаз мезгілін Абай атамыздың суреттегеніндей емес өз ойларыңызша, қиялдарыңызша сипаттап көріңіздер.
Сергіту сәті.
3 – тапсырма.
1 - топ. Жаз мезгіліне байланысты мақал – мәтел айтады.
2 - топ. Жаз мезгілі. Эссе жазу.
3 - топ. Жаз.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау.
«Дана ағашы» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.
Қане, балалар біз бүгінгі сабақтың ұнаған тұстарын, ұнамаған тұстарын, алдағы уақытта не білгілерің келетіндерін, не білгендеріңді алдарыңыздағы алмаға жазып, мына жердегі дана алма ағашына іліңіздер. Мен алдағы уақытта сендердің ойларыңды ескеретін боламын.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттап келу.
2. Жаз мезгіліне сипаттама жазып келу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі