Рахимгалиева Айкерім Мирасовна
ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектебі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тексерілді:
Сабақ жоспары
Пән: «Қазақ әдебиеті» Сынып: 5 Мерзімі: 15.09.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында кең ақпарат беру. Кең тынысты поэзиясының ауқымын көресете білу. Ол жайында еркін тілдесе білуге жетелеу. Лирика жайында түсінік беру.
Дамытушылық: түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылардың ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын арттыруға тырысу.
Тәрбиелік: топтық жұмыстар жасау арқылы оқушыларды адами ізгі қасиеттерге жетелеу. Оқушыларды бірін-бірі сыйлауға дағдыландыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Сабақтың типі: ойын сабағы (сайыс сабағы)
Әдіс-тәсілдер: ойын технологиясына негізделген сабақ (кейбір элементтері) қызығушылықты ояту, миға шабуыл (дельфи әдісі), танымдық бағыттағы сауалдар қою, ассоциациялық таным т.б.
Көрнекіліктер: бүктеме қағаз, смайликтер, флипчартқа арналған қағаз қиындылары, 5 сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2015 жыл, 224 бет.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері т.б.
Сабақ барысы:
Кезең Уақыты |
Жұмыс мазмұны |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Әдіс-тәсіл
|
|
Ойынды дайындау |
- Сценариін дайындау: Сабақта оқушыларға бүгінгі сабақтың өтілу формасы жайында сөз қозғау. Басты бағыт-бағдар беру. Үй тапсырмасын тексеру: Абай өлеңін жаттау. - Жоспар кұру: Моделінің қысқаша сипаттамасын беру. - Жалпы сипаттау: Ауызша сипаттама. Ойын ережесін айта кету. - Мазмұнын меңгеру: 121-122 беттегі мәтінді іштей оқу жұмысы. Сөздікпен жұмыс жасау. - Материалмен қамтамасыз ету: Смайликтер мен флипчартқа арналған қағаз қиындысын тарату. |
Бағыт және ақпарат беруші |
Қабылдау, түйсіну.
Ақпаратты өз бетімен және ұжымдық түрде меңгеру.
Талқылау, анализ жасау. |
Қызығушылықты ояту
Танымдық сауалдар қою |
|
Ойынға кіріспе
|
- Проблемалық мақсат қою: Өлеңді меңгеру. «Кел, балалар, оқылық» өлеңімен салыстыру. - Шарттарын білу: Ойын шартын түсіну. - Топ кұру: «жылдар, жылдар» ойыны арқылы топқа бөліну. - Рольдерді бөлісу: Топтағы әр баланың функиясын анықтау. - Регламент белгілеу: Берілген уақыттан аспау. - Жалпы түсінік беру; - Тиісті консультация беру: Мұғалімнің көмегі. |
Ойын шарттарын түсіндіреді.
Топқа бөледі.
Регламенттін орындалуын қадағалдайды |
Ізденімпаздық бағытта жылжып отырады |
Талдау, ассоциациялық таным |
|
Ойынды жүргізу кезеңі
|
1. Топтық жұмыс: «Кім жылдам?» А) 1 топ: А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарына пайдаланады. 2 топ: Жоғарыда берілген мәтіннен «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар. Б) «Тапқырлар» сайысы 124 беттегі сауалдарға жауап іздеу. В) Екі өлеңді салыстыру. Виенн-диаграмма толтыру. 2. Топ аралық жұмыс, пікірталас: Атқарылған жұмысқа баға беру. 3. Талдау және қорытындылау кезеңі. Ойынға қорытынды жасау; |
Бағыт-бағдар беру.
Түзету жұмыстарын жүргізу.
Бақылау, талдау |
Топпен жұмыс жасау
Материалды өз бетімен меңгеру
Талдау
Ой қорыту |
Сайыс
Талдау
Виенн диаграмма толтыру
Т-кестесін толтыру
Инсерт кестесін толтыру
Смайлик тудыру |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі