Астана қаласы
№ 35 мектеп-лицейі
Бадекова Ережеп Кокушовна
Пән аты: Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз. Несіпбек Айтов
Мақсаты:
1. Ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау.
2. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, тақырыпты байланыстыруға жағдай туғызу.
3. Шешендік сөздерге мән бере отырып, оқушыларды ұлттық дістүрде тәрбиелеуге, әсемдікті түсінуге жетелеу.
Көрнекілігі: ақынның портреті, интерактивті тақта, мақалдар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа назарларын аудару. Дайындықтарын қарап шығу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Ескен Елубаев «Жыл мезгілдері». Оқушылар өз таңдаулары бойынша топтасып отырады.
1) Әр топ өздерінің таңдап алған жыл мезгілдерінің айларын айтады. Әр топ бір-біріне жыл мезгілдеріндегі өзгерістер жайында сұрақ қояды. Әр топ сұрақтарға жауап айтады.
1-топ. Көктем: Наурыз, сәуір, мамыр.
2-топ. Жаз: маусым, шілде, тамыз.
3-топ. Күз: қыркүйек, қазан, қараша.
4-топ. Қыс: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
2) Жыл мезгілдеріне салған суреттері бойынша әңгімелеу.
1-топ. Көктем.
2-топ. Жаз.
3-топ. Күз.
4-топ. Қыс.
3) Әр жыл мезгіліне тиісті аталып өтетін мерекелер бойынша әңгімелету.
1-топ. Көктем. «Наурыз»
2-топ. Жаз. «Астана күні»
3-топ. Күз. «Білім күні»
4-топ. Қыс. «Жаңа жыл» мерекесі.
4) Жыл мезгілдеріне байланысты мақал-мәтел, нақыл сөздер.
5) Ойын «Орамал тастамақ»
Әр топтың оқушысы жыл мезгілдеріне байланысты мақал айтып,келесі топтағы бір оқушыға орамалды лақтырады, орамал алған оқушы өзі бір мақал айтып келесі оқушыға лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.
III. Қызығушылықты ояту.
Балалар бұл біздің айтқандарымыз ауыз әдебиетінің қайсысына жатады?
- Халық ауыз әдебиетіне.
- Ендеше тақтаға қарайық.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
- Бұл халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
Шешендік сөз, оның ішінде Бата.
- Дұрыс бұл Төле бидің Жетес шешенге берген батасы. Ендеше бүгінгі біздің өтетін Нүсіпбек Айтовтың «Алтын сөз» өлеңінің батаға не қатысы бар екен оқып көрейік.
Авторы туралы еске түсіріледі.
Бір оқушы оқиды.
IV. Мағынаны тану.
Оқу түрлерін көрсету.
1) Іштей оқу.
2) Шумақ бойынша оқу.
3) Тауып оқу.
4) Мәнерлеп оқу.
Сұрақтарға жауап:
1. Бата дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2.Батаның қандай түрлері бар?
3.Батаның түрлеріне түсінік бер.
а) Ақ бата.
ә) Теріс бата.
б) Сақтық батасы.
в) Серттесу батасы.
4) Батаны кімдер береді?
Көрініс көрсету. Жетес шешенге Төле бидің берген батасы.
Дәптермен жұмыс.
Әр топ оқулықтағы өздеріне тиісті берілген сұрақтар бойынша өлеңнен жауаптарын тауып сол шумақты дәптерге көшіру.
V. Ойтолғау
Сонымен «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» дегендей бата халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтаған абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің жүгін көтерген азаматтарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, өмірлік жолдамасы.
Көп жасаған - қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр- дей келе келесі кезекті ойын түрінде жалғастырамыз.
«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Әр топтан бір оқушы бір мақалдың бірінші жартысын бастайды, екінші топтан бір бала жалғасын айтады.
Сонымен балалар,
Атам кітап, мен дәптер,
Ақыл толы сөзіне.
Қызығамын да әлбетте,
Көшіремін өзіме.-дей келе сабаүымыздың соңында «Бала тілегі» әнімен аяқтайық.
VI. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу, өздері бата түрлерін жаттап келу.
VI. Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі