Тақырыбы: тәуелсіздік тұғырым
Оқу іс-әрекеттің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекеттің барысы:Балалар біз бүгін
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда
Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан Республикасында 2017жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өткелі жатыр.Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды. .Есік қағылады.
Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (Қазақстан мемлекетінң Туы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күнмен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Балауса: Егеменді елдің біздер,
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан бастаймыз.
Жания: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата аі
Інжу: Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Перизат:: Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Серікжан: Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең,ақылшың.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Бақдәулет: Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Жасмин: Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Ержігіт: Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
Нұржан: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Серігіту жаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Ардақ: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 25 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Ержігіт: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Серікжан: Өз елім- өлең төсегім.
Ислам: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Айым: Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді, балалар «Көгершін» деген әнді айтайық.
Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Би «Тәуелсіз елім»
Ислам: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Ардақ: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,
Шет елдерге болмаймыз біз берешек
Екі мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз.
Нұрбақыт: Арқасына күнді алып,
Қыранымыз самғап жүр
Көк туымыз желбіреп,
Жер мен көкті жалғап тұр.
Аслан: Әділдік жеңіп соңында.
Тәуелсіз болды еліміз
Татулықпен бірлікпен,
Гүлдей бер, туған жеріміз.
Сезім: Тәуелсіздік келді деп,
Оралды қайта салтымыз
Баянды болғай енді тек
Бақытты біздің халқымыз.
Кәусар: Отаным, Қазақстаным,
Жұмбағым Қазақстаным
Сен менің желеп-жебеушім,
Тәуелсіз Қазақстаным!
Салтанат: Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
Ерсұлтан: Көк туымда-күш жігерім,
Көк туымда ар намысым
Үміт артар ұшқын едім
Бағымның да жанғаны шын
Айым: Өзіңдікі туыңда
Отпен ауа суыңда
Заңғар: Отан туған үйіміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Інжу: Елімнің атын айтсам Қазақстан
Жерімнің атын айтсам Қазақстан
Қайнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам Қазақстан.
Асылзат: Қазақстан-республикам мақтанышым
Мен сені жырламаймын, мақтан үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.
Асем
Оте керемет уйымдастырылган