Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл-төбе елді мекені
№2 орта мектебі
Утегенова Жибек Жаналиевна
Технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Нанның тағамдық құнарлығы. Бутербродтар жасау, шай даярлау» (5 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құнарлығын білуге, нанның құнарлығын айту. Бутребродтар жасау шай даярлау туралы оқушыға түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқанды әзірлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, сурет, журналдар, қажетті құрал-жабдықтары, т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатынасын анықтау.
- Сабаққа дайындалу.
2. Бутербродтар жеу алдында ғана дайындалуы тиіс. Бутербродтар құрамындағы азықтар жасау барысында балғын (свежий) болуы тиіс. Нан үзімдерінің қалыңдығы 0,9-1 см болуы тиіс. Нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет. Бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс. Бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-8 °С мөлшерінде 3 сағ аспаған жөн көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Нан, ешкі-көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнаулы тақтайшалар пайдаланылады. Бутербродтардың түрлері: салқын (жылусыз өңдеу) ыстық (жылумен өңдеу). Ашық қарапайым (бір азық түрімен) жабық салқынды екі тілім нан ортасына орналасады. Бутербродтардағы нан тілімдерінің қалыңдығы 10-15 мм. Нан тілімдері бір қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая салынған бутербродтар дайындайды. Шұжық және балық өнімдерін орама қабығынан тазарту үшін пышақтар пайдаланады. Дайындау кезінде нанды ромбиктер, дөңгелекшелер, үшбұрыштар түрінде турайды.
Сабақты бекіту. Нанның тағамдық құнарлығы. Бутербродтар жасау туралы нені үйрендіңдер ?
Үйге тапсырма: Бутербродтар жасау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі