Өлең, жыр, ақындар

Жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Алматы қаласы, Каспий қоғамдық университеті
«Әділет» колледжінің арнайы пән оқытушысы
Отайқызы Анаргүл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеуге даярлау, танымдық білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Болашаққа тура жолға тәрбиелеу, білім алушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу;
Дамытушылық: Болашақ мамандығын ұйренуге, гуманитарлық және техникалық пәндерге білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ашыу, тарихи зияттылық қасиеттерін нығайту;

Сабақтың тәрбиелік бағыты: патриоттық, рухани–адамгершілік және эстетикалық тәрбие.

Тәрбие сағатының әдісі:  іздену, әңгімелеу

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Сабақ барысы:

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген.

Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеді. Яғни индустриялдық кезеңнен ақпараттық кезеңге өту қажет.

Қоғамды информациялау дегеніміз – бұл глобальді процесс ерекшелігі:  Әлеуметтік өндіріс саласында басты роль ақпаратта. Яғни ақпаратты әртүрлі жинау,сұрыптау, өңдеу, сақтау т.с.с. есептеуіш  техникалармен құрылғылар арқылы.

Қоғамды информатизациялаудың ең өзекті мәселесінің бірі ол білімді информатизациялау, яғни оқыту білім беру сапасына жаңа ақпараттық технологияларды ендіру. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында дербес компьютерлер білім беруде бөлінбес технологияға айналыпта үлгерді.

Осы жайттарды ескеретін болсақ, онда қазіргі таңда білім беру сапасында жаңа ақпараттың техналогиясыменен жұмыс істей алатын мұғалімді дайындау мәселесі шығып отыр. Мұғалімдерге қойылар талапта жоғарылап отыр, өйткені олар әр түрлі программаны игерген, жаңа техналогияның деңгейін  білетін дербес компьютермен бағдарламаларды өздерінің педагогикалық  тәжірибесіне ұтымды пайдалануды білу керек.

Ақпаратты жетік меңгерген мұғалім қолында компьютер  күшті қару бола алады.

Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеуді жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар:

Бірінші фактор – ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді қамтамасыз ету;

Екінші фактор – жалпылама математикалық, ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен;

Үшінші фактор – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын, білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.

Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әр түрлі педагогикалық міндеттерді шешу үшін мультимедиялы электронды оқулықтар базасында ақпараттық технологияны пайдалану және оны жасаумен байланысты мәселелерді шешетін педагогикалық-психологиялық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-технологиялық деңгейде қарастырылады.

Білім беру үдерісіне ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясын енгізу арқылы зерттеу және тәжірибе жүргізетін мәселелердің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті ақпараттық технологияларды құру концепциясын жасауды талап етеді.

Зерттеудің ең ұтымды тәсілдерінің бірі ол модельдеу. Модель ұғымын көп ретте «бітім» ретінде түсіндіріледі, яғни шынайы өмірдегі объектімен көп ұқсастығы бар (мысалға түр әлпеті, тусі т.с.с). Бітімдер, модельдер шынайы өмірдегі зат қолда болмаған кезде онын орнын алмастыруда қолданылады. Модельдерді білім беру кезінде көп пайданаланады. Сонымен қорыта келгенде модель дегеніміз – шынайы өмірдегі затты алмастыра алатын материалды немесе ойдағы бір объект.

Модель болу үшін мына шарттарды қанағаттандыруы қажет:

- модель бұл өзі де объект болып саналады;
- модель материалды түрде де ойша түрде де бола алады;
- модель шынайы өмірдегі затты алмастыра алады;
- модель шынайы өмірдегі заттың қасиетін сақтау керек, айтпесе ол басқа заттын моделі;
- модель зерттеуге қажет қана қасиеттерін сақтай алса болғаны. 

Компьютерлік модельдеу біздің өмірімізге дәл қазіргідей толығымен еніп, үлкен маңызға ие болады дегенді, кеше ғана елестету қиын еді. Соңғы он жылдағы технологияның қарқынды дамуы компьютерлік технологияның  және оны бағдарламалық қамтамасыз ету саласының тез дамуына ықпал етті. Қазіргі өлшемдер бойынша маңызды емес болып көрінген арнайы эффектілер көмегімен құрылған фильмдер эпизоды, кезінде таңданыс толқыны мен пікірталас тудырғаны белгілі. Қазір кино мен теледидардағы арнайы эффектілермен ешкімді таңдандыра алмайсың. Олар компьютерлік графиканы және соның ішінде үш өлшемді модельдеуді құру бағдарламасның жалпылай тарауының арқасында күнделікті құбылыс бола бастады.

1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі.

Қорытынды: Жастардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т. б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз