Павлодар облысы, Ертіс ауданы
Ынтымақ негізгі мектебінің
техноголия пәнінің мұғалімі
Ахметжанова Гүлнар Қайдарқызы
Атадан қалған қолөнер
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға құрақ құрау туралы мәлімет беру;
2. Ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды жаңарту;
3. Шеберлікке, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас, дамыту, сарамандық және теориялық.
Көрнекілігі: Маталар, маталар қиындылары, ине-жіп, картон қағаз, бор, қайшы.
1.Сабақтың барысы:
/Ұйымдастыру кезеңі, амандасу, оқушыларды түгендеу/.
2. Өткен сабақты еске түсіру үшін үй тапсырмасына байланысты оқушыларға сұрақтар.
1. Құрақ құрау үшін не қажет?
Күтілетін жауаптар: шыдамдылық, төзімділік,жауапкершілік.
2. Құрақтың қандай түрлерін білеміз?
Күтілетін жауаптар: «Сегіз жапырақ», «Алты жапырақ», «Жұлдызша», «Ромб», «Аққу» т.б.
3. Жерге төселетін жүн жасалған қалың төсеніш?
Күтілетін жауаптар: Сырмақ, алаша, кілем.
3. Жаңа сабақ. Ал, енді балалар өткенді қайталап есімізге түсірдік. Қолөнер – қазақтың көнеден келе жатқан кәсібі. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр. Қолөнердің бір түрі құрақ құрау. Үйдің көркі шүберек дегендей осы шүберектен құрақ құрау.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1. Мата қиындыларын іске жарату;
2. Матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, бір бұйым шығару. Құрақ құрауға қойылатын талап мынадай: мата қиындыларының симметриялы болуы және түстерінің үйлесімі.
4. Сөзжұмбақ.
|
|
|
|
Қ |
А |
Й |
Ш |
Ы |
|
|||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
|
Ұ |
Я |
|
|
|||||||
Б |
И |
С |
Е |
Р |
|
|||||||
|
Б |
А |
С |
Т |
Ы |
Р |
А |
|||||
Қ |
Ұ |
Р |
А |
Қ |
|
1. Тігіншінің құралы.
2. Құстардың мекендейтін жері.
3. Ұсақ моншақтар.
4. Машина тігісінің түрі.
5. Геометриялық фигуралардан түратын төсеніш.
5. Сарамандық жұмыс.
«Сегіз жапырақ» құрағы. Ол үшін бізге қажет заттар: 4 түрлі кәде /мата қиындысы/. Астарына 0,5 немесе 1 метр мата керек болады.
6. Технологиялық карта.
№ |
Жұмыстың орындалуы |
Қажетті заттар |
1 |
Маталарды дайындау |
мата қиындылары |
2 |
Үлгіні қағазға түсіру |
картон қағаз, қайшы |
3 |
Құрақ жапырақшаларын дайындап, қию |
үлгі, бор, қайшы. |
4 |
Бір-біріне көктеу, тігу |
тігін машинасы, ине-жіп |
5 |
Құрақ көрпенің астарын дайындау |
қайшы, бор |
6 |
Бұйымды мақта, параллон салып көктеу, сыру, аяқтау |
мақта, параллон, ине-жіп |
7. Қорытынды. Сабақты қорытындылай келсек, кестені толтырайық.
Не білдім? |
Нені білгім келеді? |
|
|
8. Үйге тапсырма. Құрақ құрастыруға байланысты ребус, сөзжұмбақ жасап келу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі