"Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектеп" МКМ-сінің
Технология пәні мұғалімі: Әлім Гүлжазира
Сабақтың тақырыбы: «Қыздың шебер боларын, бармағынан танырсың»
Сабақтың мақсаты:
1. Технология пәнінен үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. Жас ұрпаққа ата-баба дәстүрі, әдет-ғұрып туралы мағлұмат беру.
2. Еңбек туралы ой-өрісін дамытып, өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу және іскерліктерін арттыру. Оқушылардың танымдық, жеке шығармашылық икемділігін дамыту.
3. Эстетикалық талғамын ұштап, өнерге, шығармашылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, кеспе қағаздар, сайыс тапсырмалары, слайд.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 6 - сынып қыздарының қатысуымен өтетін «Қыздың шебер боларын, бармағынан танырсың» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыс сабағымыздың барысымен таныстырып өтейін.
1. «Атымда менің сырым бар»
2. Үй тапсырмасы.
3. «Ою ойғанның ойы озық»
4. «Әрі дәмді, әрі тез»
5. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
6. «Бой сергіту»
7. «Қалтадан шыққан сый»
8. Қорытындылау.
Енді, сайыс сабағымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырайын.
1. Мәдібек Г - директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары
2. Сыздықова Н Педагог - ұйымдастырушы
3. Нысанбекова А - Технология пәні мұғалімі
Ендігі сөз кезегін сайыс сабақты ары қарай жүргізу үшін сыныптағы үздік оқушымыз Мәден Бегасылға беремін.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
Гүл өсірсең терлеп, мұның аты – еңбек,
Кесте тіксең зерлеп, мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп, әзірленсең – еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек – дей келе, сайысқа қатысушы қыздар тобымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Олар:
«Гүлдер – ай» тобы.
Ұраны:
Біз «Гүлдер –ай» қыздарымыз жалынды,
Қазақ елінің қыздарымыз дарынды.
Елімізді сүйеміз, жерімізді сүйеміз,
Отанымызға әрқашан басымызды иеміз.
«Арулар» тобы.
Ұраны:
Біз «Арулар» топтың аты дегенде,
Гүл жайнаймыз сайысуға келгенде.
«Арулар» тобының арулары біз боламыз,
Біз жұлдызбыз жарқыраған көктемде.
Сайысымыздың I – кезеңі «Атымда менің сырым бар» (екі топ өздерін таныстырады).
Әділ–қазылар алқасы бағасын беру.
Жүргізуші:
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер » деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын –
II – кезең бойынша үй тапсырмасы (қолөнер жұмысын қорғау)
Әділ–қазылар алқасы бағасын беру.
Жүргізуші:
Ою керек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.
Сайысымыздың III – кезеңі. «Ою – ойғанның ойы озық» (ою ойып шығару)
Ас көңілдің ажары деген күнім,
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер,
Дайындаған әртүрлі дәмнің түрін.
IV – кезең бойынша «Әрі дәмді, әрі тез» (жылдам жеңіл тағам даярлау)
Екі кезеңге бір уақыт.
Әділ–қазылар алқасы III - кезеңнің және IV - кезеңнің бағаларын жеке–жеке беру.
Жүргізуші:
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан алла берсін берекесін.
Өнерін ортаға сап өскен өркен,
Мақал–мәтел айтысып, сөз сайыссын.
V – кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр» кезеңінде екі топ бір–бірден кезектесіп, мақал–мәтел айтысады.
Әділ–қазылар алқасы бағасын беру.
Жүргізуші:
Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ–жауап сайысында,
Сыналар білімі мен парасаты дей отырып, келесі «Бой сергіту» кезеңінде ілулі тұрған шарды дәлдеп, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ–жауаптар.
1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңыздар. (қазы, қарта, жал–жая, ет, шұжық)
2. Ұлттық сүт өнімдерін атаңыздар. (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
3. Ұлттық киімдер түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
4. Ұлттық ұн тағамдарын атаңыздар. (бауырсақ, шелпек, кеспе нан)
5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
6. Зергерлік бұйымдарды атаңыздар (алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
7. Қол тігіс түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
8. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
9. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды? (шалбар, белдемше, шорты)
10. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған? (жүн, тері)
Әділ–қазылар алқасы бағасын беру.
Жүргізуші:
Өнер, білім негізінен,
Өтеді енді сұрақтар.
Мазалайтын, ойланатын,
Қойылады сұрақтар.
«Қалтадан шыққан сый» полиглот сайысы.
Ұяшықтағы суреттердің атын қазақша, орысша, ағылшынша нұсқада айтады.
1. қайшы
2. жіп
3. мата
4. ыдыс
5. қол
6. киім
Әділ–қазылар алқасы бағасын беру.
III. Қорытындылау
Жүргізуші:
Көгере бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Барына риза болсын көрермендер,
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ .
Байқауда білгенді де, білмегенді,
Тағы да үйренерміз аман болсақ .
Мұғалім: Бүгінгі сайыс сабағымызда көп нәрсені үйрендік. Шеберлікке шек қойылмайды. Білімдерімізді жетілдіруге, үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені.
IV. Оқушыларды мадақтау.
Арке
Рахмет